Табиғатты аялайық!
Тақырыбы: Табиғатты аялайық!
Мақсаты: Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту. Ойлау есте сақтау және зерделеуін дамыту, сөздерді анық айтуға машықтау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жаратылыстың әрбір заты мен мүшесін құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету. Сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту.
Үйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері
Біздер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Бақшаға біз келеміз
Табиғатты сүйеміз
Баршаңызға құрметпен
Біздер сәлем береміз
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар!
Тәрбиеші: -Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: -Күз
Тәрбиеші: Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар:Үш ай бар, Қыркүйек, Қазан, Қараша.
Тәрбиеші: -Дұрыс-ақ балалар, қазір күз мезгілінің соңғы айы қараша айы.
Тәрбиешә: Балалар, жаңа сендер табиғатты сүйеміз деп өлең жолдарын айттыңыздар, сендер табиғатты жақсы көресіңдер ма? Табиғат дегеніміз- бізді қоршаған орта, оған (аспан, су, ағаш, гүлдер, өсімдіктер, күн) жатады. Табиғат өздігінен, адамның қатысуынсыз жаралған табиғи заңдылық. Ол тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді. Айта қойыңдаршы, тірі табиғат нелер, өлі табиғатқа нелер жатады?
Балалар: Тірі табиғатқа – ағаш, гүл, шөп, т. б олар өздігінен өседі. Өлі табиғатқа су, тас, құм жатады. Олар өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ.
Іңкар:
Құлпыра берші, кең дала,
Гүліңді күнде терейін.
Жапырағыңмен жасыршы,
Құшағыңа енейін.
Карина:
Табиғат ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз.
Шаттық әнге саламыз
Нұрсезім
Жазда аралап тауында,
Барамыз біз бауына.
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында
Тәрбиеші: Олай болса табиғат туралы бейнетаспаға назар аударайық.
Тәрбиеші: Түсінгендерін сұрау
Күн, су, ауа, гүл, адам айтысы
Күн: Балсезім
Мен шуақты күнмін! Мен бәріне жылуымды, нұрымды, беремін. Егер мен болмасам табиғатта болмас еді. Сондықтан табиғатқа көрік беріп тұрған менмін!
Су: Мансұр
Мен мөп – мөлдір, тап – таза, сыңғырлаған сумын. Мен болмасам осындай сұлу табиғат болар ма еді? Табиғатқа көрік беріп тұрған менмін
Гүл: Есбике
Мен әсем гүлмін! Егер мен болмасам жер үсті жайнайтын ба еді? Менің арқамда табиғат әсем болып тұр. Табиғатқа көрік беріп тұрған мен ғана.
Ауа: Мереке
Мен таза ауамын! Табиғаттағы барлығы мен арқылы демалады Егер мен болмасам ешкім тіршілік ете алмайды,Табиғатқа ең керекті менмін.
Адам: Ұлжан
Мен дүниедегі ең күшті, ақылды адаммын. Менен асқан ешкім жоқ бұл жалғанда. Сондықтан да бұл өмірдің иесі де киесі де менмін.
Тәрбиеші: – Дұрыс айтасыңдар!
Күн болмаса жарық жылуды қайдан аламыз.
Су болмаса өсімдіктерді, қалай суарамыз
Ауа болмаса қалай тыныс аламыз
Гүл болмаса табиғатымыз әдемі болмайды
Ол, Адам осы қоршаған ортадағы талдарға өсімдіктерге пайдасын тигізеді, күтіп баптайды.
Күтпеген сәт: Білгішбек келеді
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Кане маған қараңдар
Достарыңмын Білгішбек
Немен келдім, не айтпақпын кім шешпек?
Сендерге ненің керегін
Бәрін де айтып беремін
Ауа керек сендерге күнімен
Өсуге күннің нұрымен
Күш жинау үшін құрыштай
Қанша су ішкен дұрысты,
Түсіну үшін барлығын,
Ізденіп өтсін әр күнің
Білгішбек:Балалар,бізге ауаның не үшін қажет екенін білгілерің келеме?
Олай болса тәжірибе жасап көрейік. Терең дем алып, аузымыз бен мұрнымызды қолымызбен жауып, демді іште сақтайық. Қиналып кеткенде демдеріңді шығарыңдар, дем ала бастаңдар.
Ауасыз қандай қиын екенін сездіңдер ме?
Біз ауасыз өмір сүре аламызба?
Отырған сыйқырлы орындығымыз арқылы табиғатқа саяхатқа барамыз. Көз алдарыңа туған жерімізді, оның әсем табиғатын елестетіңдер.Сулар мөп-мөлдір ағып жатыр, гүлдер жайнап өсіп тұр. Табиғатты тамашалап келе жатсақ алдымыздан таза мөп – мөлдір Бұлақ кездеседі. Сол бұлақтан су ішеміз. Ол үшін:
1. Алға иілу
2. Аламыз.
3. Ішеміз
4. Рахат-ай
Алма ағашы кездеседі. Сол ағаштан алманы алып жейміз.
1.Оң аяқ алға, сол аяқ өкшесі көтеріледі.
2. Алу
3. Қырт етіп тістеу
4. Тәттісін-ай
Раушан гүліне кездесеміз.
1.Алға иілу.
2. Аламыз
3. Иіскейміз.
4. Қажет емес ауаны сыртқа шығарасыз.
Білгішбек: Ой балалар мен қайтайын. Сендер өте ақылды екенсіңдер. Табиғатты аялаңдар. Менің кітап оқитын уақытып таяп қалды. Сау болыңдар.
Тәрбиеші: Балалар енді біз табиғатқа саяхатқа шығайық
Балалармен табиғатқа серуен кезінде бақаның дыбысы шығып бақа тауып алу
Тәрбеші;Балалар бұл бақаны зертханаға лып барып зерттеу жұмысын өткізейік
Зертханаға келу
Тәрбиеші: Балалар сендер ауаны көресіңдер ме
Балалар : Жоқ
Тәрбиеші:Балалар бұл жай бақа емес бұл бақада түтікше бар екен сол түтікшеден үрлесек ішіндегі шарға ауа толып ,бақа аузын ашады екен
Барлығы түтікше арқылы шарды үрлеп шар ауаға толып бақа аузын ашады
Дидактикалық ойын: “Табиғатты аялайық”
Әр бала табиғат түрлерін плакатқа жапсырып, табиғат көрінісін бейнелейтін тиым сөздер айту
Мұхамед :Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек.
Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді
Айбике:Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ
Әлішер:Күнімізді бұлт баспасын
Көбелекті өлтірмеңдер, ол – әдемілік белгісі
Ұлжалғас:Құсты атуға болмайды, құс адамның досы
Жасыл шөпті жұлуға болмайды, ол жерімізге көрік беріп тұрады
Наргиза:Аңдарды қорғауымыз керек, ол біздің байлығымыз
Т:Қанеки, енді табиғатқа ризашылығымызды сөзбен жеткізейік. Шеңберге тұрып, рахметтерін айтады.
Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!
Аспан Таза ауаң үшін рахмет!
Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!
Табиғат сұлулығың үшін рахмет!