Қоянға арналған сәбіз

Білім беру саласы: «Шығармашылық».
Бөлімі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Қоянға арналған сәбіз».
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейте отырып,қоянға сәбізді мүсіндеп беру.
Тұзды қамырды қолдарымен уқалау,домалақтау арқылы,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Қамқорлыққа,шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: қыс қызықтары.
Блингвальдік компанент: сәбіз-марковка,аққала-снеговик,қоян-зайчик.
-Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Сәлеметсіз бе!
-Көңіл-күйлерің қалай?
-Өте жақсы.
-Ендеше шаттық шеңберіне тұрайықшы.
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылсын,
Көкке шуақ шашылсын,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басығой,
Ал кәнеки бәріміз,
Сәлем дейміз үлкенге.

-балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі.
-қыс мезгілінде неше ай бар?
– 3 ай бар.
-сол үш айды атап шығайықшы?
-Желтоқсан ,қаңтар,ақпан айлары.
-Қыс мезгілін орыс тілінде қалай атаймыз?
-Зима
-ал қыс айларын ше?
-декабрь,январь,февраль.
-балалар қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-қар жауады,күн суық болады.
-Жарайсыңдар балалар,ендеше қыс мезгілі туралы жаттаған тақпақтарымызды айтып берейікші.
Раяна.
Қыс мезгілі көңілді,
Аспаннан ақ қар төгілді.
Шанамен біз ойнаймыз,
Шаңғы теуіп сырлаймыз.
Балнұр.
Қар жауғанда топабала,
Соқты қардан аққала.
Мұрны сәбіз үп-үшкір,
Көзі көмір,қап-қара.
Шахруза.
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды,
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
Султанали.
Балалар шықты далаға,
Ойнап,күліп жүр енді,
Шаналармен озады,
Аққаланы соғады.
-жарайсыңдар балалар,сендер қыс мезгілін қатты жақсы көресіңдер екен,сендер сияқты Әли мен Ая да қыс мезгілін жақсы көреді екен, тамашалайық.
Слайд: «Әли мен Ая»
-Қараңдаршы балалар қыс мезгілі өте көңілді мезгіл екен,қыс мезгілінде көптеген ойындармен ойнаймыз екен ,ендеше экранға қарап қыс мезгіліндегі ерекшеліктерды,ондағы қызықты ойын түрлерін тамашалайықшы.
Ғажайып сәт: (аққала мен қоян кіреді)
Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар менің мұрнымды жегісі келіп,қоян мені қуып келді,маған көмектесіңдер ші?
Тәрбиеші: қоян сен аққаланың мұрнындағы сәбізді жеп қойсаң,аққала мұрынсыз қаладығой,олай етпе.
Қоян: Олай болса менің біраздан бері шеше алмай жүрген тапсырмаларым бар еді,сол тапсырмаларды шешіп берсеңдер мен аққалаға тиіспеймін.
Тәрбиеші: балалар біз қоянның тапсырмаларын шешуге көмектесеміз бе?
-Иә көмектесеміз.
Ендеше тапсырмаларды орындамас бұрын тіл ұстарту жаттығуын жасап алайық:
Ша-ша-ша, жап-жасыл шыршы,
Ар-ар-ар, қандай аппақ қар,
Ыс-ыс-ыс, келіп қапты қыс,
Ла-ла-ла, соғамыз қардан аққала.
-Ой жарайсыңдар балалар ,ендеше 1-ші тапсырманы орындайық.
І-тапсырма: «Артығын тап» (экраннан шыққан суреттің қыс мезгіліне тиесілі емес суретін тауып айтуларың керек екен).
Балалар біз қоянның І-ші тапсырмасын орындадық,ендеше елесі тапсырмаға қарайық.
ІІ-тапсырма: «Бақта ма,бақшада ма?» дидактикалық ойын,бұл жерде жемістер мен көкөністерді бақта немесе бақшада өсетінін ажыратып берулерің керек екен.
Аққала: -Ой жарайсыңдар балалар ,сендер өте тапқыр ,білімді екенсіңдер ,сендерге қарап қуанып тұрмын.Тапсырманың барлығын орындап менің мұрнымды аман алып қалдыңдар ,ендеше ІІІ-тапсырманы менде сендермен бірге орындайыншы?
Тәрбиеші: иә аққала орында ІІІ-тапсырма сергіту сәті екен,қоян сен де орындасаң болады.
ІІІ-тапсырма Сергіту сәті.
Аққала : балалар бір серігіп қалдық қой,өлең де мен туралы екен,мен өте қуаныштымын.
ІV-тапсырма. «Отбасы мүшелерін ата?»
Шарты: отбасы мүшелерін атап,рет-ретімен вагондарға орналастыру керек екен.
Тәрбиеші: Ал,Қоян біз сенің төрт тапсырмаңды орындадық.Енді V-тапсырмаңа біз саған арнап сәбіз мүсіндеп берейік.
V-тапсырма: «Қоянға арналған сәбіз мүсінеу».
Тұзды қамырмен сәбізді мүсіндеу.
Тәрбиеші: Ал,Қоян ьіз саған арнап сәбіз мүсіндедік,енді Аққаланың мұрнына тиіспе,жарайды ма?.
Қоян: Иә,сендер менің шеше алмай жүрген тапсырмаларымның барлығын орындап бердіңдер,ендеше Аққала кел екеуміз дос болайықшы,мен сенің мұрныңа тиіспеймін.
Қорытынды:
-Балалар ,бізге бүгін кімдер келді?
-Қоян мен Аққала келді.
-Қоян неге Аққаланы қуып келді?.
-мұрнындағы сәбізін жеп қойғысы келіп қуып келді.
-біз Қоянға не мүсіндеп бердік?
-сәбізді мүсіндеп бердік.
-жарайсыңдар балалар,сендер Қоянның барлық тапсырмаларын орындап Аққалаға көмектестіңдер,сендер сәбізді де керемет жасап бердіңдер,сендерге көп рахмет.
Ендеше келген қонақтар мен қоштасайықшы.
Сау болыңыздар!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *