Оқытушының зерттеушілік жұмысының бағыттары.
Оқытушының зерттеушілік жұмысының бағыттары.
«Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжі
Психология пәнінің оқытушысы: З.Ж.Адильбекова
Жоспар:
Кіріспе
І. Зерттеушілік жұмыс туралы түсінік.
ІІ. Ғылыми танымның зерттеушілік жұмыстағы маңызы.
ІІІ. Зерттеу жұмысының түрлері, оған сипаттама
Кіріспе
Әрбір ізденуші өзінің дербес дамып жетілуі үшін зерттеу әдістерін қарастырып, әрбір құбылыстың, мәселенің ерекшеліктеріне сәйкес қолданып отырады.
Алдымен ғылыми−зерттеу жұмыстары туралы сөз болмас бұрын ғ ы л ы м дегенімізге толығырақ шолу жасағанымыз дұрыс болар. Ғылым түсінігіне әдебиеттерде түрлі анықтамалар, түсініктемелер берілген. Ғылым −объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын−ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары түрі /7, 253/. «Ғылым − ақиқаттағы тәжірибемен тексерілетін және дәлелденетін қоршаған орта жөнінде тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын адам білімінің логикалық жүйесі…» /5,30/. Сонымен, ғылымды ерекше тану процесі деп айта аламыз. Ғылым − қоршаған орта туралы ақиқат білім жинау және теориялық жүйеге келтіру болып саналатын зерттеу қызметінің бір саласы. Тарихи тұрғыда ғылым адамзат дамуының белгілі бір сатысында, тікелей қажеттіліктердің қосылысынан құрылған. Осының негізінде ғылымтану теориясы келіп шығады.
Ғылымтану − ғылымның тануын және қызмет ету заңдылықтарын қарастыратын зерттеу саласы. Ғылыми қызметтің құрылымын және динамикасын, ғылымның басқа қоғамдық институттармен, қоғамдық рухани және материалдық салаларымен қарым−қатынасын зерттейді. /5, 29−30/. Ғылым теориясына толығырақ түсінік беретін болсақ, оның зерттеу әдістерінің ерекшеліктеріне де тоқталу керек болады. Ғылым әдістерінің өзіндік ерекшеліктері − танымның сыналған әдістері арқылы объективті ақиқатқа жетудің мақсаттылығын сипаттайтын білім формасы. Танымның сыналған әдістерінің ақиқаттылығы, ғылыми таным нәтижелерінің дәлдігі сияқты, практика, адамдардың іс−тәжірибесінде зерттеліп, дәлелденген құбылыс немесе зат, белгілі бір жүйе т.с.с. /7.26/ Әль−Фарабидің «Ғылымдар классификациясы» атты еңбегінде ғылымдарды ол төмендегіше жіктеген: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика, яғни арифметика; 4) физика тараулары, метофизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары заң ғылымы /7/.
Ғылым дамуының заңдылықтарына, сипатына қарай ғылым логикасы саласының өзіндік ерекшелігі бар. Ғылым логикасы − ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философиялық ғылымның бір саласы. /7,455/. Ғылым, ғылыми теория өзінің зерттйтін затын ұғым мен ой формаларына бейнелейді. Соның арқасында ғылым берілген пән саласында ой−өрісінің барысын, ережелерін анықтайды. Осыған орай әрбір ғылымның өзіндік логикасы бар деуге болады. Олай болса, ғылымды логикалық тұрғыдан талдау мәселесі заңды болып табылады /2,5,7/. Демек, ғылымның өзін зерттеу мәселесі қажет екендігі айқындалып отыр. Ғылымтану ең алдымен ғылым теориясымен тікелей байланысты болып келеді. Таным (гносеология) − айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында белсенді бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатысын, қоғамдық практика негізінде іске асатын таным процесінің заңдылықтарын, оның негізгі формаларын, әдістерін болжамдар мен теорияларды құру мен дамытудың принциптерін зерттейтін философия ғылымының саласы /5,547 Ғылыми−зерттеу − таным іс−әрекетінің бір түрі болып табылады және жаңа ғылыми білім жасау процесі. Ол объективтілігі, дәлелдігі, нақтылығы жағынан сипатталады. /1.2.4.5.16./.
І. Зерттеушілік жұмыс туралы түсінік.
Педагогика және психология саласы бойынша ғылымның зерттеу мәселесі − адам, яғни жеке тұлға, оның дамуы, қалыптасуы, әлеуметтенуі, білім алуы, тәрбиесі болмақ. Сондықтан ғылыми тұрғыда адамды, яғни жеке тұлғаны зерттеуде, оның дамуын дұрыс болжауда тұлға дамуының құрылымы мен заңдылықтарын, оның құрылымының жеке бөлімдерінің өмір сүру ерекшелігіне, іс−әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортадағы алатын орны және т.б. ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеп меңгеруіміз керек. /5/ Тұлға − бұл сезімнің, әсердің, ішкі күйініш, сүйініштің бойға жинақталған және жан−жақты психикалық құрылым. Ол шындықтағы адамның әлеуметтік негізін сәулелендіруші. Танымның, ерік−жігердің жаңа субъектісі, өмірдің белсенді қайта құрушысы деп айта аламыз. /4,5/. Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде адамның танымдық қабілеттері, оның түрлері, мәні, мазмұны жеткілікті дәрежеде зерттелген. (М.Мұқанов, Ә.Алдамұратов, Қ.Жарықбаев, А.В.Петровский, А.К.Маркова, К.Д.Ушинский, Я.А.Коменский, А.Н.Теонтьев, Л.В.Занков және т.б.) Сонымен қатар әлемге белгілі ғалымдар да адамның танымдық қабілеттерін зерттеуде, ғылыми білімнің дамуына өздерінің үлестерін қосты (Ж.Ж.Руссо, Ж.Пиаже, Д.Корнеги, З.Фрейд, Г.Айзенк, Э.Трондайк және т.б.) /1,2,3,4/. Сонымен студенттердің орындайтын ғылыми−зерттеу жұмыстар олардың педагогикалық, психологиялық, ғылыми ойлауын дамыту, оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне шығармашылықпен қарау, әрбір жеке оқушыны тұлға деп қарауға баулу, оқушыдан да сол студентке осындай көзқараспен қарауын талап етеді.
ІІ. Ғылыми танымның зерттеушілік жұмыстағы маңызы.
Білім беру мекемелері қызметінің негізінен төменгі екі қызметті атқарады:
1. Тәрбиешілік, білім беру қызметі − тәрбие және оқу бағдарламасы негізінде бала психикасына жүйелі түрде әсер ете отырып білім беру, оқыту, тәрбиелеу.
2. Зерттеушілік қызмет − бала психикасының даму ерекшелігі мен даму деңгейңн анықтайды. Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып, соған сәйкес зерттеу жұмысында тиімді әдіс−тәсілдермен ұштастырады.
Сондықтан да болашақ білім беру қызметкерлері, яғни мұғалімдер педагогика және психология ғылымдарын жете білумен қатар зерттеу жүргізудің ерекшеліктеріне, әдістеріне де ден қою керек. Курстық және дипломдық жұмыстар студенттердің өзіндік және ғылыми зерттеушілік жұмысы болып табылады. Курстық және дипломдық жұмыстарды орындау барысында студенттер ғылыми−педагогикалық зерттеу жұмысының ерекшеліктерін, әдебиеттермен жұмыс істеу үлгісін үйрене отырып, олардың теориялық мәселелерді практикада шешуге деген білімдері, білік, дағдылары қалыптасады, озат мұғалімдердің іс−тәжірибесін оқып үйренеді. Кез−келген мәселені өз бетінше қарастыруға, қиындықтан шығудың ғылыми жолдары мен әдістерін меңгереді.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында студенттердің орындайтын ғылыми жұмыстарының түрлері мыналар:
1. Ғылыми баяндамала
2. Рефераттық жұмыстар
3. Лабораториялық және практикалық тапсырмалар
4. Эксперимент жүргізу
5. Курстық жұмыстар
6. Дипломдық жұмыстар
Ғылыми баяндамалар − аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми−зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат. /15,143/
Рефераттық жұмыс − (лат. Refero – хабарлаймын деген мағына береді) − ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс. /3,262/
Реферат дайындаушы (лат. Referens – хабарлаушы) − 1) реферат дайындаушы адам. 2) белгілі бір сұрақтар бойынша кеңес беруші немесе баяндама дайындаушы адам /3,263/.
Зертханалық және практикалық жұмыс − кез−келген пән немесе зерттеу саласы бойынша белгілі бір сұрақтарды, тапсырмаларды шешу барысында студенттердің, оқушылардың жеке, топтық, ұжымдық іс−әрекеті.
Эксперименттік жұмыс − нақты жағдайды есепке ала отырып, педагогикалық процесті немесе белгілі бір құбылысты, мәселені зерттейтін ғылыми тәжірибе. Педагогикалық экспериментке сүйеніп, зерттеуші оқу−тәрбие процесінің тиімді жолдары мен әдіс−тәсілдерін, формаларын, мазмұнын тексере алады.
Эксперимент (латын сөзі eksperimentum – тәжірибе деген мағына береді). Эксперимент − ежелден қалыптасқан ғылыми−зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Эксперимент алғашқы кезде адамдарда қоршаған ортаны бақылау, танып білуден басталады. Алғашқы кездерде адамдар табиғат құбылысын бақылап, кейін жиналған бақылау фактілерінен белгілі бір білім тәжірибесін жинақтады. Осындай құбылыстарды меңгеру, тану барысында қоршаған дүниені ьанып білу процесі арқылы оның әлеуметтік, объективтік жақтарын меңгере бастады. Содан бері эксперимент танып білу құралының сенім әдіс арсеналына айналды /3,5,6/.
Эксперимент әрқашанда бақылау әдісімен байланысты. Алайда Эксперимент пен бақылау бір нәрсе емес. Эксперимент барысында зерттеуші құбылысты жай ғана бақылап қана қоймай, сол құбылыстың өзгеруіне де мүмкіндік жасайды.
Педагогикалық экспериментті зерттеуші өзі жүргізсе, белсенді эксперимент, ал зерттеушінің ғылыми жоба ұсынысы бойынша екінші бір адам жүргізсе, енжарлы эксперимент деп аталады /1,2,3,5/. Эксперимент зерттеушіден диалектикалық заңдылықты, теориялық және практикалық шығармашылық бағыттылықты ұстауды талап етеді. Ф.Бэконның зерттеулері бойынша эксперименттік әдіс шындықты танудың ең бір маңызды құралы. Ол ғылыми экспериментке былай деп анықтама берді: «Ғылыми эксперимент − тәжірибенің белсенді және мақсатты түрде адамдардың табиғи өмірге әсер ету түрі»/3,4/.
Педагогикалық эксперименттің өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол тәрбие, оқу, дамыту, нәтиже жұмыстарымен тікелей байланысты.
Ю.К.Бабанский: «Эксперимент − жоспарлы ұйымдастырылған жағдай туғызуда фактілерді көрсетеді. Оның нәтижесінде объективті шындыққа үйлесетін дәлелді жүйе береді және ол дәлелді жүйе педагогикалық болжамның дұрыс немесе дұрыс еместігін айқындайды», − деді /2, 12−13/.
Педагогикалық эксперименттің негізгі міндеттері − мазмұнның салыстырмалы түрде нәтижелілігі, әдістері, құралдары, тәсілдері, жағдайы, шарты, факторы, әдістемелік, нұсқауы, әдістемелік жүйенің оқу тәрбие процесінде тиімді жолдарын таңдау болып табылады. Эксперименттің кешенді маңызы бар, өйткені эксперимент барысында зерттеу әдістерінің барлығы пайдаланылады: бақылау, әңгіме, сұхбат, анкета, анықтау жұмысы, арнайы жағдайларды жасау т.б. Бұл әдістер ғылыми объективті және дәлелді тексерудің зерттеу болжамының дұрыстығын негіздейді. Педагогикалық эксперимент зерттеушіден жоғары әдіснамалық білімді, мәдениетті, бағдарламалы тексеруді, негізгі ғылыми аппаратының деңгейінің жоғары болуын талап етеді.
Эксперимент оқу тәрбие мәселелері бойынша мектепте, колледждерде, институттар мен университеттердегі студенттерге, оқушыларға, мұғалімдерге, ата−аналарға жүргізіледі.
Педагогикалық практикада білім мекемелерінде эксперименттің мынадай түрлері бар: өзіндік тәжірибесін дамыту, іс−тәжірибе алмасу, ғылыми жұмыстарды меңгеру, қателермен, кемшіліктермен жұмыс, эксперимент жүргізу
Эксперимент термині «эксперимент», «ізденіс», «іздену жұмысы», «тәжірибе», «тәжірибелік эксперимент жұмысы», «зерттеу жұмысы» т.б. сияқты термиендермен де түсіндіріледі.
Эксперимент (латын сөзі eksperimentum − тәжірибе) − ғылыми негізделген тәжірибе /3,15/ Эксперимент экспертизасы, болжамның тексерілуі. Эксперимент − мектептегі әр түрлі мәселелер бойынша зерттеу жұмыстары. Эксперимент − жаңаны табу, шындыққа негізделген эксперименталдық жұмыс және ол шығармашылықты талап етеді /3,23/.
Педагогикалық зерттеу жұмыстарында эксперимент маңызы одан әрі арта түсуде. Ол туралы көптеген педагогтар өздерінің ғылыми жұмыстарында эксперименттің маңыздылығы туралы ғылыми ізденіс жұмыстарын ұсынды. (Л.В.Заньков, Н.К.Гончаров, М.А.Данилов, Н.И.Болдырев, Ю.К.Бабанский, А.И.Пискунов және т.б.)
ІІІ. Зерттеу жұмысының түрлері, оған сипаттама.
Қазіргі таңда болашақ педагогты жан−жақты кәсіби шеберлікпен дайындау мәселесі бүгінгі күн тәртібіндегі көкейкесті мәселелердің бірі. Педагогтың кәсіби шеберлігінің бір саласы оның шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуында, күнделікті педгогикалық жағдайларды талдап шеше білу және өскелең ұрпақтың оқу мен тәрбие құралдарын, жолдарын анықтап білуінде.
Бұл іскерлікті жүзеге асыру үшін студенттер коллледж жән институт қабырғаларында жүргенде курстық жұмыстар, соңғы курстарда дипломдық жұмыстар орындайды.
Курстық жұмыс және оның мақсаты − студенттердің логикалық ойлау шығармашылық қабілеттерінің оқу−тәрбие процесінде дағдысын, ғылыми−зерттеушілік шебірлігінің деңгейін, теорияны практикамен ұштастыра білу мүмкіншілігін практикада қолданып, қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Студенттің немесе мұғалімнің педагогикалық ғылыми жаңалықтарды меңгеруін;
• Олардың ғылымилық, жүйелілік, теорияның практика тәжірибесімен байланыстылығы, тарихилық, диалектикалық қарамаэқайшылық, сан мен сапаның білрлігі сияқты категорияларды меңгеруін;
• Студенттердің зерттеудің ғылыми әдістемесі мен тәсілдерін, оқытудың жаңа технологиясын, дамыта оқыту идеясын басшылыққа алуын қамтамасыз ету.
Ғылыми жұмыстар, оның ішінде курстық және дипломдық жұмыстарды орындау туралы көптеген әдебиеттерде берілген үлгілерге, талаптарға және ерекшеліктерін зерттей келе, (А.М.Новиков, Н.Г.Кушков, И.В.Мохов, В.И.Смирнов, Н.Е.Соколова, Н.А.Сорокин, В.И.Журавлв, И.Д.Андреев, В.В.Краевский, В.В.Налимов, Г.И.Голикова, З.А.Исаева, А.Ерназаров, М.Жайлауова, А.Жалғасбаевалар) студенттердің орындайтын курстық және дипломдық жұмыстарына талдау жасай отырып, зерттеу сипатының негізіне қарай төрт топқа жіктедік:
– теориялық−логикалық сипаттағы курстық және дипломдық жұмыс;
– озық тәжірибелерді оқып−үйрену негізінде орындалатын курстық және дипломдық жұмыс;
– эксперименттік сипаттағы курстық және дипломдық жұмыс;
– тарихи логикалық сипаттағы курстық және дипломдық жұмыс.
Енді осы жоғарыда аталған курстық және дипломдық жұмыстың түрлеріне жеке−жеке тоқталып өтейік:
Теориялық−логикалық сипаттағы курстық және дипломдық жұмыстар. Берілген әдістерді терең оқу арқылы бір ғылыми мәселенің ашылу жағдайын қарастырады. Студенттер мұндай жұмыстарды орындай отырып, библиографиялық ізденіс жасай білуі керек. Әдетте берілген материалдарға талдау жасайды, зерттелінетін мәселе бойынша ұсыныстар жасап, жаңа идея ұсына алады немесе бұрынғы идеяға түзету енгізеді, қорытынды жасайды. Мұндай типтегі курстық жұмыстың құрлымының үлгісін ұсынамыз:
Курстық жұмыс құрылымы:
1. Өңірбет (Титулды бет)
2. Жоспары
3. Кіріспе
4. Негізгі бөлім
5. Тақырыпқа байланысты әдебиеттерге шолу
6. Қорытынды
7. Әдебиеттер тізімі
Озық тәжірибені оқып үйрену негізінде орындалатын курстық және дипломдық жұмыстар. Мұғалімдердің шығармашылық озық тәжірибесін, оған жету жолдарын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде, зерттеулерінде маңызды элемент ретінде алып қарастырды. (Ю.К.Бабанский, В.И.Бондарь, Я.С.Турбовской және т.с.с.). Я.С.Турбовскойдың анықтамасы бойынша: «Озық тәжірибе − оқу−тәрбие процесін жетілдіру мен жетістіккке жету жолындағы мақсат көздеген іс−тәжірибе. Озық тәжірибе қазіргі уақытта өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқытып тәрбиелеудегі көкейкесті, өзекті мәселелерді қанағаттандыра алады»/6,8/. Ю.К.Бабанский озық тәжірибені қызметтік деңгейіне қарай жіктей келе «жалпы тәжірибе», «озық тәжірибе», «жаңалықты тәжірибе», «зерттеушілік тәжірибе» деп бөліп қарастырды /26,19-20/. Озық тәжірибені педагогикалық тәжірибе озық педагогикалық тәжірибе деп қарастыра келе озық тәжірибеге төмендегідей анықтама бердік: Озық тәжірибе − педагогикалық оқу орындарының оқу тәрбие процесіндегі жоғары сапаға ие болған нақты ісі. Студенттер озық тәжірибені оқып үйрену үшін мына жағдайларды ескеру керек: тәжірибе авторы шешкен нақты педагогикалық міндет; оқу мен тәрбиенің нәтижелері, тиімділігі; педагогикалық тәжірибедегі автордың нақты әрекеттері; жаңалық; тәжірибенің негізгі идеясы; шығармашылықты іске асыру шарттары; тәжірибе авторының даралық сапасына мекеме және өлке жағдайларына байланыстылығы; тәжірибені игеріп, меңгерудің жолдары мен құралдары
Құрылымы:
1. Өңірбет
2. Жоспар
3. Кіріспе
4. Әдебиеттерге шолу
5. Озық тәжірибені оқып үйрену әдістемесі және ұйымдастырылуы
6. Тәжірибенің нәтижесін талқылау
7. Қорытынды
8. Ұсыныстар
9. Әдебиеттер тізімі
10. Қосымша
Эксперименттік сипатағы курстық және дипломдық жұмыстар анықтау, бақылау және қалыптастыру эксперименттерін пайдалану арқылы орындалады. Анықтау эксперименті негізінде студент эксперименттік жолмен зерттелінетін педагогикалық жүйенің жағдайларын анықтайды. Құбылыс арасындағы байланыс фактілерін табады. Қылаптастырушы эксперимент жағдайында студент нақты педагогикалық міндеттерді шешу бағыттарын, арнайы шараларды пайдаланады. Эксперименттік сипаттағы курстық және дипломдық жұмыстарды орындау кезінде мына жағдайларды ескеру керек: таңдалған тақырып бойынша жарық көрген жұмыстарға теориялық талдау жасау; шешілмеген мәселелерді анықтау; зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамын белгілеу; эксперимент жүргізуге дайындық; зерттеу нысанасын, әдістерін таңдау; эксперимент жүргізу; эксперимент қорытындысын шығару.
Құрылымы:
1. Өңірбет
2. Жоспары
3. Кіріспе
4. Негізгі бөлім
5. Зерттеу нәтижесін талдау
6. Қорытынды
7. Ұсыныстар
8. Әдебиеттер тізімі
9. Қосымша
Тарихи логикалық сипаттағы курстық және дипломдық жұмыстар. Белгілі бір кезеңдегі өскелең ұрпақтың тәрбие жұмысын қалыптастыру заңдылықтарын, нәтижелерін, мақсатын зерттеу. Мұндай типтегі курстық және дипломдық жұмыстарды негізінен тарих, философия факультеттерінің студенттері белгілі бір тарихи құбылыстың мән−жайын, тарихи оқиғаның шығу себептерін, педагогика тарихы, баспасөз тарихы туралы мәселелерді зерттеу барысында орындайды. Бұл жағдайда тарихи ғылымдарда пайдаланатын зерттеу әдістері қолданылады. Олар: тарихи материалдарды тарихи логикалық тұрғыдан талдау; жүйелілік талдау; құрылымдық талдау; статистикалық талдау
Құрылымы:
1. Өңірбет
2. Кіріспе
3. Зерттелінер құбылыстың пайда болуын, дамуын іздестірудің педагогикалық шарттары
4. Жұмыстың мазмұнын, формасын, әдістерін жетілдіру
5. Қорытынды
6. Әдебиеттер тізімі
7. Қосымша
Сонымен, біз ұсынып отырған зерттеулер оқу тәрбие процесінде ғылыми−зерттеу жүргізудің, оны практикада қолдана білуге, курстық және дипломдық жұмыстарды орындау ерекшеліктерін, ғылыми−зерттеу жұмыстарының түрлері, бағыты туралы түсінік бере деген сенімдеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Акчурин А.Г. Азбука интеллектуала. (учебно−методическое пособие в двух частях), − Алматы.ТОО Баспа. 1998. − 207с.
2. Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований. М.,Педагогика, 1982. − 144с.
3. Большой энциклопедаический словарь. /Гл.ред.А7М7Прохоров. − М.;Советская энциклопедаия, 1991. Т.7. 760с.
4. Выполнение курсовой работы по психологии − исследование личности школьника и классного коллектива. (методические рекомендации для учителей начальных классов). 1990.-52с.
5. Дьяченко В.К. Новая дидактика. М.:Народное образование, 2001.-496с.
6. Кочетов А.И. Культура педагогического исследования. Минск, 1996. – 328с.
7. Қазақ Совет энциклопедиясы. А.; 1972ж. 3-том. 720 бет.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718