Өнер әлемі-таңғажайып картина
Бағзы заманнан бой көтерген өнер атты жол қазіргі таңға дейін кең бағыт алып келеді.Әрбір жанның түйсік сырында қияли әлем болады.Ғажайып сыр сандыққа кенелген бағыт мекенінде сан түрлі арман жетегіндегі ойлар,мақсаттар болатыны заңдылық.
Бұл сандықтың түпсіз тереңінде жасырынған ,кейде жарқ етіп шығатын бір жүрек түкпірінде дарын пайда болады.Ол-өнер деп пайымдалады.Өнер-таңғажайып туындылар тізбегі сынды.Кейде өмірден баз кешетін сәтте әуелетіп ән айтып немесе қолыңа аспап алып,жан дүниеңдегі күрсініс,мұңды музыка арқылы шығара аласыз.
Халық тарихындағы шежіре іспетті өнер жолы арқылы, өмірдің терең құбылысын, қыр-сырын, табиғат құбылыс, адамның жан-жақты сезімі көріністеледі.Ұлттық мәдени құндылық-өнерімізді бізге асқақтата білетін салалар негізі-музыка деп көркем негізде жеткізіледі.
Музыка әлемі-теңіздей терең, мұхиттай шексіз тың серпіліс дәнекері. «Өмірге әркімнің-ақ бар таласы» деп Абай атамыз айтып өткендей.Шығармашылық шыңға түрлі әншілеріміз желкенделіп келеді.
Сонымен қоса,өз таланттық біліктіліктерін әлемдік аренада танытып байрақты көк туымызды желбіреткен өнер майталмандары бар.Соның бірі-Димаш Құдайберген.Талай,халықаралық конкурстарда бас жүлделі орындарды қанжығасына байлаған болатын.
Бұл-қазақ елінің мақтаныштық рухы десек артық айтпағандығымыздың айқын дәлелі.Алайда,жалпы музыка өнерінде түрлі сәтсіздіктерде орын алып жатады. Яғни, атап айтқанда, музыкалық шоу бағдарламаларындағы әділетсіздік, кейбір мықты таланттылардың жолын бөгеп,сағын сындыратын жұртшыл қауым да жетерлік.
Тұңғиық тереңінен бойлаған әлемде шынайылық беттемей,нағыз таланттар шектен тыс қалып жатса,өнер саласы көкке самғай алмасы анық.Керісінше,музыка өнері асқақ белесті бағындыру үшін- сапалы, мәнді музыка сондай-ақ фонограммаға сүйенетін өнер тұлғалары емес, нағыз жанды дауысқа негізделетін жұлдыздар көп болса,өнер әлемі қарқынды жылжып өсіп-өнетіндігі даусыз.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
журналистика мамандығының Ш курс студенті
Батырбек Гүлайым