Адам ағзасы үшін негізгі дәрумендердің маңызы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
8.1D Қоректену |
Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||
Күні: 15.10.2019ж | Мұғалімнің аты-жөні: Әлиева А | |||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Адам ағзасы үшін негізгі дәрумендердің маңызы | |||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 8.1.2.5 адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау
8.1.2.6 құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түліктер тізімін жасау |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Ø Дәрумендерге сипаттама беру;
Ø Авитоминоз, гипервитаминоз болған жағдайдағы ауру түрлерін атау; |
|||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | ü Дәрумендердің маңыздылығын сипаттайды
ü Құрамында дәрумендердің қажетті мөлшері бар азық-түліктердің тізімін жасайды ü Ағзадағы дәрумендердің жетіспеушілігінен туындайтын ауруларды сипаттайды |
|||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Дәрумендердің маңыздылығын сипаттайды Дәрумендердің жоғары құрамы бар тамақ өнімдерінің тізімін құрып жазады. Таныстырылымда дәрумендердің жетіспеушілігінен туындаған аурулардың белгілері мен алдын алу жолдарын тиісті терминологияны қолдана отырып, ауызша жазбаша сипаттайды Пәнге қатысты лексика мен терминология Дәрумендер, А, В, К, Е, С, D дәрумендері, авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминоз, ақшам соқыр, бери-бери, цинга, рахит, пеллагра. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы С дәрумені жетіспегенде …ауруы туындайды. Рахит ауруы… дәруменінің жетіспеуіне байланысты. В дәрумені жетіспегенде …ауруы туындайды. Авитаминоз …байланысты. |
|||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.
Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады.
|
|||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | медицина | |||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Оқушылар қоректену тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттердің бірі болып табылатынын біледі (6 сынып).
Ас қорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі арасындағы байланыс, қорытылу үдерісі, ассимиляция, сіңірілу (8 сынып). |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | ||||||||||||||||||||||||||||
0-4 мин
|
Топқа бөлу: витамин конфеттер түстері арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді.
Тақырыптың өзектілігін ашу үшін оқушылардан дәрумендер туралы видеоматериалды тамашалау сұралады. «Авитаминоз» видео материалы бойынша мына төмендегі сұрақтар қойылады. 1.Дәрігер-эпидемиолог Джозеф Гольдбергерг ауруға себеп болатын қай дәруменді анықтады (В3 дәрумені. Ниацин.) 2.Пеллагра ауруының белгілері қандай? (Терінің жойқын бөртуі, күйзеліс және дірілдеу) 3.Сдәруменінің жетіспеуінен қандай ауру туындайды. (цинга ауруы) 4.D дәруменінің жетіспеуінен қандай ауру туындайды. (мешел ауруы) Бағалау:Дұрыс жауапқа бір-біріне «Лүпіл» ♥ береді. Сонымен сабақтың тақырыбы не туралы деп сұрау арқылы сабақтың тақырыбы анықталады. сабақтың мақсаты оқушыларға таныстырылады. |
https://www.twig-bilim.kz/kz/film/vitamin-deficiencies
1-2 слайд |
||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | ||||||||||||||||||||||||||||
4-19 мин
|
“Бір орынды қозғалыс ” әдісі арқылы оқушыларға дәрумендердің түрлері, қасиеттері, ағзадағы физиологиялық маңызы, жетіспеушілігі кезінде туындайтын аурулары, олардың белгілері, алдын алу үшін қажетті мөлшері жеткілікті кездесетін тағам түлері туралы ақпарат парақшалары ұсынылады жазылған парақша беріледі.Алдымен жұп болып, кейін топ парақшаларды жапсырмалау арқылы топтастыру сызбасын дайындайды . І- топ А Д С ІІ топ В1 В2 В6 В12 ІІІ топ РР Е К Қосымша материалдары
Бағалау:Дұрыс жауапқа «Лүпіл» ♥ беріледі. Тәуліктік мөлшері: 60-100 мг 1,5 -2,5 мг 1-2 мг Ересектер – 2,5мг Балалар- 12,5 мг 2-2,5мг 1,5-2 мг 10-20 мг 0,2-0,3 мг
|
3 слайд | ||||||||||||||||||||||||||
20-35мин | Жинақтаған ақпаратты түсінгенін көрсету үшін, алған білімді қолдана білу үшін оқушыларға рөлдік тапсырмалар беріледі.
«Ролдік ойын» стратегиясы. Рөлдер:Дәрігер мен пациент Тақырып: диагноз қою І топ – рахит ауруы ІІ топ- ақшам соқыр ІІІ топ- семіздік Пациент:1. Менің көзім жиі ауырады,теріскен көп шығады/ С дәруменінің жетіспеушілігінен (дәрігер түсіндіреді) 2.Қолымның сырт жағы ,аяғым ауырады,жылы мен суықты сезбейді- В1 дәруменінің жетіспеушілігінен 3.Мен соңғы уақытта ұмытшақ болып бара жатырмын,бұған не себеп? 4.Авитаминозды қалай анықтауға болады?
Дескрипторлар: Ролдің шынайы ойналуы ♥ Диагноздың дұрыс қойылуы ♥ Ағза үшін дәрумендер ролінің ашылуы♥
Бағалау: «Лүпіл» ♥ беру арқылы бағаланады.
|
4 слайд | ||||||||||||||||||||||||||
36-38мин | Оқушылар «Экономикалық тиімділік» ойынын ойнайды. Ойынның мақсаты: тағам өнімін жарнамалау. Оқушылар жарнамалау барысында:тағамның құрамы,оның бағалық категориясы, адам ағзасы үшін маңыздылығы сияқты аспектілерін ойластыру қажет. Әсіресе тағам өнімін құрамындағы дәруменнің мөлшеріне, ағза үшін маңызы, ағзада жетіспеушілігінен туындайтын аурулардың алдыну алудағы рөліне байланысты ақпараттар ұсынылады. Жарнаманы әзірлеу үшін оқушыларға дәрумен түрлері, ағзадағы маңызы, жетіспеушілігінен туындайтын аурулар, олардың алдын алу үшін қажетті тағам өнімдері мысалдары туралы ресурс көздерін ұсынады. Сонымен қатар оқушыларға кез келген тиімді ақпаратты қосуына болады.
Мұғалім оқушыға жарнама даярлау барысында бағыт береді және қолдау көрсетеді. 1- В12 дәрумені бар құнарлы тағам рецепін ұсыну 2- С дәрумендері бар құнарлы тағам рецепін ұсыну. 3-топ В1 дәрумені бар құнарлы тағам рецепін ұсыну
Дискриптор: 1.Дәруменнің адам ағзасындағы маңызы ♥ 2. Мөлшері көп азық-түліктердің тізімі (кем дегенде 3) ♥ 3. Авитоминоздың алдын алу жолдарын қамтиды. ♥
Ресурс ретінде оқушыларға ақпараттық парақшалар, видеоматериалдар, ммүкін болса қосымша интернет көздері ұсынылады. Бағалау:«Лүпіл» ♥ арқылы бағалану
|
5 слайд | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | ||||||||||||||||||||||||||||
39-40 мин
|
Кері байланыс:
«Табысқа жету баспалдағы» Оқушылар бүгінгі тақырыпты қалай түсінгенін табысқа жету баспалдағы бойынша белгілейді. Стикерге ойларын толықтырып, жинаған “Лайк”♥ санымен басқалдаққа орналасады.
1-ші: Мен бүгінгі сабақта ….туралы түсінбедім, көңіл күйім нашар болды 2-ші:Мен бүгінгі сабақта ….туралы жартылай ғана түсіндім, көңіл күйім орташа болды 3-ші: Мен бүгінгі сабақта …туралы жақсы түсіндім, көңіл күйім көтеріңкі болды Үй тапсырмасы:
|
6 слайд
7-слайд |
||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Рөлдік ойын таңдаған кезде оқушылар өздерінің қабілеттері мен дағдыларына сай жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
|
|||||||||||||||||||||||||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Жеке жұмысты бағалау – мұғалімнің тарапынан кері байланыстар арқылы жүзеге асырылады
Өзара бағалау-оқушылардың лүпіл арқылы топтық жұмыстарды бағалауы кезінде жүзеге асырылады |
|||||||||||||||||||||||||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Партада дұрыс отыруына назар аудару. Топтық жұмыс кезінде оқушылар белсенді қозғалады. |
|||||||||||||||||||||||||||
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718