Эссе «Менің педагогикалық ұстанымым»

Жұмағұлова Лаззат Қалданқызы

Тәрбиеші мамандығын таңдап еңбек еткеніме он екі жыл өтіпті. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған ұзақ еңбек жолындағы өмірлік ұстанымым – әрқашан  ізденісте, ой қозғалысында  болу. Еліміздің егемендікке ие болып, Қазақстан өз алдына  мемлекет мәртебесіне жетіп бүкіл әлемге жер жүзіне өзінің елдігін, саясатын танытатын, оны жетілдіріп, дамытатын жас ұрпақ. Сондықтан да еліміздің болашағы  жас жеткіншектің  білім дәрежесінің  тереңдігімен  өлшенеді. Ал осы балғын жеткіншектерге  жол көрсетуші бағыт беруші балабақша тәрбиешілері.

Баланың ақыл – ойын дамыту, ойлау қабілетін  жетілдіру өзіндік іскерлік  қасиеттерін  қалыптастыру заман  талабына  сай ойын жүйрік етіп  тәрбиелеу.

Сондықтан да  баланың танымын  балабақшадан  бастап, дамытудың, бойында тәрбиелеу мен оқытудың негізін қалыптастырудың  құралы- ойын әрекеті  яғни ойын- баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек  қана балаларды қызықтырып , уақыт өткізудің құралы   болмай, балаға  берілетін  білім менен тәрбиенің  құнды негізі болу керек. Тәрбиелеу ,оқыту жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын ретінде ұйымдастыра отырып, баланың  логикалық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Бала ойын барысында  айнала құбылыс  сырын  танып сезінеді,  себеп салдарлық  байланысты және тәуелділікті  анықтауға тырысады.  Айналадағы өмір құбылыстарын байқап, ерекшеліктерін байқап отырып , білуге қызығушылығы туындайды, осы сезім оны талпыныстарға жетелейді.   Ойын негізінде ойлай отырып тапсырмаларды өзінше зерттеп орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына  мүмкіндік туғызылса  ғана бала еркін  ойлы, өзіне сенімді, ерлік жігерлі , дүние танымы кеңейген, сөйлеу  тілі жақсы қалыптасқан , болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде  жан-жақты дами алады.

Баланың ақыл-ойын  тек белгілі бір  білім көмегімен ғана емес  жалпы тәлімдік тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету тағы басқа қабілеттерінің танымдық , іскерлік , шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды. «Ойы таяздың – тілі таяз» деген ұлағатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау  негізі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.

Жаңа технология элементтерін дәстүрлі әдістерді оқу қызметіне пайдаланған оқу қызметі өз айшыңына жетеді. Олай болса «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлы Абайдың  сөзі ақиқатекенін өмір дәлелдеп отырған жоқ па?!

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *