Биоалуантүрлілік. 8-сынып

 

Сабақ: Қазақ тілі
Мектеп: Шаған ЖОББМ
Аты  – жөні: Ханов Ш.У
Мерзімі: 14.01.2019
Сынып: Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың бөлімі: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер .

 

Сабақтың тақырыбы Биоалуантүрлілік.
Оқу мақсаты 8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау;
Бағалау критерийі Білім алушы

   Перифраз  түріндегі  сұрақтарға  жауап  беруде мәтіннен қажетті ақпаратты табады

   Мәтіндегі  көтерілген  мәселені  анықтап,  ой тұжырымдайды

Тілдік құзіреттілік Пәндік лексика мен терминология: ,сұрақтар , пікір, көтерілген мәселе,үндестік.

 Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша…

Менің байқауымша…

Көтерілген  мәселе жайында былай ойлаймын…:

Менбұл тақырыпта  былай ой тұжырымдаймын.

Ресурстар Оқулық,интербелсенді тақта, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар ,топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер
Пәнаралық байланыс Биология, жаратылыстану,тарих
Алдыңғы оқу
Сабақ кезеңдері Сабақта орындалатын  іс – әрекеттер Ресурстар
Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

9  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

 

1 рет оқу

 

3  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 минут

1.      Сәлемдесу.

2.      Оқушыларды түгендеу

3.      Оқушыларды сурет арқылы топқа бөлу

Қызыл кітапқа енген жануарлар
1-топ: «Киік» 1-топ: «Қызғалдақ» 3-топ: «Аққу»

 

«Стоп кадр» әдісі

1.Оқушылар біз топқа (қандай жануар, өсімдік,құс) неліктен бұлай бөліндік деп ойлайсыңдар?

2.Бұл  суреттердің тақырыбымзға қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?

3.Сонымен бүгінгі өтетін тақырыбымыз не жайлы болмақ?

 

Өзара пікір алысу.

«Суреттер сөйлейді айдары». Тақтадан Қызыл кітаптың, сол кітапқа енген жануарлар мен құстардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар өздерінің бұрыннан білетін мәліметтерімен бөліседі.

1.Қызыл кітап туралы не білеміз?

2.Бұл кітапқа жануарларды,жәндіктерді,құстарды,өсімдіктерді не үшін енгізеді деп ойлайсыңдар?

Жануарлар Құстар Өсімдіктер Жәндіктер

 

 

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен ,сабақта қолданылатын оқу мақсаты таныстырылады.

1-тапсырма:

Мәтінді тыңдаңыз. (оқыңыз)

       «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп, табиғаттың тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Оны да адамзат қолдан жасады. Ол – Қызыл кітап…

Бізге Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл қызыл түс?

Халықаралық Табиғатты Қорғау Одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң, сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп, зерделеп, қорғауға алу еді және оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді «Қызыл кітап» деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болатын.

Қызыл түс әу бастан қауіптің белгісі. «Қызыл кітап» өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті.

«Қызыл кітапқа» енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді. «Қызыл кітаптың» ішінде «Қара кітап» бар немесе қара тізім десек те болады. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.

.

Жұптық жұмыс.

Түрлендіріліп берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

1.      Адамзат неліктен табиғаттың тілсіздігі үшін қынжылады?

2.      Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық…Неліктен қызыл түс?

3.      1948 жылы кеудесінде жаны бар жануарлар өмірінде қандай өзгеріс болды?

4.      Жануарлардың төлқұжаты іспетті қызыл кітаптың  табиғатқа оң және теріс әсері болуы мүмкін бе? Сіз қалай ойлайсыз?

5.      1963 жылы табиғат тақиясын аспанға лақтырған күн деп атасақ бола ма?

 

Дескриптор  Білім алушы

 

-түрлендіріліп берілген сұрақтарға жауап береді;

-ақпараттарды анықтайды.

 

ҚБ: «Екі жұлдыз бір тілек» 

 

Топтық жұмыс .

2-тапсырма

Мәтінде қандай мәселелер көрініс табуда? Ол туралы сіздің пікіріңіз қандай? Топ  болып талқылаңыз және «балық қаңқасы» әдісі арқылы ойыңызды қорғаңыз

1-топ: «Балық қаңқасы» әдісі арқылы мәтіндегі көтерілген  мәселені анықтап,ой тұжырымдайды.

 

Көтерілген мәселе

 

 

 

Дәлелдері…
Себептері…
Қорытынды пікір..
Тақырыбы
???

 

 

 

 

2-топ: ПОПС формуласы  арқылы мәтіндегі көтерілген  мәселені анықтап,ой тұжырымдайды.

•      Бірінші  сөйлем  «Менің ойымша,…  »

•      Екінші сөйлем   «Себебі,  мен  оны  былай  түсіндіремін … »

•      Үшінші  сөйлем   «Оны мен  мына  факт, мысалдармен дәлелдей  аламын   … »

•      Соңғы сөйлем  «Осыған  байланысты  мынадай  қорытынды  шешімге  келдім .. ».

3-топ: Постер арқылы мәтіндегі көтерілген  мәселені анықтап,ой тұжырымдайды.

 

ҚБ: «Қол шапалақ»

 

Дескриптор                                     Білім алушы

 

–   мәтіндегі мәселені анықтайды;

–   мәселе бойынша ой тұжырымдайды.

 

 

 

 

 

 

Слайд

 

 

Кеспе қағаздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

Соңы Рефлексия

 

«Табиғатты қалай қорғаймыз деген сұраққа  идеяларын жазып, «Қорғаныш»  жәшігіне салады.

Кері байланыс.

Оқушылар стикерге өздерінің  пікірлерін жазып жапыстырады
Үйге тапсырма          122-бет № 6 тапсырма

 

Қосымша мәлімет
Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?

 

Бағалау – оқушылардың не үйренгенін қалай анықтауды жоспарлайсыз?

 

Пәнаралық байланысқа сілтеме

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ сілтемелері

Құндылықтар сілтемесі

Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Нәтижені саралау.

 

Оқуды қадағалау

Сұрақ – жауап

Топтық бағалау

 

Георграфия  пәнімен байланыс. Пән мұғалімімен ой бөлістім.

Сыныпты топтарға бөлу.

АҚТ дағдылары

Топпен жұмыс істеу дағдылары. (бір-бірін тыңдау, құрметтеу.)

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *