«Әлем елдерінің мерекелері»
Каирова Райхан Канатбековна
Нұр-Сұлтан қаласындағы
Халықаралық мектеп
балабақшасының тәрбиешісі
Кіріктірілген іс -әрекетінің жоспары
Кіріктірілген салалар: Таным+Шығармашылық /
Зерттеу тақырыбы: «Мерекелер»
Сабақтың тақырыбы: «Әлем елдерінің мерекелері»
Сабақтың мақсаты:
Әлем елдерінің Жаңа жыл мерекесімен танысу.
Міндеттері:
– әлем елдерінің (Қытай және Корей) мерекелері туралы білу.
– білгенімен бөлісіп, қосымша мағлұматтар жинақтау;
– ойлау, шығармашылық қабілетті дамыту.
Әдіс-тәсіл түрлері: Әңгімелесу; тыңдау, түсіндіру, талдау, Венн диаграммасы, сұрақ –жауап, ойын.
Дамыту ресурстары: https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/zhaa-zhyl/336/ (корей елінің Жаңа жылы туралы мағлұмат);
https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/zhaa-zhyl/335 (Қытай елінің Жаңа жылы туралы мағлұмат); https://www.youtube.com/watch?v=SCvZLP26q0E (Сергіту сәті: «Қыдырып қайтайық»); суреттер, қайшы, желім, қағаз.
Жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Қоңыраудың сиқырлы,
Естіледі сыңғыры.
Қолыңды бер дейді,
Шеңберге кел дейді.
Шаттық шеңбері:
Мына сұлу әлемде,
Адам өмір сүреді.
Үлкендер де, кіші де,
Мерекені сүйеді!
-Балалар, сендер мерекені сүйесіңдер ме?
-Қандай мереке түрлерін білесіңдер?
Дид. ойын: «Сен білесің бе?»
Мақсаты: Сурет бойынша мерекелерді ажыратып атау.
Слайд «Корей және Қытай елдерінің Жаңа жыл мерекесі»
Оңтүстік Корея астанасы Сеулде де ондаған мың адам жаңа жылды Посингак қоңырауының алдында қарсы алды. Қоңырауды отыз үш рет соғып Жаңа жылдың келгенінен хабар береді. Сондай-ақ мұнда жиналғандардың денсаулығы мықты, өмір жасы ұзақ болады деген сенім бар.
Оңтүстік Корей
Корей халқы Жаңа жылды Соллаль деп атайды. Оны қаңтар айының аяғында не ақпан айының басында тойлайды. Жаңа Жыл корей халқы үшін көктем мерекесі, яғни жаңару мен гүлдену уақыты болып саналады.
1 қаңтар – Оңтүстік Кореяда демалыс күні. Мұнда безендірілген шыршалар мен Аяз ата жиі кездеседі. Сол күні балалар да, қарттар да ұлттық киім ханбокты киеді. Жаңа жылда алдымен күріштен пісірілген тамақ қойылып, кейін оның орнын тәтті тағамдар басады.
Қытай
Қытайлықтар Жаңа жылды 31 желтоқсан күні қарсы алады. Қытай Жаңа жылы “Көктем мерекесі” деп аталады. Бұл атау Еуропа халқының Жаңа жыл мерекесінен ажырату үшін берілген. Тұрмыста бұл мерекені “Нянь” деп атайды.«Нянь» қытай тілінен аударғанда «жыл» деген мағынаны береді. Қытай елінде Жаңа жыл мерекесі ең ұзақ әрі басты мереке болып есептеледі. Мерекені атап өту екі аптаға дейін созылады, кейін Шам мерекесімен аяқталады. Мерекелік дастархан молынан жайылып, берекелі болуы керек. Дастарханға міндетті түрде соя ірімшігін, тауық пен балық еттерінен жасалған тамақтарды қою керек, себебі бұл азық-түліктің атауы «молшылық» пен «бақыт» сөздеріне ұқсайды. Дастарханға тұшпара қойылады.
Қытай Жаңа жылы мерекесінде түні бойы көз ілмеу дәстүрі бар. Бұл салт «жылды күзету» деп аталады.
Қытай Жаңа жылы – думанды мереке. Бірнеше күн қатарынан қала көшелерінде жәрмеңкелер өткізіліп, ән-биге толы думанды қойылымдар көрсетіледі. Жаңа жылдың он бесінші күнінде Шам мерекесі тойланады. Қала көшелерінде түрлі-түсті шамдар жағылады. Фольклорлық қойылымдар көрсетіліп, көпшілікке күріш ұнынан пісірілген тәтті тоқаш юаньсяо (танюань) дәстүрлі тағамы ұсынылады. Шам мерекесі 6 ақпанда өткізіледі.
Венн диаграммасы бойынша екі елдің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру
Жапсыру:«Қытай халқының жаңа жылдық шамдары»
Жапсыру: «Корей халқының жаңа жылдық шамдары»
Мақсаты: қолөнеріне деген қызығушылықты, шығармашылықты дамыту.
Қорытындылау.
Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.Балаларды мадақтау.
Балалардың оқу іс-әрекетіндегі белсенділіктеріне қарай смайликтермен бағалау
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718