«Жол ережесін білейік аман-есен жүрейік»
Ұйымдастырылған тақырыптық ашық оқу қызметі
Білім беру саласы: Әлеумет
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: «Жол ережесін білейік аман-есен жүрейік»
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол белгілерімен айыра білу дағдысын қалыптастыру. Балаларға жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету. Жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам үшін қажеттілігін түсіндіру.
Дамытушылық: Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік : Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері:Көрсету, түсіндіру,сұрақ – жауап, мақтау, мадақтау, қорытындылау.
Көрнекіліктер: Жол макеті, слайд шоу, көше ережесін сақтауға арналған әр түрлі суреттер, қатырма қағаздан бағдаршам макеті.
Қызмет кезеңдері. | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Кіріспе бөлім |
Шаттық шеңбері.
Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға, Сабағымыз басталсын сәлемменен Сәлематсізба, апайлар! |
Балалар шаттық шеңберін құрады: -Сәлеметсізбе,-деп келген қонақтармен амандасты. |
Негізгі бөлім |
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде неше ай бар, аттарын кім атайды?
-Қыс мезгілінің мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қыс мезгілінде дала салқын болады. -Балалар бір аптада неше күн бар?
-Бүгін аптаның нешінші күні, қалай аталады?
-Балалар бүгін бізде Қоршаған ортамен танысу оқу қызметі, біз өткен оқу қызметінде не туралы өттік, есімізге түсірейікші. Дұрыс айтасыңдар, біз өткен оқу қызметінде Мектептегі қауіпсіздік туралы өткен болатынбыз. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер мұқият тыңдап шешуін табыңдар. Көзін ашып – жұмады, Бағыт сілтеп тұрады. Сөйлеуді білмейді, Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. Ол не балалар? -Дұрыс балалар, жұмбақтың шешуі бағдаршам екен, олай болса бүгінгі оқу қызметіміздің жаңа тақырыбы: «Жол ережесін білейік аман-есен жүрейік» деп аталады. Балалар біз көлік көп жүретін жолдан өтерде сақ болуымыз керек. Біз көлік көп жүретін жолдан өтерде міндетті түрде жол белгілерін білуіміз керек. Біз бүгінгі оқу қызметімізде осы белгілермен танысасамыз. Көлік көп жүретін жолдың бойында көліктерге, адамдарға арнап қойылған белгілер бар. Сол белгілерге көлік жүргізуші де, жаяу жүргінші де міндетті түрде бағынуы керек. Ол мынандай белгілер, (бағдаршам, ескерту белгісі, тыйым салу белгісі, жаяу жүргіншіге арналған жолақша жол, т.б). Жол көліктерінің қозғалысын реттейтін, біздің көшеден өтуімізге көмектесетін үш көзді бағдаршам бар. Бағдаршам өмірімізді сақтандыратын көмекшіміз. Балалар мына суретке назар аударайықшы. Мына суретте бағдаршамның суреті бейнеленген. Бағдаршам-ның үш көзі болады, олар қызыл, жасыл, сары түсті көздер. Қызыл көзі жанғанда көліктерге жол беруіміз керек, ал сары көзі жанғанда жолдан өтуге дайындалуымыз керек, жасыл көзі жанғанда көліктер тоқтап, жолдан өте беруге болады. Міне көрдіңдер ме балалар, бағдаршамның адамға қандай пайдасы бар екенін. -Сонымен қатар балалар жолдың кез-келген жерлерімен өтуге болмайды, ол өте қауіпті. Жолды кесіп өту үшін, жаяу жүргіншілер өткелінің белгілері бар жерден өту керек. Міне мына суретте «жаяу жүргіншілер» өткелінің белгісі салынған, мұқият назар аударайықшы. Жаяу жүргіншілер өтетін жерде ақ, қара жолақты жерлермен өтуіміз керек екен. Жолда өту үшін алдымен сол жаққа қарау керек, жолдың ортасына келгенде оң жағымызға қарап, жолда көлік болмаса өте беруге болады. -Балалар мынау тыйым салу белгісі. Тыйым салу белгісіні қызыл шеңбер ішінде үшбұрыш белгісі тұрады екен. -Балалар сендер шаршаған боларсыңдар, қане орнымыздан тұрып сергіту сәтін жасап, сергіп алайық. Сергіту сәті: Біз кішкентай баламыз Мектепке енді барамыз Жол шетіне келгенде Жолақтарға қараймыз Қатар-қатар ақ сызық, Ортасында тұр қарап Жолдың арғы шетіне Жетіп аламжылдам ақ. -Өте жақсы балалар, сергіп алсаңдар орнымызға отырайық. Өте жақсы балалар. Біз күннің екінші жартысында бағдаршам туралы тақпақтар жаттаған болатынбыз. Қане кім маған тақпақтар айтып береді?
-Өте жақсы балалар. Балалар сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдар ма? Олай болса ойын ойнайық. Ойын «Бағдаршам» деп аталады. Ойынның мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, ептілікке, логикалық ойлауға, түстерді ажырата білуге тәрбиелеу. Ойынның шарты:түрлі – түсті қатырма қағаздардан бағдаршамның түстерін тауып, олардан бағдаршам құрастыру. |
-Қазір жылдың қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінде үш ай бар, желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары. -Қыс мезгілінде ауа – райы салқын болады, жамғыр жабады қар жабады ағаштардың барлығын аппақ қар басады балалар ақ қардан аққала жасап ойнайды
-Бір аптада 7 күн бар, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. -Бүгін аптаның екінші күні, сейсенбі.
Балалар өткен тақырыпты естеріне түсіреді.
-Бағдаршам.
-Балалар назарын слайдтағы бағдаршамның суретіне аударды. Бағдаршамның үш көзі болатынын білді.
Балалар жолды кесіп өтерде, жаяу жүргіншілер өткелінен өту керек екенін білді
-Балалар жолда бағдаршам болмаса, алдымен сол жаққа, содан кейін оң жаққа қарап өту керектігін білді.
Балалар сергіту жаттығуын жасады. Балалар тақпақтарын айтады: Аяулым: Бұл сақшының үш көзді, Үш көзден ұқ, үш сөзді Ашса сақшы үш көзін Айтты деп ұқ сөзін Тоқта!Сақтан!Жол ашық! Жүрме жолға таласып. Нұрғиса: Қызыл көзін ашқанда Сынық сүйем баспа алға Сары көзін ашқанда Қарап қалма аспанға Жасыл көзін ашқанда Жүре бергін жасқанба
Әділжан: Қызыл, сары, жасыл, Бір көзінде үш от. Қызыл жанса тоқта, Жасыл жанса тез өт. Шыңғыс: Үлкен – кіші қала бар Ой жүгіртіп қарап ал. Көше заңы тым қатал Сақ болыңдар балалар! Нағмат: Тоқта досым саумысың? Топтан асқан дәумісің Көше сырын білмесең. Кердең қағып жүрме сен Көшенің біл тәртібін Сардар: Жол жүрудің тәртібін Ережесін білеміз Сақтағанда қатерден Сау саламат жүреміз |
Қорытынды бөлім
|
Тәрбиеші балаларға
-Балалар бүгін бізде қандай оқу қызметі болды? -Біз немен таныстық? – Бағдаршамның неше көзі бар? Балалар сендер әрдайым жол тәртібін сақтап жүріңдер, бағдаршамға бағыныңдар, өйткені жол ережесін білсек аман – сау боламыз. -Жарайсыңдар балалар сендер бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар. Осымен бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз. Орнымыздан тұрып қонақтармен қоштасайық. |
-Коршаған ортамен танысу оқу қызметі.
-Бағдаршаммен, жол ережелерімен таныстық. -Бағдаршамның үш көзі бар, қызыл, жасыл, сары. -Балалар қонақтармен қоштасады. Біз кішкентай баламыз Айтқан тілді аламыз Бүгінгі келген қонақтарға Сау болыңыз деп айтамыз сау болыңыздар апайлар. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: бағдаршамның адам өмірі үшін маңызды екенін
Игереді: бағдаршам түстерінің мағынасын;
Меңгереді: бағдаршамның үш көзінің нені білдіретінін