ӘДІСКЕР- БАҒЫТ БЕРУШІ ТҰЛҒА

Еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі-білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласында да өз әсерін тигізуде. Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесінде де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті. Өйткені, ел байлығы тек мұнай мен газ емес, адам екені белгілі. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор – адам және жеке тұлға болып қала бермек.
Ғылым мен техника аршындап алға басқан, қарыштап қадам басқан ХХІ ғасырда бүкіл әлемді шарпып келе жатқан жаһандану процесі, ғылым мен білімді игерудегі бәсекелестіктер дүние өзгерістері бізді де толғандырады. Болашақта тек білімді ел ғана қандайда болмасын бәсекелестікке төтеп бере алып, өзін -өзі сақтап қалатыны сөзсіз. Ел болашағы – білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру білім беру мекемелеріне ортақ іс.
Педагогика саласында болып жатқан тың өзгерістерді әкелетін, білім үдерісіне енгізетін, жаңалық жаршысы болар әдіскер деп таныр едім. Себебі, әдіскер үйретуші, бағыттаушы, жаңалықты жеткізуші, шығармашыл тұлға. Әдіскердің бір бойында бірнеше қызмет бар. Ол жаңа үрдісте заманауи технологияларды енгізу арқылы сабақтар, семинарлар, ғылыми жұмыстар мен турнирлер және тағы да басқа сайыс-байқауларды ұйымдастырып өткізуші, басқару арқылы нәтижелерге қол жеткізу қолдаушысы болып танылады. Жаһандану заманында ұлт¬¬тық бәсекеге қабілетті болудың көр¬сет-кіші – білім көрсеткішімен өлшенбекші. Сол себепті еліміздің білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру – кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге орай әдіскер өз алдына міндет қояды
Әдіскердің міндеттері:
• Меңгеруші мен жоғары тұрған мекеменің нұсқуы бойынша мекемеде білім және тәрбие беру жұмысын жүзеге асырады.
• Тәрбиешілерді марапаттау мен тәртіпке шақыру, ұжымда қалыпты моральды психологиялық орта туғызу;
• Балбақшаның әлеуметтік-материалдық базасын қалыптастыруға үлес қосу;
• Мекеменің жұмыс жоспары мен стратегиялық жоспарына, даму және өзгерістер енгізу, жаңа бағдарламалар енгізу;
• Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын тандап, өндеуге ;
• Балалармен тәрбие –білім беру жұмысын ұйымдастыру;
• Мекемеде зерттеу, эксперемент жасау жұмыстарын ұйымдастыру;
• Тәрбиешілердің кәсіби деңгейіне, еңбек өтілі мен тәжірибесін ескере отырып әдістемелік, тәрбие –білім беру жұмыстарын жоспарлау;
• Балабақшаның жұмыс жоспарына ұсыныс беру;
• Педагогтардың біліктілігін арттыру;
• Өзіндік білімін жетілдіруде педагогтарға көмек ;
• Педагогтардың аттестациясы;
• Топтардың жас ерекшелігіне арналған оқу кестесін жасау;
• Сабақ беріп, өткізуде тәрбиешілерге (бірінші кезекте жас мамандарға, жаңа бастаушыларға) әдістемелік көмек көрсету;
• Тәрбиешілерді педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерімен танысырып отыру;
• Ата-аналармен жұмысты нығайту;
• Топтарды ойындармен, ойыншықтармен, оқу құралдарымен қамтамассыз ету;
• Оқу -әдістемелік, тәрбие жұмысына үзбей талдау жасап отыру, сол негізде әдістемелік жұмыстын тиімділігін арттыру үшін нақты шаралар қолдану;
• Балабақша меңгерушісінің барлық тапсырмаларын орындауға. Білім және тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыру;
• Педагогикалық кеңесті уақытында дайындап, өткізіп отыру;
• Тәрбиешілер үшін ашық сабақтар, семинарлар, жеке топтық кеңестер, көрмелер, сайыстар жүргізіп отыру;
• Шығармашыл топ жұмысын ұйымдастыру ;
• Жанұялық тәрбие беру туралы папкалар, жылжымалы паапкалар, ата-аналарға стендтар дайындауды;
• Педагогикалық құжаттарды дер кезінде безендіреді;
• Педагогтын тәжірибесінен әр түрлі бағыттағы және мәселедегі еңбегін жалпылау және қалыптастыру;
Міне осы міндеттер мен ұстанымды жаңа технологияларды және оқыту мен тәрбиелеу әдістемелерін игеру, ұйымдастыру және психологиялық құралдарды өзгерту, үрдістерді ұйымдастырудың негізгі басшылық ұстанымы болып табылады. Осы ұстаным негізінде жаңашылдық қалыптасады. Жаңашылдықты енгізуді үйретуден бастау керек. Әр жұмысты тапсырмаларға бөліп, әр бөлімді жан-жақты түсіндіріп шығу керек.
Мысалы:
• түсіндіріп қоймай, өзіңіз соны істеп көрсетуіңіз керек;
• енді өзі жасап көруіне мүмкіндік беріңіз;
• атқарылған іске ағымдық бақылау жасау, міндетті түрде мадақтау;
• жетістікті айтып мақтауын жеткізу, ал кеткен кемшілікті өз мойыныңызға алып, оны өзіңізден іздеңіз.
Осы аталған ұстанымдарды ескерген жағдайда ғана әдістемелік жұмыс нәтижесі болары белгілі.
Әдістемелік жұмыс – мектепке дейінгі мекемедегі барлық педагог қызметкерлердің өз мамандығын жетілдіретін, шеберлікті арттыратын, озат тәжірибе мен ғылым жаңалықтарын өз жұмысына шығармашылықпен енгізетін бірден-бір жұмыс түрі.
Сондықтан да балабақша мәртебесін көтеру үшін өз алдыма оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін бірнеше талаптар қоямын.
• адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқы мен мүмкіндіктерін мойындау;
• өзара құрмет негізінде сенімділік ахуалды қалыптастыру;
• адамға өзін-өзі таныту, өз мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін жағдай жасау;
• бастамашылдықты, шығармашылық биімділікті, ұжымда өз орнын таба білуді барынша дамыту.
Балабақшаның әдістемелік бірлестік отырысында, кабинеттің жұмыс жоспары мен жұмыс қорытындысы, оқу-әдістемелік кабинеттің барлық қызмет бағытына байланысты, білім үрдісін жақсартудағы көкейкесті маңызы бар, педагог кадрлардың кәсіби біліктілігін үздіксіз қамту мәселелері мен проблемалары, оқу-әдістемелік кабинет жұмыс тәжірибесі қаралады. Педагогикалық үрдісті жетілдіру үшін балабақша практикасында тиімді тәжірибелерді қолдану бойынша ұсынымдар енгізіледі; әдістемелік кабинеттің қызметін жақсарту бойынша шаралар жоспарланады.

Өзіндік білім көтеру – педагогикалық ұжымның кәсіби дамуының
негізгі құралы.
Бүгінде ғылым білімге қояр талап артып, оқу жүйесі де күрделенген шақта жаңа қоғам педагогына жүктелер жүк еселене түсуде. Әдіскер- қауымы алдында жай білім беру ғана емес, сонымен қатар өркениет көшіне жол бастайтын, әрі ұлттық рухта сусындаған білімді, дарынды педагог тәрбиелеп шығару міндеті тұр.

Өз бетінше білім жетілдірудің басты бағыттары

Кәсіби шеберлігін, пәндік біліктілігін жетілдіру

Өзіндік танымдық шығармашылық қабілеттерін арттыру

Жалпы ой-өрісін кеңейту, жалпы білімін көтеру
Өткен курстар мен аттестация, сайыстар арқылы дамып отырыуы тиіс. Осыған орай арнайы жоспар құрылып сол жоспар жүзеге асырылып отыруы керек.
Тағыда бір айта кететін жайт ол- Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандарт талаптарын орындау мақсатында жылдық жоспарға сай бақылау және басшылық тексерулер жүргізілді.

Тағы да бір әдіскер алдында үлкен жұмыс ол –жас маман. Әдіскер педагогты білімінің үнемі толықтырылуына, балалармен жұмыста озық тәсілдер мен амалдарды меңгеруіне, тәрбиелеудің сырларын түсінуге бағыттайды. Тәжірибелі тәлімгер тағайымдайды. Әдіскер жас мамандармен өз жұмысын қызметтің үш аспектісін ескерумен құрады.

• «Аға тәрбиеші — жас маман» – жас маманның жұмыста оңай бейімделуі үшін жағдай жасау, оны қажет білімдермен, шеберліктермен, мүдделермен қамтамасыз ету;
• «Жас маман — бала мен оның ата-анасы» – педагог беделінің қалыптасуы, балалар мен олардың ата-аналарында оған деген құрмет, қызығушылық;
• «Жас маман — әріптес» – әріптестер тарапынан жан-жақты көмек пен қолдау көрсету. Жас маманға бағыт беру, еңбек жолына бағыттау.
.

Ал енді шығармашылық топқа келетін болсақ. Біздің балабақшада алты топ қана болғандықтан екі шығармашылық топ құрдық олар:

Бұл топтардың жұмысының қажеттілігі әр педогогтың өзін –өзі тану шығармашылық потенциалын көтеру, педагогтың кәсіптік дәрежесіне көңіл бөлу мақсатында құрылған. Әр шығармашылық топтарға арнайы педагогтарға жоспар құрылған. Ол жоспар мектеп жасына дейінгі мекемелерлерде жылдық жоспарымен сәйкестіре келе әр педогогтың жұмысы арқылы орындалады.
Шығармашылық топтың нәтижесі мен логикалық аяқталуы педагогтардың шығармашылық есептері болып табылады. Олар эксперименттік, зерттеу және ғылыми-әдістемелік жұмыстар бағдарламаларын іске асыру нәтижелері жөнінде әңгімелейді, өз тәжірибелерімен бөліседі, білім беру мекемесінің тәжірибесінде пайда болған мәселелері жөнінде айтады, инновациялар енгізуді ұсынады.
Әдістемелік жұмысымды аяқтай келе балабақшадағы ҰОҚ тоқталғым келеді. Ашық көрсетілім оқу-қызметі кезінде педагогпен тікелей байланыс орнатуға, қызықтыратын сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді. Көрсетілім тәрбиешінің өзінше шығармашылық зертханасына өтуге, педагогикалық шығармашылық үрдісінің куәгері болуға көмектеседі. Ашық көрсетілім ұйымдастырушы басшы бірнеше мақсат қоюы тиіс:
– тәжірибе насихаттауы;
– Ашық шараға барлық педагогтар қатысуы. Әр педагогикалық кеңес тақырыбына сай ҰОҚ өткізуі.
– Көруден кейін оның талқылауы ұйымдастырылады: алдымен педагог алдына қойған мақсаттары мен міндеттері, тәрбие-білім беру үрдісін көрсету барысында пайдаланған тәсілдері мен амалдары жөнінде әңгімелейді, содан кейін сұрақтар қойылып, ал ол оларға жауап береді. Кепілдеме керек болған жағдайда педагогтарға айтылады.

Тағы да айта кетерім;
Тәрбиеленуші қандай болсын десе, тәрбиеші де сондай болуы тиіс. Сондықтан ең алдымен тәрбиеші өз жұмысын дұрыс ұйымдастырып, оқу үрдісінде жаңа технологияларды, қызықты сценарилерді, ойындарды, мағыналы тәрбие жұмыстарын және т.с.с қолданса, қазіргі заманға сай, сағат сайын өзгеріп отырған әлемде өмір сүруге дайын, денсаулығын сақтай алатын, алған білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең ой-өрісі дамыған, ойын сауатты жеткізе алатын, басекеге жарамды тұлғаны өсіре алатын педагог боуы тиіс. Осы тұста әдіскер-педагогтарға жол көрсететін бірден бір тұлға, шамшырақ десе де болады. Әдіскер өз жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырса, жұмысы да, педагогтар жұмысы да нәтижелі болады. Бұл атқарылып жатқан жұмыстар осымен аяқталмайды, жалғасын тауып, қаламыздың ЕҢ ҮЗДІК БАЛАБАҚШАларының бірі деген аттақа жетуге ат салысамын.
Рухани жанғыру болашаққа жол бастар деп елбасымыз айтқан саясатына біз де бос қарап отырмай болашақ буынға сауатты білім беріп, өнегелі, саналы тәрбиеге беріп бүлдіршіндерімізді болашаққа заманауи бағытпен бағдар беру. Қазақстанның болашағы зор сондықтан болашағымызға жарқын, сауатты, заман талабына төтеп бере алатын буын тәрбиелеуге үлес қосамын

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Айтмамбетова.Б.Р. «Оқыту процесін ұйымдастыру» Алматы-1999 жыл
2.«Бала мен балабақша» журналы 2010 – 2014 жылдар
3. В.П.Дуброва,. Е.П.Милашевич «Организация методической работы в
дошкольном учреждении» Москва 1995
4. Е.Ю.Демурова,. Л.Ф.Островская «Балалар бақшасына басшылық жасау»
Алматы 1978
5. Ф.Н.Жұмабекова. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана-2012ж
6.Жұмағұлова.Қ.Шәріпбаева.Г. «Мектеп жасына дейінгі тәрбие теориясы және
әдістемесі» Астана-2007 жыл
7.Н.Ю.Честнова «Настольная книга воспитателя детского сада» 2005 года

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *