Жабайы аңдар
Қызылорда қаласы Қармақшы ауданы
№ 3 «Ертөстік» бөбекжай-бақша
Тәрбиеші : Қорабаева Айгүл
ІІ-санатты тәрбиеші
Білім беру саласы : Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Жаратылыстану
Тақырыбы : Жабайы аңдар
Мақсаты :
1. Білімділік: Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы турылы түсініктерін бекіту;
2.Дамытушылық :Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана
отырып, балалардың ой – өрісін дамыту;
3.Тәрбиелік: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып,аңдардың түрлеріне көңіл аудартып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі : Суреттер , дамытушы ойыншықтар .
Әдіс тәсілі : Көрсету ,үйрету ,түсіндіру .
Қостілді компанент: Аю- медведь, қоян-заяц , қасқыр-волк, түлкі-лиса.
Ұйымдастыру кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
-Балалар сендердің көңіл күйлерің қалай ? -Олай болса жақсы көңіл күймен оқу қызметімізді бастайық. -Мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр , шешуін табамызба ?
Балалар енді біз кубикпен ойнаймыз. Мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер кубиктегі суреттер арқылы жұмбақтың жауабын табасыңдар .
Ең айлакер аң… Ең қорқақ аң… Балды жақсы көретін… Қораға шабатын аң… Үстінде тікенегі бар… талдан талға секіріп жаңғақ жинайтын аң Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы : «Жабайы аңдар» деп аталады Слайд арқылы суреттерін көрсету.
Бұл жануарларды балалар біз «Жабайы аңдар» деп атаймыз. Жабайы аңдар елсіз далада болады. Өз азығын өзі тауып жейді. Ол күннің суығында да, ыстығында да далада жүріп өмір сүреді. Табиғатта жабайы аңдардың түрі көп. Олардың ішінде пайдалысы да, зияндысы да бар. Қасқыр мен түлкі, жолбарыс пен арыстан жыртқыш аңдар. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан – ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды. Ал аюға келетін болсақ, аюудың екі түрі бар. Ақ аю, қоңыр аю. Ақ аю – суда мекендейді. Суға сүңгіп, балықтарды ұстап жейді. Ал қоңыр аю тоғайда, орманда мекендейді. Жеміс – жидектерді теріп жейді. Қоян – ең қорқақ аң. Қоян ағаштардың қуысында қыстайды. Қорегі түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды.
Қостілді компанент: Аю- медведь, қоян-заяц , қасқыр-волк , түлкі-лиса
«Балаларын ата » Қасқырдың баласы-Бөлтірік Аюдың баласы –қонжық Қоянның баласы –қонжық Түлкінің баласы –мыршай Арыстанның баласы -Абдан
Балалар енді барлығымыз ойын ойнап жіберейік.
Дид-қ ойын Тақырыбы :Өз орындарын тап Мақсаты : Суреттердегі аңдарды өз орындарына апарып орналастыру . Дид-қ ойын Тақырыбы :Аңдар немен қоректенеді Мақсаты : әр аңның сүіп жейтін тағамын табу Сергіту сәті Ыстық доп ойыны Мақсаты : Сұрақтарға шапшаң жауап беруге үйрету
|
Жақсы
Иә түлкі қоян аю қасқыр кірпі тиын
Қостілді компанентті қайталады айтты
Сұраққа жауап берді
Ойынға белсене араласты
Ойынға белсене араласты
Сергіту сәтін орындады
|
Рефлекстік – түзету
|
|
Сұрақтарға жауап берді |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Аңдарды бір бірінен ажырата біледі
Игеру керек:Жабайы аңдар туралы толық мағұлматты игерді
Үйрену керек:Көру ,есту, түсіну арқылы өз бетімен іс-әрекет жасауды үйренді