ТАБИҒАТ ҒАЖАЙЫПТАРЫ

ТАБИҒАТ ҒАЖАЙЫПТАРЫ

Камысбаева Амина Асаналиевна

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

«Сәндік қолданбалы өнер» ПЦК оқытушысы

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

 

Мақсаты: Еліміздің табиғатының көркемдігін саралай отырып, табиғаттың алуан сырларын білуге, қоршаған ортаны қорғауға баулу.Табиғат туралы танымдарын молайту, ой өрісін кеңейту мен  туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

1 – жүргізуші:  Армысыздар, «Табиғат ғажайыптары» атты тәрбие сағатына жиналған қадірлі қонақтар.

2 – жүргізуші: Елбасымыз айтқандай: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!
Көптеген елдерді араладым. Табиғаты ғажайып талай өлкенің сұлулығына көз құмарымды суардым. Бірақ, бәрі де өзім туып-сөкен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жасбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен…

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол  тәуелсіз Қазақстан.
Бүгінгі біздің жиналған мақсатымыз: өз еліміздің, жеріміздің  табиғатының көркемділігін, ғажайыптылығын тереңірек қозғау.

1 – жүргізуші: Табиғат жүрекке жылы,көңілге қонымды терең мағыналы сөз, ұлағатты мол ұғым емес пе? Табиғатсыз өмір жоқ. Ол бар байлықтың көзі, адам өмірінің негізі. Табиғат — бізді қоршаған дүние. аспан, жер, тау, су, жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашанда табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанып таңданған, қуанып шабыт алған және қамқорлық жасаған.

2 – жүргізуші: Туған жеріміздің табиғаты адам айтқысыз әсем әрі бай. Ұшы қиыры жоқ теңіздей шексіз дала, неше алуан шөп, қызыл жасыл шөп өрнектеп кілем жайғандай. Табиғаттың ғажайып көріністері адам жанын үйлесімділікке, жарасымдылыққа шақырып тұрғандай. Туған жеріміздің табиғатын аялап, гүлдендіру өз қолымызда.

1 – жүргізуші: Еліміздегі әрбір аймақтарына зер сала қарай отырсақ, басқа елдің көркем жерлерінен кем түспейді. 

2 – жүргізуші: Олай болса осы әсем жерлерді білу үшін бейнероликке назар салайық.

Қазақстанның көрікті жерлеріне арналған бейнеролик (3 минут) 

1 – жүргізуші: Атамекен жанға жайлы сая бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.
Қанымызға сіңген екен сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау.

2 – жүргізуші: Сұлу дала, менің сүйген өлкемсің,
Жаны жайсаң жаратылған еркемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

1 – жүргізуші: Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір – бір ағаш және гүл егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.

2 – жүргізуші: Қадір тұтып табиғат қасиетін,
Әділдіктің алдында бас иетін.
“Мал қалғанша атаңнан, тал қалсын” деп

     Бабам айтқан орынды өсиетін – дей отыра сіздердің назарларыңызға Дпи – 16 тобының орындауында суретшілер көзімен «Табиғатты аялайық» атты көрінісін қабыл алыңыздар!

(Суретші қыз табиғат бейнесін тек  жасыл түстермен салып отырады, сол сәтте қызының мұндай қылығын байқаған анасы не себепті бұлай жасап отырғанын білгісі келеді.

Анасы: Қызым сен не себепті тек жасыл түстермен салып отырсың? Сенің бояуларың жоқ па, әлде қалай салыну жолын білмейсің бе? – деп анасы қызына сұрақ қояды.

Қызы: Жоқ, анашым менде бояулардың түсі өте көп, бірақ жасыл түс жақсылықтың белгісі. Және де адам баласы табиғатты аялауды, оның әсемдігін көрсете білсе ғана мен барлық түсті қолданамын. Ал оған дейін мен тек жасыл түстермен сала беретін боламын- деп анасына түсіндіріп береді.)

1 – жүргізуші: Табиғат – Ол Су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес.
2 – жүргізуші: Табиғат – Ол Топырақ. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.

1 – жүргізуші: Табиғат – Ол Өсімдік. Өсімдік – бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл – жасыл гүлдер.

2 – жүргізуші: Табиғат – Ол Жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары – ақбөкен, әні мен сәні – бұлбұл, су аруы – Аққу табиғатымыздың сәні емес пе?

1 – жүргізуші: Табиғатты әр адамзат әр қалай жеткізеді. Суретшілер қызыл, жасыл бояуымен картиналар салса, ақындар өлең шумақтарымен жеткізсе, әншілеріміз бұлбұлдай дауыстарымен табиғатымыздың көркемдігін жеткізіп жүрген жайы бар дей келе, ДПИ-16 тобының білімгері Скендирқызы Айдананы монолог оқуға шақырамыз.

( монолог оқу кезінде баяу музыка мен табиғат көрінісі туралы суреттер көрсетіледі)

Жаз көрінісі

 Сұлулар барған сайға бұғып,

Қарайды көлдің бетін айна қылып,

Шіркін, жаз жомартсың-ау базарлыққа,

Бересің жан біткенге жайдарылық.

Жайдары  жаз басталғалы бері Табиғат-Ана құлпырып сала берді. Бұл мезгілдің арайлап атқан таңы да ғажап.

Күлімдеген күн шуағы барша әлемді қуанышқа бөлейді. Көктегі аспан да ешбір сызатсыз күн сәулесін одан әрі нұрландырып, барша әлемді жылуымен баурап алады. Аспанда қалықтап қанат жайған құстар да жаздың сәнін келтіріп, әдемі әнімен жер бетіндегі әр жанға көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Айналаңа мән беріп қарасаң, жер жүзі жасыл орамалға оранғандай. Бақша ішіндегі гүлдер кең даланың төсін өзінің әсем бейнесі, хош иісімен баурап алған тәрізді. Таңның атысынан кештің батысына дейін дамылсыз қызған тіршілік. Жадыраған жаз мезгілінің бұл көрінісі адамзат баласына үлкен септігін тигізуде. Бар адамның көңілі көтеріңкі, жүзі жайдары. Олардан жәндіктер де қалысар емес, қыс азығын қамдауды бүгіннен-ақ бастап кеткен.

Бұл көрініс – жаз мезгілінің мәнін келтіретін табиғаттың тылсым күші. Суреттегідей сұлу мезгіл шынайы жүзде одан бетер көркем. Себебі, ол – ешбір бояусыз табиғаттың сыйға тартқан әсемдігі. Бұл әсемдікті жаңбыр тамшылары көріктендіре түсіп, табиғат әлемін сейілтеді. Жаңбырдың тамшылаған үнінен кейін далаға жүгіріп шығып, алысқа көз жүгіртіп қарасаң, иілген кемпірқосақты көресің. Сан түрлі түсті бойына жинаған кемпірқосақ – жаз мезгілінің әсем бейнесін әрлей түсетін табиғат тамашасы.

2 – жүргізуші: Алдарыңызға ДПИ – 16 тобының білімгерлері Жолдыбай Аңсар, Камалова Ақниет, Сексенбаева Айдана, Шилібаев Бекнұрды табиғаттың көркемдігін мәнерлеп оқу арқылы жеткізуге шақырамыз.

1 – жүргізуші: Тәрбие сағатымызды аяқтамас бұрын сіздердің пікірлеріңізді білсек.

1 – сұрақ: Қазақ жерінің көрікті жерлерін атаңыз?

2 – сұрақ: Табиғатқа қандай үлес қосудасыз?

3 – сұрақ: Табиғатта мекен ететін жануарларды қорғау мақсатында қандай қорықтар ашылды?

4 – сұрақ: Қазақ халқы табиғатты қорғауды жастарға қ

1 – жүргізуші: Ендігі кезекті Дпи – 16 тобының білімгерлерінің орындауында «Табиғатым – ай » атты әнін қабыл алыңыздар!

 

Хормен: Сайдың серке тасындай қатар тізілген,
Бізге қарап колледждің бәрі сүйсінген.

Қорғашы, білімгер,
Табиғат берген бізге қорларын.
Ай – хай табиғатым – ай
Жасыл елім – ай
Мәңгі бақи өзіңді қорғап өтем – ай!

Табиғатты қорғаймын жігер күшіммен,
Білімгерлер ұланы қатар тізілген.

Қорғашы білімгер,
Табиғат берген бізге қорларын.
Ай – хай, табиғатым – ай,
Жасыл елім – ай
Мәңгі бақи өзіңді, қорғап өтем – ай!

Табиғатты аялау адам тілегі
Азаматы болайық жердің тірегі.

Қорғашы білімгер,
Табиғат берген бізге қорларын.
Ай – хай табиғатым – ай
Жасыл елім – ай
Мәңгі бақи өзіңді қорғап өтем – ай!

Бүгін бізге аманат, осы табиғат,
Табиғатты әрқашан қорғау жарасады.

Қорғашы – білімгер
Табиғат берген бізге қорларын,
Ай – хай табиғатым – ай
Жасыл елім – ай
Мәңгі бақи өзіңді, қорғап өтем – ай

Пай – пай- пай, білімгерлер – ай
Қазақ халқым – ай
Қорғайықшы мәңгілік табиғатты – ай

 

Білімгерлердің А3 форматында салынған «Табиғат ғажайыптары» атты плакат сурет байқауының қорытындысын анықтау.

 

Қорытынды: 1 – жүргізуші: Табиғатты қорғау барша халқымыздың міндеті. Сондықтанда табиғатымызды аялап өтейік

Осымен «Табиғат ғажайыптары» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Хормен: Табиғат біздің асыл қазынамыз, табиғатты аялайық.

Бірге: Қош сау болыңыздар! Амандықта жүздескенше.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *