Мен жастарға сенемін
Еліміздің жарқын болашағы жастардың қолында. Елбасымыз «Жастар жылы» – деп, бекерден бекер жариялаған жоқ. Қазақ елінің жастары, еліміздің өркендеуі жолында аянбай өз үлестерін қосуда. Жалынды жастық шақтарында шуақтарын шаша, білім нұрымен нұрландырып, жарқырап жанар шамшырағы болып, тәуелсіз еліміздің туын көкке мәңгілік желбірете берсін! Жастар әрдайым шығармашыл, көшбасшы, дара қабілетке ие. Даралықты дамытып, шығармашылықты шыңдап, көшбасшылық қабілеттеріңді көрсетіп, жарқын елдің болашағы болар, артынан ерген іні, сіңлі, әпке, қарындастарына жол көрсетер, үлгі тұтар азамат болу. «Мен, болашағы жарқын елдің жұлдызы, ата – анамның ардақтысы, Отанымның озық ойлы азаматымын» деп, өз арман тілегіне қол жеткізу мақсатында аянбай еңбек етіп жүрген жастарды қолдаған, Елбасының салиқалы саясатының кепілі деп білемін. Қазіргі жастардың рухы биік. Олар, жаһандану дәуірінде өздерінің арман мақсатына, іскерлік қабілеттеріне, бойындағы тулаған қазақ қаны үшін аянбай еңбек ететініне, сапалы білім беретініне сенемін. Өз ана тілін бәрінен жоғары қойып, ұлттық құндылықтарымыз бен салт – дәстүрімізді дәріптеп, жас ұрпаққа сапалы білім беру жолында биік шыңдарды бағындырып, болашаққа айқын мақсат қоя отырып, дұрыс бағдармен алға жылжуда. Елбасының болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында, үштілділік заман талабы, латын әліпбиіне көшу, цифрлық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, білім мазмұнының жаңаруы жолында жастар белсене қатысады. Олар көбіне көшбасшылық қабілетімен ерекшеленеді. Қазіргі жас маман ұстаздарымыздың әрбір шығармашылық ізденісі мен талпынысы, жасаған жұмысы арқылы іске асады. Жаңартылған білім мазмұнына сай оқушыларға білім беруде әрбір тақырып төңірегінде қандай әдіс – тәсілдерді тиімді әрі, қандай ресурстарды қолданып, тереңірек түсіндірсек деп, үнемі ізденіс үстінде болады. «Көздері жәудіреп отырған қара домалақ қарагөздеріміздің сапалы білім алып, биік шыңдарды бағындырып, мол жетістіктерге жеткенін қалаймын» деп айтқан сөздері, ерекше қанат бітіреді. Соның нәтижесінде қазіргі жастардан мол үміт күтуге болады. Олар ұстаз болсын, мейлі дәрігер болсын іскерлік қабілеттері ерекшеленіп тұрады. Қаншама жыл ұстаздық қызметін атқарып жүрген мамандар, кей жағдайда жастардан үйренері көп болып тұрады. Олар жаһандану дәуірінде өзгерістерге бейім тұлға. Кез – келген өзіне жүктелген жұмысты жауапкершілікпен атқарып, өздеріне түрлі сауалдарды қоя отырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелеп, өздерін шыңдай түседі. Адам алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбектенсең ғана болашақта толағай табыстарға, мол жетістіктерге жетесің, еңбегіңнің жемісін көресің. Болашағы жарқын елдің жастары дарынды, арманы асқақ, мақсаты айқын болмақ.
Авторы: Битабарова Гульхан Койшановна
Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Түктібай ауылы
№12 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі