Көңілді аялдама
Гумарова Аида Салимгереевна
Мақсаты:Балаларға негізгі төрт түс (қызыл,сары,жасыл,көк) туралы алған білімдерін бекіту.Заттарды көлеміне қарай ажырата білуді жалғастыру.Үлкен –кіші,ұзын – қысқа ұғымдарын салыстыра білулерін,ұқсас заттарды топтастыруын,геометриялық пішіндерді атап,ажыратуын бекіту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Ойлау қабілетін,көріп,тану, зейінін,есте сақтау қабілеттерін ойындар арқылы дамыту.
Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ – жауап,әңгімелеу,дамытушы ойындар.Көрнекіліктер,қажетті құрал-жабдықтар:Геометриялық пішіндер,үлестірмелі материалдар,түрлі түсті қыстырғыштар,тастар,карзина т.б.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Педогог іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | Балалар бүгін ерекше оқу қызметі болады өйткені бізге қонақтар келіпті қане қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері: Қуанамын менде Қуанасың сенде Қуанайық баріміз Арайлап атқан күнге. |
Балалар қонақтармен амандасады.
Шаттық шеңберін қимыл – қозғалыспен орындайды.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Жыл мезгілін пысықтау:
Сұрақ – жауап: – Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілінде неше ай бар? -Ауа райы қандай болады? Балалардың жауабы. -Балалар бүгін біз сіздермен саяхатқа шығамыз.Саяхатта түрлі кедергілер кездеседі,солардан өту үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз соған сендер дайынсындарма? -Ендеше саяхатымыз алыста болғандықтан, оған тез жету үшін біз әуе шарын пайдаланамыз. Д/о: «Шарлар» Ш: Түрлі түсті шарларды атап ажыратады. Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Д/О: «Заттарды көлеміне қарай ата және салыстыр» Ш:Қарапайым математикалық ұғымдарды атау,ажырату,салыстыру. -Мынау не? ( қарындаш) -Мынау не? (үй ) -Мынау не? (доп) Д/о: «Кілемшені безендір» Ш: Түрлі геометриялық пішіндерді өз ұяшықтарына тауып орналастыр. Сергіту сәті: Д/о: «Не қажет» Ш: «Түрлі түсімен әтешке сәйкестендіріп қыстырғыштарды құйрық етіп қондыр» Тәжірибелік сәт: «Тас пен доп» Акварумге немесе шыны ыдысқа тастар мен доптарды салу. Балалар тастар мен доптарды лақтырамыз,ал одан біз не көріп тұрмыз тас қайда тұр? -Ал доп қайда тұр? -Тас қандай? Доп қандай? Әуе шарларымызды пайдалана отырып, балабақшамызға оралу. |
-Қазір жылдың көктем мезгілі
-Үш ай бар -Жылына бастайды.
Балалар иә орындаймыз Қызыл,сары,жасыл,көк түсті шарлар.
-Қарындаш, ұзын,қысқа.
-Үй,биік,аласа.
-Доп,үлкен,кішкентай.
Балалар түрлі түсті пішіндермен кілемше ұяшықтарына тауып орналастырды ойынға қызығушылықпен қатысты.
Жаттығуды қимыл – қозғалыспен жасайды.
Балалар түрлі түсті қыстырғышты пайдалана отырып, әтештерге өзінің түсімен сәйкестендіріп құйрық қондырады.
Балалар тастар мен допты лақтырды. -Тас судың астында тұр -Доп судың бетінде тұр -Тас ауыр. -Доп жеңіл.
|
Рефлексиялық- түзетушілік | -Балалар біз бүгін қайда шықтық?
-Саяхат сендерге ұнадыма? Жарайсыңдар балалар тапсырманы орындауда барлығың өте жақсы қатыстыңдар. |
-Саяхатқа.
-Иә. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар пішіндерді атап,түстерін ажыратып, ретімен қоюды біледі.
Түсінеді: Көлемдкрді атап, салыстыру,ажырату дағдыларын игереді.
Қолданады: Төрт түсті таниды,атайды,ажыратады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718