«Балабақша-бақыт баспалдағы!»

«Балабақша-бақыт баспалдағы

 

Сырдария ауданы Бесарық ауылы « Бөбек бөбекжай» балабақшасы

Тәрбиеші: Қаршығаева Айсұлу Алтынсарықызы

 

Тәрбиеші болу үшін, тәрбиеленген болуың керек.
С.А.Макаренко

 

Адамның өмірінде болашағына жол сілтейтін бір маңызды шешім қабылдайды. Бұл – кәсіпті таңдау. Кейбір жоғарғы оқу орнын бітірушілер кәсіби бағыт беретін саланы таңдайды, ал мен «Тәрбиеші» мамандығын таңдадым.

Тәрбиешінің жұмысың жеңіл деп айтуға болмайды. Бұл тынымсыз күнделікті жұмыс, менің мойынымда кішкентай баланы тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілік жатады. Мен дұрыс мамандық таңдағанымды білемін.

Балалардың жарқың жүздері, күлкісі, ата аналардың ризашылығы соның белгісі. Біздің мамандық басқа мамандық сияқты емес, махаббатпен қоршалған,шынайы махаббатқа толы. Мен балалардың анасындай ,оларды жақсы көремін. Әр істеріне, сөздеріне түсінушілікпен қараймын.

Әрбір бала біз үшін меруертке тең. Тастардың ішіндегі арнайы өңдеуді қажет етпейтін тас. Әрбір меруерт бірегей және бірденбір сәнді бұйым, тірі табиғат жаратылысынан туған. Бұл табиғаттың ең тылсым жаратылысы. Әр бала балабақшаға келгенде, өз үйіндегідей жылулықты сезініп, өзін еркін ұстап,балабақшаны өзінің екінші үйіндей санаса ол тәрбиешінің зор еңбегі.

Мен Сырдария ауданы Бесарық ауылындағы «Бөбек» балабақшасында жұмыс істеймін. Жұмыс орыным туралы өлең арқылы айтайың.

Балабақшам базарлы үй

Ауылдағы ажарлы үй

Күлкісі бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты!

Мен өз мамандығымды жақсы көремін, өйткені балалармен өсіп , жетіліп олармен бірге бақытты балалық шақты бастан кешемін.Менің нақты білерім мен дұрыс тандау жасадым.

Біз балаларымызға ертегімен, өлең жолдарымен, өзіміздің сиқырлы қорымызбен ақыл айтуымыз керек. Балабақшада тәрбиебарлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне,күрделі және алуан түрлі қарымқатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі.

Батыр Бауыржан Момышұлы: «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деп ұлы ой айтқан болатын. Біз бақшадағы бүлдіршіндерді жақсылық баулуға, тәрбиелеуге, тамаша ортада тәлімді тәрбие беруге әрдайым жауаптымыз.

«Баланы ең әуелі мейіршапағатқа, одан соң ақылпарасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», дейді ғұлама А.Құнанбаев атамыз. Мен балабақшада тәрбиеші болғаныма көп уақыт болған жоқ. Бұл еңбектен жалықпаймын деп сенемін. Ұжымымның өмірінде таңғажайып қызықтар бастан өтіп жатады.Бірақ,бәрінен де жарқ етіп,есте қалғаныбіздің бірінші кездесуіміз. Балабақша есігін ашқанымда– «Бақытты балалық шақ» әлеміне түскенімді түсіндім, және жазушы Фариза Оңғарсынованың өлең жолдары соған дәлел.

 

 

 

Фариза Оңғарсынова

Тәрбиеші

Ән салғызып, билетіп, ылғи бізбен жүреді.

Тақпақты да үйретіп, ойната да біледі.

Қызық-қызық ертегілер біздерге оқып береді.

Жылауық та, тентек те сол апайға көнеді

Бастап бізді далаға, серуенге де шығады.

Біз шомылсақ жағада байқап өзі тұрады.

Кішкентаймыз әлі біз, үлкендерге сенеміз.

Бұл тәтені бәріміз сыйлап, жақсы көреміз.

Естіп кейде қаламын, тәрбиеші апайды

“Қамқоршысы баланың” деп ауылда атайды

Әр мамандықтың өз қиындығы,өз қызығы бар. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де, қызықты да. Шынын айтсам,кейде жұмыстан соң үйге келгенде, қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген күнді талдай отырып,балаларымның маған деген ықыласын,маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарын бір сәт еске түсірсем, шаршағаным ұмытылып та кетеді.

 «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, менің де осынау қастерлі мамандықтың иесі атанғаныма 5 жыл болған екен. Сол бес жыл ішіңде әр түрлі семинарларға, конкурстарға қатысып келемін.

Менің кәсібіме, еңбек іс-әрекетіме деген көзқарастың қалыптасуына әріптес ұстаздарымның рөлі ерекше. Осы кісілерден алған ең басты сабағым-балаға деген мейірімділік, қамқорлық және жанашырлық, шыдамдылық, шынайы болу және әрдайым шығармашылық ізденісте болу.

Ұлы педагог Г.Песталоцци: «Егер де сүйе білмесең тәрбиелеу құқыған жоқ», деген екен. Мен кішкентай балаларды өте жақсы көремін, өз балаларым сияқты санаймын.

Әр таңда өз кішкентай достарымды асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл күймен келетінің ойлаймын. Кішкентай адамның көкірегі ашық, жүрегі жұмсақ, ол маған сенеді. Бұл сондай жауапкершілік!

Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» деген өлеңі есіме алып отырып, менің мамандығымда «Үш бақытымды» былай дегім кеп тұр.

Әр бір сабақ мен үшін маңызды, өйткені басқа сабақтардан өзгеше.Оларды өткізу менің бірінші педагогиқалық бақытым. Екінші бақытым ол менің мектепке дейінгі балаларым. Оларға білім беріп, жақсылыққа үйрету менің үшінші бақытым.

Мен өзімнің жұмыс жүйемді гүлге ұқсатамын. Гүл барлығына қуаныш әкелсе,менің жұмысымда маған қуаныш әкеледі. Гүлдің түпкі тамыры мен болсам, гүлдің әсем дағы- балалар,ал күлтелері – менің міндеттерім мен әдістерімді теңеймін.Менің тобым сол гүл сиякты жайнайды.

Балалармен жұмыс жасау-үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала, еш нәрсеге де алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақаның қойып, өз құпияларын айтып, маған сенім артады. Пәк көңіл балаларымен ара-қатынас маған қуаныш,шаттық сыйлайды, себебі мен оларға, олар маған керектігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы-әр тәрбиешінің бақыты деп ойлаймын.

Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде

Мұндай қағидалардың барлығы біздің күнделікті жұмысымызда басшылыққа алынуға тиіс екенін ұмытпай, еңбегімізді осы бағытта құрамыз. Бес жылдан аса тәрбиешілік еңбекте жүріп түйгенім – тәрбиешілік еңбекке мен барлық ақ ниетіммен бой ұсынып, әбден қалыптастым. Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді ешуақытта естен шығармаймын.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *