Үйшік ертегісі
Қызылорда қаласы Қармақшы ауданы
№ 3 «Ертөстік» бөбекжай-бақша
Тәрбиеші : Сыздықова Ботагөз Дәулетқызы
Білім беру саласы:”Коммуникация”,”Шығармашылық”
Бөлімі: Драма,сурет салу
Тақырыбы: “Үйшік”,”Досымның үйі”
Мақсаты:Балаларды “Үйшік” ертегісімен таныстыру,Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы,сөздік қорын,сөйлеу мәдениетін,ойлау қабілетін дамыту.Үлгі бойынша пішінін ескере отырып, сурет салуға үйрету.Тазалыққа ,ұқыптылыққа трбиелеу.Логикасын дамыту.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлері,ақ қағаз,үлгі сурет,көлеңкелі театр.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,драмалау,әңгңмелеу.
Билингвистикалық компонент:үй-дом,қоян-заяц,түлкі-лиса,бақа-лягушка,аю-медведь
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық Қозғаушылық
Ұйымдастыру іздестіру
|
-Балалар орындарынан тұрып,шаттық шеңбері арқылы амандасады. Шаттық шеңбері Шуақ шашып алтын күн, Мөлдір таза ауада, Табиғаттың бәрі оянды, Қайырлы таң достарым. Сәлем бердім,сәлем елім, Тал бесігім ,туған жерім. Сәлем бердім бәріңізге.
-Балалар біздің топқа қонақ келе жатқан сияқты.Бұл кім болды екен? -Дұрыс балалар бұл түлкі екен. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен қу түлкімін. Мені бірден танығандарыңа қуанып тұрмын.Мен бүгін сендердің топтарыңда ертегілер жайлы болатынын естіп сонау ертегі елінен әдейі келіп тұрмын. -Балалар мына менің қолымдағы сиқырлы қорапта не бар екенін білгілерің келе ме? -Онда бір бала келіп мына сиқырлы қорапты ашсын.Оның ішінде бүгін қандай ертегімен танысып,ненің суретін салатындарыңды білесіңдер -Жарайсыңдар балалар бұл үйшік екен.
Бүгін сендер “Үйшік “ертегісімен танысасыңдар.Бәріміз экранға назар аударайық. (Тәрбиеші ертегі желісін слайд арқылы айтып береді.) Слайд көрсету арқылы жұмыс –Бізге балалар түлкі көлеңкелі театр ала келіпті.Осы ертегіні біз осы театр арқылы сомдап көрейікші. (балалар өз еріктерімен кейіпкерлерді таңдайды) -Балалар “Үйшік” ертегісін көлеңкелі театр арқылы сомдап шығады.
Ойын: “Тез ойла” Мақсаты:Орманда тіршілік ететін жабайы жануарлармен таныстыру.Тез ойлау,жауап беруге жаттықтыру.Есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Жұмбақ Қорбаң-қорбаң етеді, Орман оның мекені? Өзі қу,құйрығы ұзын, Терісі ақ.сұр болады, Өзі су жүрек қорқақ? Сұр,жыртқыш,үлкен Ақсиған тістері бар Орманда тұрады? Кішкентай,жасыл,бадырақ көз, Суда және жерді мекендейді? -Дұрыс таптыңдар.жарайсыңдар ойынға жақсы қатыстыңдар. -Осы жануарларға балалар үй салып берейікші.Барлығы қуанып қалсын,жарай ма? -Бүгін біз қағаз бетіне салынған үйшікті бояп шығуымыз керек. -Үлгі сурет арқылы үйді сипаттау,салу жолдарын түсіндіру. -Үйшіктің қандай геометриялық пішіндерден құрастырылғанын сұрау.
Сергіту сәті. (теледидар арқылы жасау) -Балалардың жұмысын бақылау,көмек көрсету.Суреттерді көрмеге қою.
“Ыстық доп” дидактикалық ойыны арқылы оқу қызметті қорытындылау. Оқу қызметінің соңында балаларды жұлдызша таратып беру арқылы мадақтау
|
Шаттық шеңберін тәрбиешімен бірге қайталап айтып шықты.
Түлкіге назар аударады. Түлкімен амандасады.
Ия Бір бала шығып қорап ішінен үйшікті алып шығады.
Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.
Көлеңкелі театр арқылы ертегі желісін сомдап шығады.
Ойынға қызығушылық танытады.
Аю
Түлкі
Қоян
Қасқыр
Бақа
Ормандағы достарына үй салып беруге келіседі
Сергіту сәтін орындайды. Үлгі бойынша үйшікті бояп шығады. Ойын арқылы сұрақтарға жауап береді. Өз жұмыстарын тамашалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі :Ертегі кейіпкерлерін сомдауды;ертегі желісін ретімен орындау;
Игереді:Қарындашпен сызықтан шағармай бояп шығуды;
Меңгереді:сурет салу әдісін,қауіпсіздік ережесін сақтауды;үйді бейнелеу,жұбымен келісе отырып,сезім ырғағымен қозғалыс үйлесімін сақтауды;