Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік – Кебек» поэмасы
Набиханова Анаргул
Мақсаты:
білімділік. Поэма мазмұнын меңгертіп, идеясын таныту. Не жақсы ,не жаман екенін ұғындыру. Ақпаратты саралауға, жүйелі жұмыс жүргізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік. Ақынның шығармаларынан үлгі ала отырып, соны болашақтарына жарата білу, жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Дамытушылық. Оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қана қоймай, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тақырыпқа деген жан – жақты түсінігін аңғарта отырып, одан әрі дамуына мүмкіндік жасау.
Түрі: Аралас
Тақырыпты толық меңгерту үшін пайдаланылатын оқыту стратегиялары
I миға шабуыл II Топтастыр
IV Венн диаграммасы
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
Сабақтың барысы: 1.Ұйымастыру: Амандасу; түгендеу; сынып тазалығын тексеру
Амал мерекесімен байланыстыра отырып оқушыларды асық суырту арқылы топқа бөлемін:
1-топ: Тақ сандар ІІ топ жұп сандар
2.Үй тапсырмасын сұрау:
3..Жаңа сабақ:бүгінгі сабағымызда амал мерекесіне орай көрісіп шығайық .
Қай ауылға баратынын жеребе суыру арқылы анықтаймыз (асық арқылы)
«Еңлік –Кебек » мазарының суреті. «Еңлік- Кебек» жыры тыңдалады.
Оқушылар поэма мазмұнын тізбектеп айтып береді.
Тапсырмалар:1.Сюжеттік –композициялық талдау жасау:
1 Оқиғаның басталуы
Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы
2 Оқиғаның байланысуы
Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі.
3 Оқиғаның дамуы
Кебек пен Еңліктің бір-біріне сөз беруі.Қара жартаста кездесуі
4 Оқиғаның шиеленісуі
Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі
5 Оқиғаның шарықтауы
Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы.Кеңгірбайдың қатал үкімі.
6 Оқиғаның шешімі
Еңлік пен Кебекті ат құйрығына байлап өлтіруі. Шырылдаған сәбидің тауда қалуы.
Ол Кебек мықты болған жас басынан -а
Тоқаң да тастамайды өз қасынан -а
Жасы бала болса да , жаны отты деп -ә,
Артық көріп не сабаз жолдасынан -а
11-12 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған
Топтарға тапсырма:
1.Шығарма мазмұнымен танысқанда қандай кейіпкерлермен таныстыңдар және қандай ру атаулары кездесті?
Кейіпкерлер: Еңлік, Кебек, Нысан, Тоқтамыс,Көбей, ру адамдары
Ру атаулары:Тобықты, Матай , Найман
2.Шығарма желісінде қандай салт- дәстүр,әдет –ғұрып көрініс тапқан?Қандай жаңа ұғымдар кездесті?
-Абыз – аса білгір, білімді адам.
Жамағайын – жақындығы бар немесе алыс туыс адамдар.
Ұрын келу– күйеу жігіттің қызыдың жеңгелеріне сый- сияпат беріп,айттырған қыздың аулына жасырын келуі.
Барымта– жауласқан екі рудың бірінің бірі мал- мүлкін тартып алып, кек қайтаруы.
Атастырып қою– ұл мен қызды бесікте жатқан сәтінен болашақта үйлендіруге сөз байласу.
Шәкәрім туралы аз мәлімет: Автор поэма жанрында жемісті еңбек еткен: «Қалқаман -Мамыр»,
«Мұтылғанның өмірі», «Ләйлі – Мәжнүн», «Нартайлақ- Айсұлу».
- ВЕНН диаграммасы:
Еңлік – Кебек Ұқсастық Қалқаман –Мамыр
ВЕНН диаграммасын қорыту: НЕ білдім? Не үйрендім?
4.Егер де мен
Егер мен автор болсам…
Егер мен …
Ақыл деген – денеге егулі дән,
Суғарылса ,кіреді оған да жан.
Ақылдың өсіп- өніп зораймағы-
Көрген білген нәрседен ғибрат алған
Шәкәрім
5.Үйге тапсырма: Шығармашылық жұмысты аяқтау.Поэмадан үзінді жаттау
6.Бағалау
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718