Мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық жұмыстар жүргізу

Таубаева Ботакоз Бисенгалиевна

Мектепке дейінегі мекеме психологы ұжым мүшелерімен, ата-аналармен топтық және жеке жұмыстар түрлері –психологиялық кеңестер, тренингтер, дамыту сабақтарымен түзету жұмыстарымен жүргізу негізінде өз жұмысының жетістіктерін көре алады.

  Мектепке дейінгі мекемеде психолог; топты аралап балалармен танысады. Қырқүйек айында балалардың таным деңгейін, ортаға бейімделуін, тәрбиешімен қарым-қатынасын анықтайды. Қабылдауын, ойлауын, есте сақтауын, қиялын, зейінін. Психологиялық тілде баланы жекелеп диагностикалау.

Кейде балаға талап қояды да, оны орындауға жағдай жасамайды, әрі  нәтижесін қадағаламайды.  Жасыратыны жоқ кейбір ата-ана баланың еңбегіне немқұрайды қарайды. Үй тірлігіне қатысты шаруаға араластырмайды, баланың жан-жақты дамуына көңіл бөлмейді. Бала бір жұмысты істеймін десе, «бұзасың», «бүлдіресің» деп ештеңегежолатпайды. Сөйтіп баланың көрсем, білсем, үйренсем деген ынтасын тежейді. Осыдан бала жалқау, тілазар болып шығады. Үлкендер баланың сұрақтарына ерінбей жауап беріп, қызықтыратын, еліктіретін әрекет жасаса, ол кез келген тапсырманы орындауға құштар келеді. Баланы ренжіту, ырқынан тыс нәрсені күштеп орындату дұрыс емес. Мұндай әрекет баланы ызақор, жасқаншақ, ашуланшақ, сасқалақ тұйық болып өсуіне апарып соғады.

Балабақшаға барған баланың жетістіктері:

Бала балабақшадан көп нәрсені үйренеді. Ақыл –ой жағынан да, дене дамуы жағынан да, жетіліп, эмоциялары мен сезімдері дамиды. Тәрбиеші балаларға балалармен қарым-қатынас жасауды үйретеді. Бала жаңадан үйренген, көріп-білген, мәліметтерден кешке шаршайды. Сондықтан бала үйде жақсы тынығу үшін ата-ана жағдай жасау керек. Бала күні бойы ата-анасын көрмейтіндіктен, кешкісін баланызбен азғана уақыт болса да, бірге болуға жағдай жасаңыз. Балабақшаға барған бала танымайтын ортада өзін еркін сезіне алады.

Жеке тұлға дамуының алғашқы баспалдағы мектеп жасына дейінгі кезеңде қалыптасатындықтан, баланың таным қабілеттерінің дамуы осы шақтан бастап қаланады. Француз ғалымы Жан Пиаженің зерттеуіне сүйенсек, 4-5 жастағы балалар сөзбен берілген заттар мен құбылыстардың сипат-белгілерін, қасиеттерін ойша қорытып, өз сөздерімен айтумен бірге сөздің мән мағынасын түсінетін деңгейде болады.  Яғни бала 4-5 жаста күрделі емес жұмбақтарды шешіп, кейбір мақал-мәтелдердің мәнін түсіне алады. Сәбилік кезеңде қабылдау басым деңгейде дамыса, мектеп жасында дейіңгі ересек кезеңде баланың есі басты орын алады да, басқа таным қабілеттері еске байланысты айқындалады. Алайда, ойлау бала үшін еске түсіру сипатында болады да, мектепке дейінгі ересек шақта бейнелі ойлау жетіле түседі. Ересек адамдар мен 5 жастағы балалардың ойлауының айырмашылығы- бала заттар мен құбылыстарды қалай қабылдаса, солай деп түсінеді, оның ішкі қатынастарын көре алмайды.

Баланың мінез-құлқының қалыптасуына жүйелі ұйымдастырылған оқу –тәрбие жұмыстары тікелей әсер етеді. 3-7 жаста бала ағзасының дамуы арта түседі де, ой еңбегімен шешілетін күрделі мәселелерді шешуге талпынады. «Бұл кім?», «Аты не?», «Неге?» деген сұрақтарды үлкендерге жиі қояды.

Сурет арқылы, сөйлету арқылы баланың таным қабілеті анықталады. Диагностика арқылы баланың деңгейі көрінеді. Әр бала әр түрлі, кейбір баланың есте сақтау қабілеті өте жоғары, ал зейіні төмен болып келеді. Сол сияқты баланың зейінін тұрақтандыруға баламен ойын түрінде жұмыс жүргізуге болады. Баланың жас ерекшеліктерін ескере отырып әр түрлі деңгейде аламыз.

Мысалы: Зейінге арналған ойын жаттығулар. Бала 6 жаста баламен сөйлесемін сен балабақшаға келе жатырсың, есіктен ішке ендің оң жақа бұрылдың, кімді көрдің?……….

Топқа кіргенше сондай сұрақтар арқылы баланың тілін дамыту арқылы, еске түсіру арқылы, зейінін тұрақтандырамыз.

Ойын арқылы баланың ой-өрісін, тілінің дамуын, зейінін, барлық қабілетін дамыта аламыз. Балабақша баланың тұлғалық қасиетін дамытады. Адамгершілкке, еңбекке, имандыққа, мәдениеттілкке, адалдыққа, тазалыққа, сұлулыққа барлық жақсы қасиеттерге баулиды. Білімге құштарлығын арттырады.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *