«Біз-көңілді баламыз»

Музыка мұғалімі:Сатыбеков Бақытжан Қалдыбекович

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Музыка

Тақырыбы: «Біз-көңілді баламыз»

Мақсаты: Балаларды музыканың әр түрлі сипатымен таныстыру.

Музыка ырғағын сезіне, әрекет ете білуге үйрету.

Әнді дауыстап, көңілді күйде орындауға талпындыру.

Балалардың ән айтуға деген қызығушылығын ояту.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Әр түрлі көңіл-күйдегі балалар суреті, сылдырмақтар, ойын атрибуттары

Әрекет кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Іздену, ұйымдастырушы

І. Бастапқы жүріс.

Марш екпінді әуен ойнап, балаларды қабылдайды. Әндете сәлемдеседі.

Балалардан көңіл-күйлерін сұрайды.

Қорапшаны көрсетіп:

-Мына қорапшаның ішінде сендер жақсы көретін бір зат бар.Cылдыр-сылдыр етеді,

Жұбатады бөпені. Ол не деп ойлайсыңдар?

ІІ. Музыка тыңдау«Сылдырмақ» Т.Әбдіқадыров.

Әнді орындап береді.

-Ән сендерге ұнады ма? Сылдырмақпен ойнап көргілерің келе ме?

Балаларға үлестіреді.

Әнді қайта ойнап, балаларды сылдырмақты қағуға шақырады.

ІІІ. Ән салу.

1.Өткен әнді еске түсіріп, қайталайды.

«Көбелек» Д.Омаров

Барлық баланың әнге қосылуына көңіл бөледі.

2.Жаңа ән «Біз –көңілді баламыз» Б.Жұмабекова

Әнді орындап, таныстырады. Әнді тез қабылдау үшін ән сөздеріне сәйкес қимыл орындап, көрсетеді.

ІV.Ойын «Күн мен жаңбыр» қим. ойын

Екі түрлі сипатты, ырғақты әуен ойнап, ойын әрекеттерін орындауға шақырады.

Балалардың әуеннің өзгерісін дәл тани алуларына ықпал етеді.

 

 

Баалар марш екпінімен тізбектеле жүреді. Музыка аяқталысымен тоқтап, жетекшімен әндете сәлемдеседі.

Қорапшаны қызыға қарайды.

Сылдырмақ екенін біледі

Балалар ән ырғағына ере сылдырмақпен ойнайды

Өткен әнді қайталайды.

Біз көңілді баламыз,

Би билеп, ән саламыз.

Алақай, алақай, топ, топ,топ

Би билеп, ән саламыз.

Қол ұстаса айнала

Дөңгелейміз жай ғана

Балалар ойын шартымен

танысады.Әуен өзгерісіне сәйкес әрекеттенеді.

Рефлексивті коррекциялаушы

Балалардың іс-әрекеттеріне баға береді, сұрақтар қояды,мадақтайды. «Әрқашан да көңілді болып жүрейік» деген тілек айтады. Әндете қоштасады.

Сұрақтарға жауап береді.

Әндете қоштасады.

Күтілетін нәтиже: Балалар әртүрлі сипаттағы музыкаға өз сезімдерін білдіреді.

Сылдырмақпен танысып, ән ырғағын соғып ырғақтық есту

қабілеттерін танытады.Жаңа ән үйреніп, ән айтуға деген

қызығушылықтары оянады.Музыканы тыңдай білу дағдылары

жетіледі




 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *