Менің үйім
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:3 бөлім «Менің отбасым және достарым»
Мектеп: Черноярка жалпы орта білім беру мектебі Мұғалімнің аты–жөні: Талғатбек Нұрсәуле Пәні: дүниетану Күні: Сынып:1 сынып Қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Менің үйім | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.3.1 Өз мекен-жайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау.
1.1.3.2 Өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін,ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау. |
|||||||||||
Сабақ мақсаттары: | 1.Өз мекен-жайын атауын және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттап айтады.
2.Өзі тұратын өлкесінің көшесін, ғимараттарын, көрнекі жерлерін талқылап, баспана түрлерімен танысады, өз бөлмесін сипаттайды, сұлбасын салады. |
|||||||||||
Бағалау критерийі: | 1.Өзінің мекен-жайы, елді мекенінің атауын сипаттап айтып береді.
2.Өз үйіндегі бір бөлмені сипаттауды және сұлбасын салуды үйренеді,баспана түрлерін біледі. |
|||||||||||
Тілдік мақсаттар: | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер
баспана – жилище – house жайлылық – уют – comfort киіз үй – юрта –yurt |
|||||||||||
Талқылауға арналған сұрақтар: | ||||||||||||
– Баспана деген не?
– Мекенжай деген не? |
||||||||||||
Құндылықтарға баулу: | Шығармашылық құндылық, ұлттық мәдениет, сыни тұрғысынан ойлау | |||||||||||
Пәнаралық байланыс: | Математика, ағылшын, орыс тілі, көркем еңбек | |||||||||||
Алдыңғы білім: | Отбасындағы мерекелер | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланған | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы
Айтылым 7 минут
Топқа бөлу
Сабақтың ортасы 28минут Айтылым және тыңдалым
Сергіту сәті
|
«Шаттық шеңбері»
Қайырлы күн –табиғат Жайқалып өссін–өсімдік Жайнай берсін –орманымыз Биік болсын–тауларымыз. Сәтті болсын–сабағымыз. Бүгінгі сабақта барлығына сәттілік тілеймін.
«Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу.Қаланың көрнекі жерлері, көшелері, ғимараттар қима бөліктерге бөлінген. Оларды біріктіру арқылы топқа бөлінеді. -Нелердің суреті шықты? -Оларды басқаша тағы қалай атаймыз? (үйлер) Бүгінгі сабақта үй туралы айтамыз.Тақырыбымыз «Менің үйім» деп аталады. Бүгінгі сабақта өз үйлерің, көшелерің туралы және ондағы көрнекі жерлер туралы айтасыңдар. – Баспана түрлерімен танысасыңдар. – Бұрынғы кездегі баспана және қазіргі кездегі баспананы салыстырасыңдар. -Үй дегеніміз не? -Үй не үшін қажет? – Қандай үйдің түрлерін білесіңдер? «Үй» сөзі латынның «домус»деген сөзінен шыққан, бұл «баспана», «шаруашылық» дегенді білдіреді. Сондықтан адамдар өмір сүретін, тіршілігін жасайтын «мекенді үй» деп атайды. Адам баласы үшін үй – баспана, қорған және жайлылық мекені. Оқулықпен жұмыс. Бұрынғы кездегі баспана мен қазіргі баспананың қандай айырмашылығы бар? Әр халыққа тән тұрғын үйдің көптеген түрлері бар: Арабияда –шатыр, Америкада – вигвам, типи, хоган, Бразилияда – хижина (лашық), Гренландияда – иглу, Испанияда – пальясо, Қырғызстанда, Монғолияда – киіз үй, Қытайда – фанзай, Ресейде – изба (ағаш үй), Украинада – хата (там).
«Миға шабуыл»әдісі. Оқушыларға интербелсенді тақтадан киіз үйдің суретін көрсету, қайдан көргені жөнінде сұрау. Киіз үйді қайдан көрдіңдер? /суреттен, мерекеден, ауылдық елді мекенде және т.б./ «Киіз үй» туралы бейнеролик көрсетіледі. Толық мәлімет беріледі. 1 -тапсырма: «Ойды жалғастыр» әдісі. Балалардың бейнероликтен алған білімдерін тексеру мақсатында алынады. Киіз үйдің негізін ағаш қаңқа құрайды….. Дескриптор: Бейнероликті зейін қойып тыңдайды. Сұраққа жауап береді.Естіп көргендерін баяндайды. Сөйлемді аяқтап,өз ойын жеткізе алады. ҚБ: «Қосу және алу»әдісі. Сен білесің бе? Оқушылар мәтінді оқып шығады. Өткен сабақта танысқан «дәстүр» сөзінің мағынасын еске түсіреді. Шаңырақ- бұл отбасының белгісі. Ертеде дәстүр бойынша киіз үйдің шаңырағы әкеден балаға мұраға қалған. Оқушылар үшбұрыш, төртбұрыш болып үйді және шеңбер жасау арқылы щаңырақты құрастырады. 2- тапсырма: Жұптық жұмыс. «Сұхбат» әдісі Мен сені қонаққа шақырамын. Мен Ақсу қаласында тұрамын. Мен Б.Момышұлы көшесіндегі 19 үй 12-пәтерде тұрамын. Бұл көшенің басында «Камея» сауда орталығы бар. Біздің үйдің жанында«Жұлдыз» дүкені бар.
ҚБ: «Бірін-бірі бағалау» Жұптар бірін-бірі, қол қысу арқылы бағалайды.
«Сұрақ –жауап»әдісі. Суретпен жұмыс. – Көмек деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Сен отбасыңа қалай көмектесесің? -Оқушы бала неліктен өз портфелін таба алмай жатыр? – Оқушы балаға мінездеме береміз. Үйдегі жайлылық – бұл тәртіп пен тазалық.Үйдегі тәртіпті отбасының әр мүшесі сақтауы тиіс. Өзіне қызмет көрсету – бұл жайлылық пен тазалық сақтауға бағытталған қызмет түрі. Баспана, жайлылық, киіз үй сөздерін үш тілде қалай айтылатынын сұраймын. баспана – жилище – house жайлылық – уют – comfort киіз үй – юрта – yurt
ҚБ: «Басбармақ»әдісі
«Модельдеу» әдісі. 3-тапсырма. Дескриптор:Киіз үйдің суретін құрастырады, бөлшектерін айтады.
2 топ:Өзі тұратын үйінің бір бөлмесін қима суреттер арқылы желімдейді. Дескриптор:Өз үйінің бір бөлмесін сипаттап көрсетеді.
3 топ:Өзі тұратын үйді ермексазбен мүсіндейді. Дескриптор:Өз үйің ермексаздан жасайды.
Кері байланыс: «Доп лақтыру» әдісі – Үйдің мекенжайы деген не? – Үйдің мекенжайына нелер кіреді? – Баспананың қандай түрлері бар? – Мекенжай сөзін үш тілде айтыңыз. – «Үйдегі жайлылық» ұғымы нені білдіреді? |
Қима суреттер
Дүниетану.Мұғалімге арналған нұсқаулық
Слайд көрсету
Бейнеролик көрсету https://youtu.be/Dkm6Z4k2kCI
«- +»
3-тарау. Менің отбасым және достарым 34бет.
Қалам, қағаз Түрлі түсті қарындаштар
Интербелсенді тақтада
А3,Желім, диван, теледидар, шкаф,кітаптар сөресі,үстел, компьютер,тоңазытқыш, орындық т.б.
|
||||||||||
Сабақтың соңы
5мин |
Рефлексия:«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі. Әр оқушы сабақты қалай меңгергенін көрсетеді.
болашақта керек болады білемін, бірақ әлі де оқуым керек, толықтыруым керек. керек емес, артық
|
|||||||||||
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718