Күнмен бірге саяхат
«Бекітемін»
«Рабиға» балабақшасының
директоры Нуртаева М.А.
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу – қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Күнмен бірге саяхат» І кіші топ
Тәрбиеші: Бурханова П.К.
Мұнайлы ауданы 2019 жыл
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Күнмен бірге саяхат!»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды түсті ажырата білуді үйрету, таныс заттарды көлеміне қарай ажырату, үлкен және кіші ұғымдарын қалыптастыру. Қоршаған ортада бір және көп затты білуді дамыту.
Дамытушылық: Тіл байлықтарын жетілдіру, сөз қорын молайту. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Оқу қызметінің барысы:
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге кім келіп тұр? Дұрыс айтасыңдар бізе шуағын шашқан күн келіп тұр. Барлығымыз күнмен бірге амандасайық.
Балалар: Сәлеметсізбе «Күн Ана»
Тәрбиеші: Ендеше балалар қараңдаршы бізге көптеген қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасайық. (үш тілде амандасу)
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
(Балалардың жауаптары)
Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдар балалар. Көктем мезгілінде күн жылынады.
Балалар күн бізге тек келген жоқ, ол бізді саяхатқа шақырып тұр, бірақ саяхатқа кетер алдында біз күннің тапсырмасын орындайық!
Балалар менің қолымдағы не көріп тұрсыңдар?
(Балалардың жауаптары)
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар доп, доптың түсі қандай?
Ал, балалар қарандаршы мында түрлі түсті доптар бар, ендеше осы доптарды мына ыдыстарға түсі бойынша жинау керек .
– Жарайсыңдар, балалар мына тапсырманы дұрыс орындадық.
– Ал, ендеше күнмен бірге саяхатқа шығайық.
Балалар қараңдаршы біздің жолымызда көл ағып жатыр, осы көлден өту үшін бізге көпір қажет.
Тастардан көпір жасау
– Балалар мында үлкен және кішкентай тастар жатыр екен, көпірді жасау үшін бізге үлкен тастар қажет. Тастардың арасынан маған үлкен тастарды алып келіңдер. (үлкен тастардан көпір жасау)
(Балаларды тастардың үстінен жүргізіп өткізу)
Балалардың алдынан шырша арасынан мұнайып тұрған көжек шығады.
Тәрбиеші: Балалар мынау не; Көжек сен неге мұңайып тұрсың?
Көжек: Мен адасып кеттім.
Тәрбиеші: Сен қайда тұрасың көжек ?
Көжек: Мен әжеммен бірге тұрамын.
Тәрбиеші: Сен мұңайма көжек, біз саған көмектесеміз. Сені әжеңнің үйіне апарамыз. Қане, балалар көжектің көңіл күйін көтерейікші, оған біз тақпақтарымызды айтып берейік.
Қоян секең қағады,
Сәбізді іздеп табады.
Үйшігіне барады,
Ауқаттанып алады.
Сергіту сәті:
Зайке холодно сидеть
Надо лапочки погреть
Лапки вверх, лапкий вниз
До носочков дотянись.
Лапки ставим на бачок
Прыг – скок, прыг – скок
Тәрбиеші: Балалар саяхатымызды ары қарай жалғастырайық. (Әтештің дауысы) Балалар мынау ненің дауысы, дұрыс айтасыңдар Әтештің дауысы.
– Әтеш сенің неге көңіл күйің жоқ?
Әтеш: Балалар мен үйімнен шыға алмай отырмын, түлкі менің құйрымғымды алып кетті.
Тәрбиеші: Сен мұңайма әтеш, біз саған көмектесеміз. Қараңдаршы балалар, үстел үстінде түрлі түсті көп әтештер бар, бірақ олардың құйрықтары жоқ.
Қыстырғыштардан әтештерге түстері бойынша құйрықтар жасап берейік.
Қыстырғыштармен әтештермен құйрық жасау.
Тәрбиеші: Ал, енді балалар біздің әтештеріміздің қарны аш екен, әтештерді жемдеу керек. Әтештер бұршақтарды жақсы көреді, бірақ мына ыдыстарда бұршақ пен күріштер араласып кеткен, осының ішінен бұршақтарды бөлекыдыстарға салайық. \бұршақ пен күрішті ажырату\
– Өте жақсы балалар. Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.
– Қараңдаршы балалар біз аженің үйіне қалай келіп қалғанымызды білмей қалдық. Көжек мынау сенің әжеңнің үйі ғой, біз саған сенің әжеңнің үйін тауып бердік.
Әже: Сәлеметсыңдар ма, балалар! Рахмет сендерге көжегімді тауып бергендеріңе. Сендерге кім көмектесті менің үйіме жолды табуға?
Тәрбиеші: Әже, біз сізге айтпаймыз бізге кім көмектескенін, біз сізге сурет арқылы көрсетеміз.
Қане балалар әжеге суретарқылы бізге кім көмектескенін көрсетейік.
Құм терапеясы: күннің суретін салу
Әже: Балалар сендерге күн көмектескен екен ғой, Рахмет саған Күн!
Тәрбиеші: Ия , әже бізге күн көмектесті!
Әже: Рахмет, сендерге балалар! Менің сендерге дайындап қойған сыйлығым бар. (Балаларға бауырсақ тарату)
Тәрбиеші: Рахмет, әже. Сау болыңыз.
– Балалар біз кіммен бірге саяхатқа шықтық?
– Күннің қандай тапсырмаларын орындадық?
– Сендерге саяхат ұнады ма?
(Балалардың жауаптары)
Өте жақсы балалар, бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Осымен оқу қызметіміз аяқталды, сау болыңыз.