Қозғалмалы ойындар

Жумажанов Бектас

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: Қозғалмалы  ойындар Мектеп: Қасым Қайсенов орта мектебі-КММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:               Жумажанов Бектас
Сынып:8 Қатысқаны: Қатыспағаны:
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.2.3.3 Қолайлы оқып-үйрену ортасын қалыптастыру бойынша біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын қолдану және көрсете білу.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:
  Қозғалмалы ойындарын  көрсетеді, түсіндіріп бере алады.
   Оқушылар көпшілігі орындай алады:
  Қозғалмалы ойынының күрделі ережелерін біледі, қолдана  алады,
  Кейбір оқушылар орындай алады:
  Қозғалмалы ойынының деңгейде сауатты орындайды.Басқаларды  үйрете  алады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
  Қозғалмалы ойыны арнайы  терминдерді қолданып, түсіндіріп беру.Пікір-таласқа  түсу, ойын дәлелдеу.
  Пәнге қатысты сөздік мен терминдер:
  Салемдесу, ысқырық,  
  Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: Қозғалмалы ойындарда ережелер не үшін қажет екенін білесіз бе? Сіз ережелерді қадағалайсыз ба?
   
  Талқылауға арналған сұрақтар: Қозғалмалы ойындарда қауіпсіздік туралы білу қажет деп ойлайсыз ба?
   
  Не себепті Қозғалмалы ойындар жас ерекшелігіне сай қойылады ….деп ойлайсыз?
Жоспарланған уақыт 40 мин
   
  Ишара  мадақтау,ынталандыру, құрметтеу.
Алдыңғы оқу Оқушылар аланда қозғалмалы ойын ережесін біледі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған  жаттығу түрлері Ресурстар
Басы 10 мин Сапқа тұру. Рапорт беру.

Саптық жаттығулар: оңға, солға, айнал.

Жүру жаттығулар:

Сергіту сәті

Жүгіру  жаттығулары:

1.Тізені кезекпен көтеріп жүгіру;           2.Екі қол артта, өкшені артқа сермеу;

3.Екі қол белде, аяқтарын кезекпен тіке алға сермеу;

4.Екі қол желкеде, аяқтарын тіке артқа сермеу;

5.Оң және сол жамбаспен жүгіру, екі қолдарын алға, артқа айналдыру.

6.Тікелей аяқтарын қайшылап жүгіру.

 

Орында жалпы дамыту жаттығулары:

«Тездетілген жауап» әдісі арқылы қозғалмалы ойыны жайында бір- біріне сұрақтар қою.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау.

 
 Ортасы 25 мин «Уақыт шеңбері» әдісі арқылы шеңберге тұрғызып қозғалмалы ойындар туралы мәлімет беру. Шеңберге тұрады және әр оқушы бір ұлттық ойындар туралы мәлімет береді,бір-бірін толықтырып отырады.

 

Топқа бөлу:

Оқушыларды екі топқа бөлу.

Спорт атаулары арқылы жұпқа бөлу.

 

 «Ойын» әдісі: « Түйілген орамал» ойыны: Бұл баскетбол ойынына ұқсас.

Ойын жүргізуші ойынды өзі  бастайды. Ең алдымен ойнаушыларды өзінің айналасына жинап алып « бір, екі, үш» деп дауыстайды.Осы кезде ойнаушылар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізуші қолында түйілген орамалы   бар ойыншыны қуады. Ол ойыншы ойын жүргізуші жете бергенде қолындағы орамалды басқа ойыншыға лақтырады. Орамалды қағып алған ойыншы алдындағыдай басқа балаға лақтырады. Осылайша, ойын жүргізуші түйілген орамалды қолына  алғанша ойын жалғаса береді. Ойын белгіленген шеңбердің ішінде ғана өтеді, сыртқа шығаруға болмайды.

 

Ф.Б. «Бағдаршам» бағалау.

« Допты шеңбер бойымен беру.»ойыны

Екі команда бір-бірінен 2-3 м қашықтықта шеңбер бойында тұрады. Команда капитандарының қолында үлкен үрленген доп болады. Берілген белгі бойынша ойыншылар  бір-біріне допты шеңбер бойымен келісілген тәсіл бойыншы береді.Допты түсіріп алған ойыншы оны дерден өзі алуға және ойынды одан әрі жалғастыруға тиіс.

Ойынды бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді. Допты беру әдістері:

А. Допты екі қолмен доға жасап лақтырып беру, төменнен, кеуде тұсынан.

Ә. Екі қолмен допты жерге ұра жүріп барып беру,

Б. Допты бір,оң не сол қолмен ұстау және лақтыру.

Жанкүйерлер тобы  бағалау. критерийлері арқылы бағалайды  Қозғалмалы ойыны жайлы мәліметтермен оқушылар білімін толықтырамын.

 

 

Ысқырық,

 

 

 

 

 

 Түйілген орамал

 

 

 

 

Ойынды шарты бойынша орындалуын қадағалау.

Соңы 5 мин.

 

 

 

2. «Білгенге маржан  әдісі» арқылы өздерінің ойын кезіндегі алған әсерлерін білдіреді.Ойларындағы сұрақтарын қояды.

Үй тапсырмасы:

Қозғалмалы ойын  түрлері жайлы мәлімет жинақтау

Бағалау: Екі топтың оқушыларына стикер таратылады .

Қарсылас командаға өз тілектері мен ұсыныстарын стикерге жазып, татулық жүрекшесіне жапсырып кетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

татулық жүрекшесі, стикерлар

Қосымша ақпарат
Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Жоғарғы денгейлі оқушы топтық  жұмыста доп алу  мейлінше дұрыс орындауға ынталандыру  Бағдаршам, сұрақ-жауап, «Білгенге маржан» әдісі, кері  байланыс.  Геометрия пәні,информатика,
Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ- қалай  өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Қортынды бағалау

 

Ең жақсы өткен екі нәрсе ( оқыту мен оқуға қатысты)

 

1.

 

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді( оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

 

1.

 

2.

 

 

Бағалау  критерийлері арқылы бағалау.

Аты- жөні. “Түйілген ойын” ойнай алады Допты шеңбер бойымен беруді қабыдау Қозғалмалы ойын калай түсінген туралы түсінік беру Жалпы ұпайы Жиынтық баға
1. Есенжан 3 2 2 58% 4
2. Азамат 2 3 4 75% 4
3 Мадина 5 2 3 83% 5

 

0%-20%- 2 балл
21%-50%- 3 балл
51%-80%- 4 балл
81%-100%- 5 балл

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *