Мектеп жасына дейінгі балалардың интелектуалдық дамуын танымдық ойындар арқылы қалыптастыру жолдары.
Байбулатова Акбота Ержанкызы
Мектепте оқушы үлгерімінің төмен болуының себебі, көп жағдайда, танымдық әрекетінің қалыптаспауы, танымдық процестерінің әлсіздігі, мотивацияның болмауы және т.б. болып табылады. Танымдық әрекетінің қалыптасуының психологиялық бұзылудың бастысы – ойлауға қабілетінің төмендігі, яғни жалпылау процестері, психикалық процестердің қозғалысы мен темпінің бұзылуы, жабық функциялар қатарының, зейіннің, істің жеткіліксіздігі.
Осы уақытқа дейін мектепке дейінгі шақтағы баланың ойлауы тек қана нақты – ол бөлек заттар мен олардың қасиеттеріне бекітілген деп саналады. Сондықтан осы шақта нақты білімдер (бала өзі көріп тұрған мәліметтерді түсіндіру) беру қажет. Бірақ осы сұраққа байланысты психологтар мен педагогтар жүргізілетін зерттеулер бұндай пікірталаста себептер мен салдар шатасып келетінін көрсетеді. Егер бөлек заттар туралы емес, заттар арасындағы қарапайым байланыстары мен заңдылықтары туралы білім берсе, онда мектепке дейінгі кезеңде балалар оны меңгеруімен қатар, өзінің пікір санасуыда қалыптасады. Осыдан балалардың қызығушылқтары артып, ойлауы жалпылама, терең және себеп-салдары болып келеді. Бірақ бұл білімдер баланың есінде ғана қалмай, ойлау дамуын жетілдіру үшін оқыту ерекше түрінде – ойлауға, заттармен әрекеттесуіне, олардың кесте, схема және суреттеріне негізделуі қажет. Бұндай ойын арқылы оқытуды әр ойынға қатал норма берілмейді, мысалы, бұл тапсырманы бірінші немесе бесінші рет өткізу кезіне орындау сияқты. Ең бастысы осындай әрекетке баланың қызығушылығы.Егер де бала белігілі бір тапсырманы бірінші ретте орындай алмаса, бала, аз болса да, алға қадам жасау керек, бұл дамудың процесі өзі болып табылады. Әрине, білім мен дағдылар саны дамудың көрсеткіші бола алмайды, бала білімдерді қалай қолданатыны және белгілі бір тапсырмаларды орындауға қалай шешім қабылданатыны маңыздырақ болады. Білімге құштарлық, ойлау дамуы және сөйлеу – бұл салалар да, санау және оқу білу сияқты, маңызды болып табылады. Оларды біріншіден дамыту қажет. Ойын арқылы баланың ой тапқырлығын көрсетуіне, белсенді және өзбетті болуға жағдай жасау керек, сонда ғана ондағы өмірде мақсаттарға жетуге көмектесетін баланың өз-өзіне сенімділігі дамып қалыптасады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың білімпаздық, ақыл-ой белсенділігінің деңгейі – оның интеллектуалдық маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Егер баланың көзқарасы, пікірі қате болып, қате нәтижелерге әкелсе, бұл опасыздық емес – оның жасы кіші және еркін қиялдауға бейімделген. Бұнда нәтижесі емес, оның түсіну құштарлығы басты болып табылады.
Бала ойнау кезінде оның ойы қаншалықты бай және әр түрлі екенін, қоршаған өмірде алған әсерлерді жеңіл қабылдайды ма? ойыншықтарды, басқа заттарды қалай қолданатынын бақылауқажет. Егер баланың дамуы қалыпты болса, бала ойынның сюжетін өрбітеді, ойыншықтармен қатар түрлі заттарды (отырғыш кубиктер, қарындаштар т.б) қолданады. Баланың ойы тұрақты, бай және ойын кезінде толықтырылып отырады. Кубиктерден құрылыстарды құру баланың ақыл-ой әрекетіне ерекше талаптар кояды. Ойын кезіндегі секілді, мұнда белгілі бір ойлары қалыптасады. Егер суретті салыстырмалы түрде әр түрлі ерікті тәртіпте салынған кезде, ал құрастыру оны (нәзік) құруды қажет етеді, әйтпесе, ол бұзылады. Сондықтан құрастыру уақытында өз әрекеттерін жоспарлау білім анықталады. Сонымен қатар, құрастырулар әдетте ойындарға енгізілген балалар қуыршақтар, көліктер үшін үйлер құрастырады. Бұл жағдайда ақыл-ой дамуының деңгейі өлшемдер мен басқа да құрастыру ерекшелігімен қатынастыру белгілі анықталады, яғни гаражға ойыншық – көлік сыю үшін құру керек деген секілді.
Барлық мектепке дейінгі жастағы балалар бірдей етіп өзінің ақыл ой қабілеттерін барлық ойын әрекетінде көрсетеді деген санау қате болады. Көптеген себептерге, ең алдымен тәрбиелеу жағдайына байланысты бір бала ойындар мен сурет салуды, екіншісі-құрастыруды, үшіншісі –өсімдіктермен жануарларды, ал төртіншісі – техника мен көліктерді ұнатады. Және ақыл-ой дамуының көріністерін, ең біріншіден, баланың қызықтыратын аймақтардан іздеу керек. Міне, білімпаздық ақыл-ой белсенділігі, «бала» әрекетінің негізгі түрлерін меңгеру деңгейі мен оқығандық деңгейі кіші жастағы баланың ақыл-ой дамуының негізгі көрсеткіштері ретінде қарастыруға болады.
Барлық қалыпты балаларда интеллектуалдық даму қорлары кең, және осыдан ата-аналардың міндеті – жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуын қамтамасыз ететін, гармониялық дамуын бұзбайтын сол қорлардың жүзеге асуына әр қашан жағдай жасау керек.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718