1наурыз – Алғыс айту күні
1наурыз-Алғыс айту күні.
Мақсаты:Балалардың “сыйластық”құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру.
үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін,сыпайлық қарым-қатынас дамыту;
әдептілікке,ізеттілікке тәрбиелеу;
Көрнекіліктер:оқулық,дәптер,сандықша
І.Ұйымдастыру кезеңі.Шаттық шеңбері
Оқушылар тізбектеліп,бір-біріне тілек білдіріп шығады.
Ризашылық өлеңін оқу
Ризамын бүгінге
Ризамын бүгінге
Ризамын бүгінге
Ризамын қазірге!
ІІ.Кіріспе.Дәйек сөз.
“Өмірге риза болып,алғыс айт”
Әңгімелесу.
Ризашылық деген не?
Алғыс дегенді қалай түсінесіндер?
Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
Балалардың жауаптары тындалады.
ІІІ.Негізгі бөлім.
Ризашылық-адамның басқа адамнан көрген жақсылығы,көмегі,көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі.
Алғыс адамның адамға деген жасаған жақсылығы,көмегі,оның ойы мен ісі,жасаған істеріне жоғары баға беру.
Топпен жұмыс
І топ:Мұғалімнің және сыныптастарының қыз баланы туған күнімен құттықтау
ІІ топ:Ағалы-қарындас туыстардың үйіне келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау
ІІІ топ:Сендер қандай жағдайда риза боласындар?
Проблемалық сұрақ “Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы бар?Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз қажет?”
Бейне-ролик “Жақсылығын қайтар өзіне”
ІҮ.Қорытындылау
Балалар,жылы сөз,қайырымды іс,жақсы ой,кіршіксіз сезімдерінді ешкімнен ешқашан аямаңыздар.”Рахмет”деген қасиетті сөзді жиі айтындар.Адам алғыс пен ризашылық естіген сайын,жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңыздар.Өмірдің әрбір сәтін бағалайбілуге үйреніңдер.Жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпандар.
Пікірлер себетін толтыру.
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Осы сабақта өздерің үшін қандай жаңалық аштыңдар?
Осы сабақтан кейін қоршаған ортаға деген қөзқарастарын өзгерді ме?