Бақытты елдің – балғындарымыз

Мақсаты:

Ооқушылардың  өмірге деген қызығушылықтарын арттыру,

оқушылардың танымдық үрдістерін дамыту.

Зейінділікке, ойлампаздыққа,тапқырлыққа,жылдамдыққа тәрбиелеу.

Қатысушылар: Оқушылар

Өткізу барысы:

  1. Автобус” тренингі
  2. Құлақ – мұрын” тренингі
  3. «Бақытты ел болып қалыптасу үшін не істеу керек?» постер қорғау
  4. «Ватмандар»

5 «Бір зат»

  1. “Молекула”.

 

Автобус” тренингі

Мақсаты: Жеке тұлғаның эмоциялық көңіл күйін түсіну, вербалды емес қарым-қатынастыорнату.

Жүргізілуі: Топ екіге бөлінеді. Екі топ екі автобустқа отырғандай сапқа тұрып, қарама-қарсы жаққа қозғалады.

Жүргізуші «сіздер үлкен қалаға келдіңіздер, сіздер мінген автобус бағдаршамға келіп тоқтағанда сіз автобустың терезесінен екінші автобуста отырған таныстарынызды көріп қалдыңыз.

Бұл үлкен сәттілік, сіз осы уақытты пайдаланып оған жедел түрде жағдайыңызды айтып жеткізуіңіз керек.

Бірақ сіз оны үнсіз түрде понтомикамен көрсетуіңіз керек.

Сізде уақыт аз. Сізде уақыт аз, сол уақыттың ішінде сіз танысынызға

айтқаныңызды айтқаныңызды түсіндіріп үлгеруіңіз керек. Олда сізбен сөйлемей қарым-қатынас

жасау керек» дейді Балалар өз сөздерің понтомимикамен толық жеткізе білулері керек.

Құлақ – мұрын” тренингі

Мақсаты:Балада қабылдау процесінің қалай дамығанын анықтау.Жүргізілуі:Балалар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші “құлақ” деп қолымен мұрынын, ал “мұрын” деп құлағын ұстайды. Ал балалар шатастырып алмай “құлақ” дегенде құлағын, “мұрын” дегенде мұрынын ұстау керек.

Шатастырған балаларды ойыннан шығара береді.Соңғы қалған адам жеңімпаз атанады.

«Бақытты ел болып қалыптасу үшін не істеу керек?» постер қорғау             

 «Ватмандағы саяхат»

Ойынға ватман мен бояулар керек. Бұл ойынды топпен немесе жеке балаңызбен ойнауға болады. Сіздің ұсынысыңыз: «Біз бүгін бірге ватманға саяхатқа шығамыз. әрқайсымыз кезекпен ватманға жақындап суреттер саламыз. Ойынның талабы қылқаламды немесе маркерді ватманнан үзбей сурет саламыз. Егер маркерді ватманнан үзсеңіз онда басқасы келіп, өз суретін сала бастайды. әр қасында 10 сек ғана бар. әртүрлі сызықтарды салуға, түрлі-түсті бояуларды қолдануға рұқсат.»

«Бір зат»

«Балалар, сендар жұпқа бөлініп, кім А ал кім Б болады екенін анықтаңдар. Барлық А-лар үстел басын жақындап алдарына қағаз қолдарына қарындаш алып тұрады. Барлық Б-лар маған жақындайды мен олардың құлақтарына кез келген бір заттың атын айтамын. Олар А-лардың арқаларына сол заттың суретін салады, ал А-лар сол суреттерді қағазға салып қай зат екенін тауып алу керек. Егер А-лар заттың атын тауып алса, дауыстамай

Б-лардың құлақтарына сыбырлай қояды. Содан кейін балалар орындарымен ауыстырылады.»

 “Молекула”.

Мақсаты: Жылдамдыққа үйретіп, қарым-қатынасты нығайту. Барысы: Бөлмеде қатысушылар шашырап жүреді. Жүргізуші алақанын қанша соқса, сонша қатысушы бірігеді. Мысалы: жүргізуші алақанын 5 рет соқса қатысушылар әр жерге бес-бесеуден шоғырланады т.с.с. … ойын осылай жалғаса береді.

 

Тренинг туралы оқушылар өз ойларын ортаға салады.

 

(Ұйымдастырушы)

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауланы

«Ә. Жанкелдин орта мектебі» КММ

педагог-психолог

Ауанова Жазира Курамышовна

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *