Компьютер қалай жұмыс істейді және қайда қолданады?
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Информатика
Тақырыбы: Компьютер қалай жұмыс істейді және қайда қолданады?
Мақсаты: Компьютердің қызметі және қолдану аясы туралы айту. Компьютердің қажеттілігі туралы баяндау. Балаларда техника және компьютер туралы түсінік қалыптастыру.
Көрнекіліктер:Компьютер құрылғыларының суреттері.
Сөздік жұмыс: Компьютер, жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан, қосу, өшіру
Іс-әрекет кезендері Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушы Компьютер құрылғылары және қолданыс салаларын сурет арқылы балаларға тақырыпты түсіндіру, олардың атқаратын қызметін түсіндіру. Балалар мұқият тыңдады. Компьютердің құрылғылары оның қандай қызметтерде қолданылатынын айтты.
Іздену –
ұйымдастырушы
Балаларға жаңа тапсырманы түсіндіру. Сөздік жұмысын жүргізу. Компьютер құрылғыларын балаларға қайталату. Балаларда компьютер туралы түсінік қалыптастыру. Компьютердің қай салада және не үшін қолданылатыны туралы мағлұмат беру.
Сергіту жаттығуы:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық. Балалар компьютер және оның қай салада қолданылатыны туралы айтты. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сергіту жаттығуы:
Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Артқа қарай бір адым
Алдыға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Рефлексивті-
коррекциялаушы Балалардың компьютер құрылғыларының атауын және қай салада қолданылатынын қаншалықты меңгергендігін сұрақтар қою арқылы анықтау.
Дене жаттығуын жасау.
1.Көз жанарын қозғалту
2.Басты бұру, оңға, солға
3.Оң жаққа, сол жаққа денені қозғалту
Оқу іс –әрекетін қорытындылау.
Балаларды мадақтау, бағалау. Балалар оқу іс-әрекетінен алған әсерлерімен бөлісті, сұрақтарға жауап берді.
Көз және дене жаттығуларын орындады. Бір –бірін мадақтап қол соқты.
Дене жаттығуын жасау.
1.Көз жанарын қозғалту
2.Басты бұру, оңға, солға
3.Оң жаққа, сол жаққа денені қозғалту
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:Компьютерді қайда қолданатындығын білу.Компьютердің қызметі, құрылғыларының атауы мен атқаратын қызметін білу.
Болуы керек:Балаларда жаңа сөздердің мағнасы туралы ұғым болу керек.
Қолынан келуі:Компьютердің қандай салаларда, қандай мақсатпен қолданылатындығын білу және есте сақтау.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718