Мектеп жасына дейінгі балалардың құзыреттілігін қалыптастырудағы патриоттық тәрбиенің маңызы
Қоспаева Бақытгуль Ералиевна
Патриоттық тәрбиенің басты масқасаты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениеттті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершідік мұраты биік патриот, намысын қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.
Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы болса, бүлдіршіндеріміздің бойында рухани-патриоттық сана сезімді қалыптастыру бағыты бойынша тәрбие беріп, ел болашағына өз үлесін қосуда.
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың ойын еркін жеткізуде, рухани патриоттық тұрғыдан білім алуына тәрбиеленуіне барлық жағдай жасалған.
Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабандан келе жатқан дәстүрлері ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін түсіндіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбелесек бұл еңбегіміздің жанғаны, тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуінің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді. Қазақстан Республикасының алғашқы Президентті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деген сөзі бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Біздің алдымызда тұрған басты міндет –тәуелсіз Қазақстанның әр жас жеткіншегінің жүрегінде Отанына, жеріне, еліне деген ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілік ұялату. Сондықтан, біз адамзаттық көз қарасы қалыптасқан, әлеметтік белсенділігі жоғары отаншыл тәрбиелеп өсіруге аса көңіл бөлуіміз керек. « Әрбір Қазақстандықты өз мемлекетін қамқорсыз қалдырмайды, ал әрбір қазақстандық өз мемлекетінің болашақ тағдыры үшін жауапты» деген ұғымды жас ұрпақ санасына түсіндіруіміз қажет.
Балаларға отансүйгіштік, азаматтық тәрбие беруде, ертеңгіліктер, ұлттық ойындар, патриоттық әндер, және тағы басқа іс- шаралардың маңызы зор.Ендеше жас ұрпаққа ұлттық , патриоттық тәрбие беру басты мақсатымыз екенін ұмытпайық.Еліміздің өзінің тәуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мелекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тәрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді білуімізде ерекше рөл атақарады. Егемен ел атанып, өз алдымызға дербес мемлекет болғаннан кейін жасөспірім буынға дұрыс тәрбие беру, олардың патриоттық сезімін ояту, елге қызмет етуге, мемлекеттің іргесін нығайтуға баулу, тілдің дәрежесін көтеру біздің негізгі мақсатымыз. Сондықтан тіл тағдырына, терең қарап, мектеп жасына дейіңгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Қазақ халқының дәстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мәдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулайды. «Ана тілің- арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл,Өз тіліңді құрметте», -деп Қадыр ақын жырлағандай,өз ана тілімізді жетік меңгеруге, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқаннына сенімдерін, дәстүрін, әдет-ғұрпын өсіп келе жатқан, жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында мектеп жасына дейіңгі балалардың тілін дамытуда үлкен нәтиже береді. Халық байлығының асыл қазынасы-рухани тіл.Оны меңгеру бесік тәрбиесінен,ана әлдиінен бастап, балабақшада арықарай жүзеге аспақ.Қазақта «Сүтпен сіңген сүйекпен кетеді»деген мақал бар.Демек,біз балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына қазақ тілінің қасиетін сүттей сіңіре білсек ,еңбегіміздің ертеңі алда деген сөз.
Мектепке дейінгі жастан бастап біздің елдің болашақ азаматы,тұлғасының ірге тасын қалау қажет.Балаларда Отаншылдық қасиеттерді тәрбиелеу-баланың өнегелік даму міндеттерінің бірі,ол өзіне жақын адамдарға,мектепке дейінгі білім беру ұйымына,туған еліне деген сүйіспеншілікті дарытуды қамтиды.Мектеп жасына дейінгілермен жұмыс жүргізгенде баланы патриоттық әнгімелерге араластырып отыру керек.Сонғы жылдарда патриоттық тәрбиенің мәніне көзқарас өзгеріп келе жатыр.Патриотизм және адамзаттықты тәрбиелерімен идеялары мемелекеттік маңызы бар мақсатқа айналып,қоғамдық мәні болып тұр.Отанға туған жерге,табиғатқа,мәдениетке деген сүйіспеншіліке назар аударылады.Сонымен қатар,өз Отанының символымен таныстырудың маңызы зор.Қазақстан Республикасының мемелекеттік символдары-рәміздері бар.Олардың түрлі ресми қолдану тәртібі конституциялық заңмен белгіленген.Көптеген қазіргі кездегі вариативтік бағдарламалар мемлекеттік рәміздермен таныстыру мақсаттарын қамтыған.Балабақша табалдырығын аттағалы тұрған бүлдіршін қазақстанның елтаңбасын,туын танып,ән ұран әуенін тану керек.
Балалармен жұмыста елтаңба ту,суреттер бар бояу кітапшаларын қолданбаған дұрыс,бұл жастағы балалар мемлекеттік рәміздердің түстерін,реңдерін анық бере алмайды.Сонымен қатар,рәміздер бейнеленген суреттерді қиып алу дұрыс емес.Бейненің тұтастығын бұзу заңды бұзумен бірдей болып келеді.Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпақа адамгершілік-рухани тәрбие беру.Құнды қасиеттерге ие болу ,рухани бай адамды,қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.Халықта «Ағаш түзу өсуі үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»деп бекер айтылмаған.Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік,мейірімділік,қайырымдылық,яғни адамгершілік құнды қасиетттерді сіңіріп,өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасымен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады.Балалның бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптстырудың міндеттері мына жайлармен түйінделеді.
-Ізгілік бастамасымен тәрбиелеу.Өз отбасына балалабақшасына, туған қаласына,көшесіне сүйіспеншілікпен ,қамқорлықпен қарау.
-Табиғатқа қамқорлықпен қарау.
-Еңбекте еңбек сүйгіштік үлкен еңбегін құрметтеу.
-Қазақ халқының сал-дәстүріне қызығушылықпен қарау.
-Мемлекеттік рәміздермен таныстыру.Отанға деген сүйіспеншілікпен тәрбиелеу.
Патриоттық сезім,адамгершілік жеке бастың, ұлттың, Отанының мақтанышы деп бекер айтпаған. Сондықтан жеке тұлғаның елжандылық сезімін, қалыптастыру мәселесі мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеуде жүзеге асырылу керек. Біздің тәрбиеміз,ұрпағымызды әдепті, қайырымды, елгезек еңбек сүйгіш, адал және шыншыл, ұлтшыл, намысшыл, ер қорғаны болатын, халқына адал қызмен ететін ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу әрбір азаматтың міндетті. Жеке тұлғаны тәрбиелеу, бала бойына өз елінің ажырамас бір бөлігі ретінде, саналықты қалыптастыру, адамгершілікті, руханилық, патриотизмді және ұлттық мәдениетті құрметтеу сезімдерін тәрбиелеу. Ендеше, егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде, әр тәрбиешінің, ұстаздың мақсаты дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты,ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу.
Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын, айналадағы құбылыстарды, өзінің және өзгенің мәдениетін тану арқылы жетілетіні ақиқат.Бүгінгі мектеп жасына дейінгі мекеменің басты міндеті-білім беру мен тәрбиелеу үрдісіне ұлттық азаматтық игіліктерді,мәдени мұраларды насихаттай отырып , балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: «Отбасы және балабақша»журналы №3.2011жыл
«Мектепке дейінгі ұйым»журналы №12.2012жыл
«Тәрбие құралы»журналы№3.2005жыл
Мектептердегі ұлтжандылық,отан сүйгіштік және азаттық тәрбие беру бағытындағы жұмыстарға арналған бағдарламалар жинағы Алматы,2009жыл «Ұстаз» газеті №3-4.2013
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718