Ұлт тарихындағы ұлы белес

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жаңадан жарық көрген еңбегі – ұлт тарихындағы жаңа бір ұлы белес, ерекше жаңалық. Бұл еңбекті оқып шыққанда қазақ халқының сан ғасырлық аңсаған арманы, неше түрлі қанды қырғындарды, аяусыз шайқастарды бастан кешіре жүріп, жетсем деген мақсат-үміті тізіліп көз алдымызға келгендей болады. Бүкіл қызметін қазақ халқының тәуелсіз ел, өркендеген ұлт болуына арнап, сол жолда құрбан болған Алаш қайраткерлерінің қайсар үні саңқылдап құлағымызға жеткен секілденеді.
Елбасымыз бүкіл қазақ халқы ежелден армандаған мақсатты, яғни ұлттық жаңғыруды қолға алып отыр. Президентіміз бұл рухани жаңғырудың жолын көрсетіп ғана қоймай, оны жүзеге асырудың нақты бағыт-бағдарын да ұсынды.
Бұл ретте Елбасы ең алдымен бәсекелікке қабілетті болу мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Қазақ халқы үшін бұл – бүгінгі таңдағы ең басты шарт-талаптардың бірі. Яғни, жаңа ғасыр, жаңа заман осыған қарай тез қарқынмен зымырап, бет алып барады. Ендігі жерде кім жанталасып жақсы жұмыс істейді, кім өз мамандығын жетік меңгеріп, жаңалыққа қалай тез қол жеткізеді – соның жолы болады. Байлыққа, табысқа сол кенеледі. Сол халықтың жұлдызы оңынан туады.
Елбасының рухани жаңғырудағы алға қойған екінші маңызды бағыты – прагматизм. Кез келген халық өсіп-өркендеу үшін заман ағымына ілесіп, үнемі жаңарып, жақсы қасиеттерін жетілдіріп отыруы қажет. Бұл да Елбасы еңбегінде нақты көрсетілген.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *