«Латын әліпбиіне көшу – біздің ортақ міндетіміз!»

«Латын әліпбиіне көшу – біздің ортақ міндетіміз!» дәл осы тақырыпта 12 қаңтар күні мектебімізге Рудный қаласы әкімдігінің «Қалалық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысының орынбасары Сармантаева Айнұр Еркінқызы мен әдістемелік кабинеттің әдіскері Идрисова Айнұр Тағамұратқызы келіп семинар-тренинг өткізді. Аталмыш семинарға мектебіміздің 9 сынып оқушылары қатысты. Семинар-тренинг барысында Айнұр Еркінқызы лекция оқып, латын қарпіне көшу жайлы мағлұмат берсе, Айнұр Тағамұратқызы оқушылармен тренинг жүргізді. Оқушылар өздерінің ойында жүрген сұрақтарын қойып, белсене ат салысып отырды. Семинар-тренинг соңында оқушыларға латын әліпбиі жазылған үлестірмелі қағаздар таратылды.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *