Термодинамика негіздері

Пән:  Физика Мектеп:   №28 жалпы білім беретін орта мектеп.
Сабақтың тақырыбы: «Термодинамика негіздері» тарауын қайталау
Күні: Мұғалімнің есімі: Турсумбекова Б.Д
Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оқушылар  «Термодинамика негіздері» тарауы бойынша алған теориялық  білімдерін танымдық  және қырағылықпен есте сақтау қабілеттерін қолдана отырып есептер шығару барысында пайдаланады.
Күтілетін нәтиже Барлық оқушылар:
Табыс критерийлері:

1.    Термодинамиканың І заңын өрнектей алады.

2.     Ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін түсіндіреді алады.

3.     Теорияны практикада қолданады.

4.     Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-ін есептеп, олардың тиімділігін ажыратады.

1. Физикалық шамаларды ажырата біледі

2. Халықаралық бірліктер жүйесіне келтіре алады

Оқушылардың басым бөлігі:
1.    Ережелерді қолданып, есептер шығара алады.

2.    Физикалық формулаларды түрлендіреді.

Кейбір оқушылар:
Бірнеше формулаларды түрлендіріп, шығармашылық тұрғыдан жұмыс жасайды.
Тілдік мақсат Оқушылар
  Ереже айтуда, есептер шығаруда физикалық терминдерді пайдаланып,  сөйлей алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер
Термодинамикалық параметрлер, жылусыйымдылық, ПӘК,Бойль-Мариотт заңы, Гей-Люссак заңы, Шарль заңы
Сыныптағы диалог / жазылым  үшін  пайдалы  тілдік бірліктер айтылымын жақсарту, ауызша сөйлеу дағдылары дамиды,  сұрақтар қоя алады. Таңбалар ережесін пайдаланып, физикалық символдарды дұрыс жаза алады.
Талқылауға арналған тармақтар  топтарға бөлініп берілген тапсырмаларды талқылайды.
Сіз неліктен…………екенін айта аласызба?

Өмірде қажеттілік маңызы бар болғандықтан, қажеттілігіне қарай қолдана білуге үйренеді.

Алдыңғы оқу Жылу қозғалтқыштары
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Бағалау Ресурстар
Басталуы

(15 мин)

 

І. Ұйымдастыру бөлімі

– сыныпты түгендеу;

-сыныпты топқа біріктіру;

– бағалау парағын үлестіру

ІІ. Үй тапсырмасы. «Телеграмм әдісі»

–       Ішкі энергия

Ø Ішкі энергия дегеніміз не?

Ø Ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін атаңыз

Ø Идеал газ дегеніміз не?

Ø Ішкі энергияның формуласын  жазыңыз

Ø Меншікті жылусыйымдылығы дегеніміз не?       

–       Изопрцесстер

Ø Изопроцесстерді атаңыз

Ø Қысым тұрақты болатын процесс

Ø Жұмыс қай процессте нолге тең болады

Ø Бойль- Мариотт заңы қай процесте орындалады?

Ø Суреттегі изопроцесстерді атаңыз?

–       Термодинамиканың І заңы

Ø Термодинамикалық параметрлерді атаңыз

Ø Термодинамиканың І заңы

Ø Формуласын жазыңыз

Ø Термодинамикадағы жұмыстың формуласын жазып көрсетіңіз

Ø Менделеев –Клапейрон теңдеуіндегі қысым мен көлемнің көбейтіндісі, термодинамиканың І заңындағы қандай физикалық шамаға тең

–       Жылу қозғалтқыштары

Ø Қайтымды процесс дегеніміз не?

Ø Отынның  ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдыратын қозғалтқыштарды

Ø Жылу қозғалтқыштарының түрлерін атаңыз

Ø ЖҚ-ң ПӘК –ін анықтайтын формуланы жазып көрсетіңіз

Ø С.Карно идеал жылу машинасының ПӘК –ң формуласын  жазыңыз

 

 

Тақтада төрт түрлі физикалық терминдердің атаулары жазылған слайд тұрады. Олардың әрқайсында 5 түрлі сұрақтар жасырынған. Әрбір  сұрақ 10,15,20,25 баллдық шәкілмен бағаланған. Әр топ өз қалаулары бойынша сұрақтарды таңдайды.   Сұрақты  таңдаған топ дұрыс жауап берсе, онда балл сол топта қалады. Ал дұрыс жауап бермеген жағдайда бірінші болып қол көтерген топ жауап беру мүмкіншілігіне ие болады. Ноутбук , слайд

10-сынып

Физика пән оқулығы

Авторы: Д.М.Қазақбаева,Б.А.Кронгарт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 

(20мин)

 

 

 

Сабақтың соңы

(5 мин)

 

Оқушыларға  «Қос күнделік»   парақшаларын ұсынамын. Бұл парақшаның сол жақ бетіне оқушылар өздерінің осы тарау бойынша алған білімдерінің есте қалғанын жазып шығады.

 

ІІІ. «Аукцион»  әдісі.  Оқушылар есептер шығармас бұрын  әрқайсысы өз есептерінің құнын анықтап алады. Себебі, олардың есептерді шығару барысында әрбір дұрыс жауаптарына қосымша  балл қосылып, ал

дұрыс берілмеген жауаптарынан сол балл алынып тасталынып отыратын болады.

1.      Егер құты ішіндегі қысым 10 5 Па, ал ауа  молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы 5* 10 -21Дж болса, онда радиошам құтысындағы ауа молекуларының концентрациясы неге тең?

2.      Қысымы 10 3 Па ауасы бар ыдыстың көлемі 15 м3. Оның көлемі 10 м3 бос ыдыспен қосқандағы соңғы қысымын табыңыздар

3.      Көлемі 20*10-3 м3 баллонда массасы 2 кг, температурасы 270 С болатын сығылған сутек бар. Газдың қысымы қандай?

4.       Қысымы 2*10 5 Па болатын газ  молекуласының концентрациясы 5*1025 м-3 . Оның молекулаларының ілгерілмелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын анықтаңыз.

5.      10 моль бір атомды идеал газдың 270С температурадағы ішкі энергиясын анықтаңыз.

6.      Идеал газды поршенмен сығады, әрі қыздырады. Егер газдың көлемі 5 есе кеміп, ал қысымы 7 есе артқан кездегі, оның ішкі энергиясы.

7.      Массасы 20 г белгісіз газды тұрақты қысымда 10 К-ге қыздыру үшін 182,4 Дж, ал тұрақты көлемде қыздыру үшін 129,8 Дж жылу мөлшері қажет. Бұл қандай газ. (оттегі – 0,032 кг/ моль)

8.      Ыдыстағы газдың қысымы 250 кПа. Газға 550 к Дж жылу берілгенде, изобаралық жолмен көлемі 3 м3-ге ұлғаяды. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі. (200 кДж –ға кемиді)

9.       Ыдыстағы  220 К температурадағы  газдың қысымы  80 кПа- ға тең. Осы кездегі  ыдыстағы газдың концентрациясын табыңыздар.

 

IV. «Қос күнделік»  әдісі. Оқушылар өздерінің қолдарындағы «Қос күнделік» парақшаларының оң бөлігіне сабақ соңындағы «Термодинамика негіздері»тарауы бойынша алған білімдерін тиянақтап, толықтырып жазады , сонымен қатар  сабақ туралы  пікірлерін қалдырады.

V. Қорытынды. «Физикалық терминдер сөйлейді» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.

Үйге  тапсырма. «Термодинамика негіздері» тарауын қайталау.

Бағалау .

Слайдтағы дұрыс жауаптарға қарап, критерийлер бойынша өзгені бағалау

 

 

Әр оқушы өз деңгейлері бойынша есептерді шығарады. Нұсқаулықта көрсетілген кестеге сәйкес әр топ өз балын таңдап алады. Есептерді уақытқа  шығарады. Осы уақыт аралығында шығарылмай қалған есептердің жауабын, шығарған топ лотқа шығарып сатады. Сатып алған топтың балы, есепті шығарған топқа өтеді.

«Бас бармақ» тәсілімен топты бағалау

 

Жинаған балдары арқылы топты, жеке оқушыларды бағалау

 

 

 

 

 

Слайд, үлестірмелік қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау парақшалары

Қосымша ақпарат:
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз  қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылар

дың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
·                    Үлгерімі төмен оқушыларға ЖАДА ұйымдастыру арқылы деңгейлік тапсырмалар беремін.

·                    Қабілеті жоғары оқушыларға жоғары дәрежелі сұрақтар қоямын.

(Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау, қарым-қатынас мәдениеттілігін ұстануларына түрткі болу, тапқырлық танытуын мадақтау, оқушының ерекше іс-қимылына лайықты мадақтаулар айту,  есептің шешімін табуда тығырыққа тірелген оқушыға қолдау көрсету…)

·         Табыс критерийлері

·         Бағалау критерийлері

·         Бірін-бірі бағалау

·         Топты бағалау

·         Өзін-өзі бағалау

·         Бағалау парақшалары

·         Кері байланыс

Математика, экология

Интерактивті тақтаны  тек уақытты үнемдеу үшін пайдаланамын

Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту.

Оқушыларды өз-бетінше ізденуге, бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Рефлекция

Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар  не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен

 

 

Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескерәңіз)?

1.Сабақты жаңа әдіс-тәсілдер пайдаланып өту – оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырды.

2.Бағалау кезеңдерінде өзін-өзі, өзгені және топты бағалау – нақты бағалау критерийлерін бергендіктен табысты болды. Оқушылар әділ бағаланды.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1)Сабағымды Б.Блумның таксономиясына негіздеп жоспарлағаным тиімді болды.

2)Уақытты үнемдеу үшін пайдаланылған АКТ-лар оқытуды жақсарта алды.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы  менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Келесі сабақтарыма жоспар құрғанда  сабақтың теориялық емес, практикалық бағыттарына, өмірде қажеттілік тұстарына көбірек назар аударамын.

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *