Түс датчигі
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 2-бөлім – Робототехника. Лабиринт және кегль-ринг (ортақ тақырыптары: («Мәдени мұра», «Мамандықтар әлемі») |
Мектеп:
|
||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||||||||||||||||
Сыныбы: |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар:
|
|||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Түс датчигі |
||||||||||||||||||||
Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме) |
4.5.1.1 түс датчигін қолдану; |
||||||||||||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, Түсіну, Қолдану. |
||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: LegoMindstorm роботының түс датчигімен танысады. |
||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
LegoMindstormEV3 жиынтығының түс датчигінің қызметі–ментанысып, түс датчигіне арналған программа құрастырады.
|
||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология: ü Түс датчик-Датчик цвета- Colorsensor ü Жарықтық-Яркость- Вrightness Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: ü Қазақ салт – дәстүрінде (киімдер, бұйымдар және т.б.с.с) қандай түстердің орны ерекше (1-сурет)? Мысалдар келтір. ü Қалай ойлайсың Робот адам сияқты түс, жарықты ажырата ма? ü Күнделікті өмірден саған датчик ұғымы таныспа? Не үшін қолданады деп ойлайсың? ü Робот бағдаршам түстеріне қарай жол ережесін сақтай отырып, қозғалуы мүмкін бе (2-сурет)? |
||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы”, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Астана»құндылығы қалыптасады. 2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. 3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды. 4. Өмір бойы оқу,Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады. |
||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Ағылшын тілі, Орыс тілі |
||||||||||||||||||||
Алдыңғы білім |
Жоба құрастыру |
||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы
|
|||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар
|
|||||||||||||||||||
Сабақтың басы
2 мин.
3 мин.
5 мин.
2 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. (Ұ) «Гүлмен тілек» әдісі. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып гүлді алақандарына салып, бір-біріне тілек айтады, бір-бірінің көңіл күйін көтереді.
Топтастыру: Оқушылар жеміс ағашынан өзіне ұнаған жемісін таңдап топқа бірігеді. Алма жемсін таңдағандар «Түстер» тобына, Алмұрт жемісін таңдағандар «Робот» тобына бірігеді. Миға шабуыл! (Ж)«Сұрақтар қобдишасы» әдісін қолдану арқылы сұраққа жауап беру. Ортаға нөмірлер жазылған қобдиша қойылады. Оқушылар кезектесіп қобдишадан бір нөмір алады да, интерактивті тақтадан сол нөмірдің сұрақтарына жауап береді.
1. Қазақ салт – дәстүрінде (киімдер, бұйымдар және т.б.с.с) қандай түстердің орны ерекше (1-сурет)? Мысалдар келтір. 2. Қалай ойлайсың Робот адам сияқты түс, жарықты ажырата ма? 3. Күнделікті өмірден саған датчик ұғымы таныспа? Не үшін қолданады деп ойлайсың? 4. Робот бағдаршам түстеріне қарай жол ережесін сақтай отырып, қозғалуы мүмкін бе (2-сурет)?
Бағалау: Оқушылардың жауап беруіне сәйкес «Күлегештермен» бағалаймын
Жаңа сабақ. (Ұ) «Бруннердің бейнелік білім беру» әдісі бойынша интерактивті тақтадан «Түс датчигі»тақырыбы бойынша бейнеролик тамашалайды.
(Д)«Эйлер шеңбері» әдісі арқылы оқушылар бейнероликтен түсінгендерін тақтаға жазады, ауызша өз ойын айтады. Бағалау: Оқушылардың жауап беру деңгейіне сәйкес «Мадақ сөз» әдісі арқылы кері байланыс жасап отырамын.
(Ұ) Сөздікпен жұмыс: Түртіп алу. ü Түс датчик-Датчик цвета- Color sensor ü Жарықтық-Яркость- Вrightness Мақсаты: Жаңа сабақта кездесетін сөздіктермен танысады. Бұл үш тілділік білім беру жүйесіне өз септігін тигізеді. Тиімділігі: Балалар үш тілділікке дағдыланады.
|
|
|||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
7 мин.
7 мин.
8 мин.
|
(Ұ) Практикалық жұмыс. Тапсырма №1: Түс датчигіне 7 түстің кез келген біріне жақындатқанда, сол түсті танып, оның атын дауыстап айтатын программа құрастыр.
(Т) Практикалық жұмыс. Оқушылар алдымен топ ішінде талдап, ой бөліседі, пікірлерін ұсынады. Талдау қорытындысы бойынша компьютерде программа құрастырады. Тапсырма №2: Робот қозғалысын қара сызыққа жеткенде тоқтататын программа жұмысын талдаңдар (13-сурет). Таладу барысында программадағы 3 командалық блоктардың қызметтеріне жеке–жеке тоқталып, түсіндір. Программасын компьютерге енгізіп нәтижесін алыңдар.
(Ж) Практикалық жұмыс. Оқушылар алдымен программаны қалай жасау керектігін дәптерлеріне жұбымен ақылдасып жазады. Дайын жазылған жоспар бойынша компьютерде программа құрастырады.
Тапсырма №3: Роботтың сызықты қозғалыс жасай отырып, басып өткен түстерінің атын атайтын программаны жоспарлаңдар. Қандай болктар қосу керек? Робот қара жолаққа жеткенде «Тоқта (Stop)» хабарын беріп, өз жұмыс тоқтатсын (14 -сурет).
|
АКТ Робот А4 қағазы, түрлі-түсті қағаздар, маркер
АКТ, Робот А4 қағазы, түрлі-түсті қағаздар, маркер
АКТ Робот А4 қағазы, түрлі-түсті қағаздар, маркер қайшы, клей
|
|||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин.
3 мин. |
Сабақты бекіту: (Ұ)«Өрмекші торы» ойыны арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан түсінгендерін бір-біріне өрмекші торын лақтара отырып сұрақ қойып, келесі оқушы жауап беріп, келесі өзі қалаған оқушыға сұрақ қоя отырып, өрмекші торы тоқылады. Бағалау: Оқушылардың жауап беруіне сәйкес «Күлегештермен» бағалаймын.
Рефлексия. «Еркін микрофон» әдісі арқылы ой бөлісу. (Д) Төмендегі берілген сұрақ аясында оқушылар өз ойымен бөліседі. 1. Роботтың түстерді, шағылған жарықтың жарықтығын анықтау, сыртқы жартыудың жарықтығын анықтау қабілетінен тағы қандай жобаларға қолдануға болады деп ойлайсың? 2. Түс,Шағылған жарықтың жарықтығы және Сыртқы жартыудың жарықтығы режимдерінің қызметтерінде қандай негізгі айырмашылықтар бар?
Бағалау: Оқушылардың жауап беру деңгейіне сәйкес «Мадақ сөз» әдісі арқылы кері байланыс жасаймын. Үй тапсырмасы: Түс датчигі орнатылған роботтарды қандай салаларға пайдаланған тимді? Не үшін. Осы сұрақтарға жауап ретінде шағын мақала дайында.
|
Тоқыма жіп
Микрофон
|
|||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||||||||
Тапсырма, қарқын, дереккөздер, диалог және қолдау көрсету, бағалау, жіктеу, қорытынды. Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. |
«Мадақ сөз» әдісіғ «От шашу» әдісі «Бас бармақ» әдісі |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. |
|||||||||||||||||||
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ кезінде, мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет? 1: 2: |