Ұстаздық еткен жалықпас

«Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес»

Я.Коменский

 

Мұғалім – ол кім? Мұғалім – балаға жан-жақты тәлім-тәрбие, білім беруші. Тәлім жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А.Назарбаеваның  «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында: «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу – баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық-қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз – адамзатқа қызмет ету», – деп жазылған. Міне, мен сол баланың сезімін оятып, оларға жақсылық пен  мол тәрбиенің көзін таратып жүргеніме он бір жылдан асты. Алғаш мұғалім болып жұмыс атқарғанымнан-ақ бойыма бір ұлы күш біткендей сезіндім. Мен  мол жауапкершілікпен аса зор еңбекке жол жүріп бар жатқанымды сездім. Мұғалім болу ол бар ұлттың  тәрбиесін өз мойнына алумен тең деп ойлаймын. Мұғалім болу үшін ұстаз қандай қасиеттерді қасиет тұту керек деген ой келді. Менімше мұғалім-тәуекелшіл, білікті маман, көшбасшы, заманауи көзқарасты, рухани бай, әмбебап, интелегент болуы қажет. Мұғалім ол – ұстаз. Ұстаздық киелі әрі өте көне мамандық.

Бүгінгі мұғалім шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай,оны дүниежүзілік білім,ақпарат,экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Ол нағыз мұғалімдің қолынан ғана  келеді.

Бүгінгі таңда мұғалім болу, тәрбиеші, мұғалім болу ешқайсысы оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін жету және оны бағалау өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін  өз мамандығымды қатты жақсы көремін. Өйткені, бұл мамандық – менің жүрек қалауым. Кішкентайдан бергі арманым. Сондықтан да мен өз мамандығымды жоғары бағалаймын. Менің ойымша, мұғалім мұғалімдерге қарағанда оқушыларға жақын деп ойлаймын. Себебі түрлі тәрбиелік шараларды өткізе жүріп, олардың бойындағы қасиеттерін танып-біліп, бағалап-ескеріп, жан-дүниесін түсінуге тырысамын. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді. Мұғалім – бұл сегіз қырлы бір сырлы ұстаз. Оның бойынан барлық қасиеттер ағып тұруы қажет. Иә, бүгінгі күн мұғалімдің көп ізденіп , тынымсыз еңбектенуін, тәрбиенің амал – тәсілдерін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Ол үшін мұғалімге еркіндік, шығармашылық ізденіс, көп еңбекке қажет, ал ол үшін жағдай керек.

Ең бастысы – мұғалімге кәсіптік шеберлігін ұдайы дамытып, өз білімін көтеріп отыру, шығармашылықта, ғылыми – әдістемелік ізденістер қажет. Мен мұғалім ретінде қоғамдық дамудың тәрбиенің дамуын бақылап, оны шығармашылықпен еңбек екеуін ұштастыратын маман болуға тиіспін. Мұғалім мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Мұғалімлердің басты міндеті – оқушы бойында отаншылдық сезімін ояту болып табылады. Өйткені, біздің елімізге болашықта да адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза, елжанды азамат керек. Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы»-деп атап өткендей  мұғалім осы аталған қас жаумен күресуге септігін тигізетін бірден-бір адам. Мен осы тәрбиені адам бойына дарытатын, сіңіртетін  мұғаліммін. Мен ұстаз мұғалімлік жолда аянбай ұлт үшін еңбек ететін тәлімі мол мұғаліммін.

 

 

Нұра ЖОББ мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Момбекова Айдана Калиевна

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *