Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің тілі
Ұзақ мерзімді жоспартарауы: Абайды оқы, таңырқа!
Мектеп. Балқаш қаласы жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі Күні: Пән: қазақ әдебиеті Мұғалімнің аты-жөні: Скакова Айзат Боранбаевна Сынып:6 қатысқандар: Қатыспағандар: |
||||||
Сабақтың тақырыбы | Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің тілі
|
|||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) | А/И3. Шығармадағы көркем ауыстыруларды (метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау.
Б/С4. Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау. |
|||||
Сабақ мақсаттары | 1. Шығармадағы көркем ауыстыруды ажырата алу.
2. Өлеңнің тіліне талдау жасау. 3. Көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау. |
|||||
Бағалау критерийі | -Өлеңдегі көркем ауыстыруды ажырата алады;
-Өлеңнің тіліне талдау жасайды; -Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлін түсінеді; – Әлеуметтік рөл туралы сыни хабарлама жасайды. |
|||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қажетті тіркестер: шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас.
Жазу үшін қолданылатын тіркестер: «Менің пікірім… ,Себебі… Менің өлең туралы қорытынды пікірім…» |
|||||
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік Ел» идеясы арқылы оқушыларды
· қарым-қатынас жасауға, · өзгелердің көзқарасына құрметпен қарауға · өмір бойы оқуға дайын болуға баулиды. |
|||||
Пәнаралық байланыс | «Сәлемдеме хат» ойынында балалардың музыка ырғағына билеуі арқылы ән күй, хореография, дене шынықтыру, сызу, сурет салу дағдыларын шыңдайды.
Тарих пәнінде тарихи тұлғалар тақырыбында Абай туралы мағлұмат алады. Қазақ тілі пәнінде Абай туралы мәтіндермен танысады. |
|||||
Алдыңғы білім | Осыған дейінгі 4 сабақта Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңіндегі әлеуметтік-қоғамдық мәселе, өлеңдегі көркем образ, өлеңнің үзінділерімен жұмыс жасағандықтан, осы тақырып аясында ақпараттары бар және өз ойларын тұжырымдай алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы
10 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал. «Сәлемдеме хат» әдісі. Оқушылар музыка әуенімен билеп тұрып, өткен сабақ бойынша сұрақ жасырылған сәлемдемені бір-біріне жылдам беріп тұрады. Әуен тоқтаған кезде, сәлемдеменің бір бөлігін ашып, түскен сұраққа жауап береді. Мақсаты– сабақ тақырыбына байланысты оқушылардың қызығушылығын тудыру.
«Бір қадам артқа» стратегиясы арқылы оқушылардың осыған дейінгі біліміне шолу жасау. 1. Абайдың балалық шағы туралы не білесіздер? 2. Бала Абай кімдердің өлең-жырларын тыңдап өскен? 3. Неліктен Құнанбай Абайды оқудан шығарып алды? 4. Абай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде қандай өсиет айтады? 5. Абай нұсқаған бес асыл істі атаңыз. 6. Неге ғылымсыз адамның күні жоқ? 7. Білім, ғылым туралы мақал-мәтел жатқа айтыңыз. Оқушылармен өткен тақырыпқа кері байланыс жасалған соң, топ құрамы анықталады.
Күн, ай, от суреттері арқылы топтарға жайғасады. 1-топ: «Күн» -жанындағыларға жылу сыйлап, жарқырап жүретін, сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтындар. 2 –топ: «Ай» -ойшыл, арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ер жүрек батыл жандар. 3- топ: «От» -қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. |
«Сәлемдеме хат» жазылған сұрақтар
|
||||
Сабақтың ортасы
Білу Түсіну
25 мин
Қолдану
Талдау
Жинақтау |
СЖ.
1-тапсырма. «Ой қозғау» әдісі бойынша жалпы сыныпқа бұрын оқып жаттаған Абай өлеңдерін еске түсіру мақсатында, оқушыларға ақынның қандай өлеңдерін білетіндігі сұралады. Поэзия жаттығуы –Абай өлеңдерінен үзінді жатқа айту. Бағалау критерийі: -Оқушылар өздері білетін Абай өлеңдерін жатқа айтады. -Өлеңнің мазмұнын түсінеді. Дескриптор: –Абай өлеңдерінен үзінді жатқа айта алады. -Өлеңнің мазмұнын түсіне алады. ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы жүреді.
2-тапсырма. ТЖ. І топ «Күн» тобы Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңін қандай көркемдегіш құралдар арқылы жеткізеді? айдарымен «Балық қаңқасы» әдісі арқылы сызбаға түсіреді.
Орындау барысы: *Басы-тақырыптың мәселесі *Үстіңгі сүйектері– көркемдегіш құрал түрлерін жазу. *Астыңғы сүйектері-көркемдегіш сөздерге мәтіннен тапқан дәлелдер жазу. *Құйрығы-шығарманың көркемдік тілі жайлы түйінді сөз.
Жұмыс жасау барысында қоланылатын сөздік. Теңеу-заттың, я құбылыстың сыр –сипатын, белгі-бедерін, қадір-қасиетін сапа-сынын өзге затпен не құбылыспен салыстыру, суреттеу арқылы танытып айрықшы мән-мағына беру. Эпитет-заттың не құбылыстың айрықша сипаты мен сапасын анықтап, ерекше көріктендіру үшін қолданылатын айқындаулар. Метафора– Суреттеліп отырған зат не құбылысты айқындай түсу үшін оларды ұқсас өзге затқа не құбылысқа балап айту. Синоним-Айтылуы әр түрлі болғанымен, мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Антоним-мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
Бағалау критерийі: – «Балық қаңқасы» әдісі арқылы көркемдегіш құралдар табады. – Тақырыптық мәселені ашады және көркемдік тілі жайлы түйінді сөзбен жазады. Дескриптор: – «Балық қаңқасы» әдісі арқылы көркемдегіш құралдарды таба алады. – Тақырыптық мәселені және көркемдік тілі жайлы түйінді сөзбен жаза алады.
ІІ топ «Ай» тобы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» және «Өлең сөздің патшасы-сөз сарасы» өлеңдерінің тілдік ерекшелігін «Қос диаграмма» әдісі арқылы салыстырады. Бағалау критерийі: – «Қос диаграмма» әдісін пайдаланады. – Өлеңдердің тілдік ерекшелігін салыстырады. Дескриптор: – «Қос диаграмма» әдісін пайдалана алады; – Өлеңдердің тілдік ерекшелігін салыстыра алады.
ІІІ топ. «От» тобы «Әдебиет лотосы» әдісі арқылы өлең құрылысына талдау жасайды.
Бағалау критерийі: Өлең құрылысына талдау жасайды Дескриптор: Өлең құрылысына талдау жасай алады.
ҚБ: «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.
3-тапсырма. Ж. Үзіндідегі Абай пікірімен келісесіз бе? Өз ойын «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы жаза отырып, шығарманың әлеуметтік мәселесіне өз көзқарасын білдіреді.
Бағалау критерийі: -Берілген сұраққа өзіндік ой-пікірлерін ұсынады; -Өлеңнің әлеуметтік мәселесін ашып, тұжырым жасайды. Дескриптор: – Берілген сұраққа өзіндік ой-пікірлерін ұсына алады; – Өлеңнің әлеуметтік мәселесін аша алады; – Өз тұжырымын жасай алады. ҚБ: «Шапалақтау» әдісі арқылы жүреді.
4-тапсырма. Ж. «Ойыңды жалғастыр» әдісі арқылы шығарманың әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жазады. Бағалау критерийі: -Шығарманың әлеуметтік мәселесін ашады; -Сыни хабарламаны талапқа сай жазады. Дескриптор: -Шығарманың әлеуметтік мәселесін аша алады; -Сыни хабарламаны талапқа сай жаза алады. Жазу үшін қолданылатын тіркестер: «Менің пікірім…, Себебі… Менің өлең туралы қорытынды пікірім…» ҚБ: «Өзін-өзі бағалау» әдісі арқылы жүргізіледі . |
«Балық қаңқасы» жазу құрылымы парақтары, маркер, плакат «Қазақ әдебиеті» оқулық 6-сынып. Тұрсынғалиева С.Ч. Зайкенова Р. «Арман –ПВ» баспасы, 2018.
Анықтама
«Қос диаграмма» жазу құрылымы парақтары, плакат, маркер, кеспе қағаздар «Қазақ әдебиеті» оқулық 6-сынып. Тұрсынғалиева С.Ч. Зайкенова Р. «Арман –ПВ» баспасы, 2018.
кеспе қағаздары
«Қазақ әдебиеті» оқулық 6-сынып. Тұрсынғалиева С.Ч. Зайкенова Р. «Арман –ПВ» баспасы, 2018.
Жұмыс дәптері «Қазақ әдебиеті» оқулық 6-сынып. Тұрсынғалиева С.Ч. Зайкенова Р. «Арман –ПВ» баспасы, 2018.
|
||||
Сабақтың соңы
5 мин
Бағалау
|
Оқушылар рефлексиясы: «3-2-1» әдісі арқылы жүреді.
Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат; Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті; Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет.
Кері байланыс: «1 минуттық тұжырым» әдісі арқылы оқушылармен сабақтың негізгі ойы түйінделеді. 1. Осы сабақта сен үшін ең маңызды үйренгенің не болды? 2. Өтілген тақырыпты бір сөйлеммен қорытындыла. Үйге тапсырма «Абай атаға хат» жазу.
|
Кеспе қағаздары,
|
||||
|
||||||
Саралау:
Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? |
Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||
Ықшам сабақты жоспарлауда спиральды қағидат ескеріледі және Блум таксономиясы негізінде құрылады. Мақсат бойынша саралауда сабақ жоспары SMART мақсатқа сай құрылды. Сабақ бойында алынған барлық белсенді әдіс-тәсілдер көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар үшін қолжетімді тапсырмалар орындауға бағытталады. Бұл сабақтың басында «Сәлемдеме хат» әдісі арқылы берілген ұжымдық тапсырмадан көрініс табады. Сабақтағы тапсырмалар мақсатқа сай сараланып құрастырылады. Әр тапсырмадан кейін бағалау ұйымдастырылады, ол оқушыларға қолдау көрсетіп, әрі қарай ізденіп, жұмыс жасауына ықпалын тигізеді. Сабақ барысында әр дағдының деңгейлері қарастырылған. Қарым-қатынас формалары бойынша саралау оқушылардың топта бірлесе жұмыс жасауы және сабақ кезінде шаттық шеңберіне шығып «Сәлемдеме хат» тапсырмасы бойынша біріге жұмыс жасауы негізінде қалыптастырылады. Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау кезінде «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы ой қажеттілігі ескеріледі.
Тапсырма бойынша саралау түрі арқылы «Қос диаграмма», «Балық қаңқасы», «Әдебиет лотосы» әдістерінде оқушылардың қызығушылығына бағытталып, материалды қолдана білу деңгейіне негізделеді.
|
Әр тапсырмадан кейін бағалау критерийлері мен дескрипторлар жасалынады, ол оқушыларға қолдау көрсетіп, әрі қарай ізденіп, жұмыс жасауына ықпалын тигізеді. Оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыстары мұғалімнің ҚБ қолдау сөздерімен ынталандырылып, дескрипторларға негізделген ауызша кері байланыстары арқылы жүзеге асырылады.
1-тапсырмада «Поэзия жаттығуы» Абай өлеңдерінен үзінді жатқа айтуда «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. 2-тапсырма топтық жұмыста әр топ «Мадақтау сэндвичі» әдісі арқылы бағаланады. 3-тапсырма өзін-өзі бағалауын «Шапалақтау» әдісі арқылы жүргізіледі және 4-тапсырма «Ойыңды жалғастыр» әдісі арқылы шығарманың әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жазады. Оқушылар рефлексиясы сынып ішінде «3-2-1» әдісі арқылы жүргізіліп, танымдық қабілеттері қалыптасады. Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпарат; Бүгінгі сабақта қиындық тудырған 2 аспекті; Бүгінгі сабақта ұнаған 1 іс-әрекет. Тақырыптың қорытынды ойы «1 минуттық тұжырым» әдісі арқылы түйінделеді. 1. Осы сабақта сен үшін ең маңызды үйренгенің не болды? 2. Өтілген тақырыпты бір сөйлеммен қорытындыла.
Барлық алынған ҚБ оқушылардың оқу жетістігіне жетуіне ықпал етеді деп күтілуде. |
Сабақ қазақ тілі, ән күй, хореография, дене шынықтыру және сызу пәндерімен байланысты. Сабақта интербелсенді тақта, үлестірмелі материалдар тиімді пайдаланылады. Сабақта ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас оқушылардың топтық, жұптық жұмыстары арқылы сақталады. Топтастыру кезеңіндегі қауіпсіздікті бақылауда болады.
Сабақ бойында интербелсенді тақта қолданылатындықтан қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады. Оқушылардың оқуына ыңғайластырыл ған қалыпты оқу ортасы құрылады. |
||||
Сабақ бойынша рефлексия | Бұл тарауды рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма? Иә, қолжетімді болады. Барлық оқушылар үшін оқу мақсатына қол жеткізді ме? -Иә. Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? -Сабақ SMART мақсатқа сай құрылмаған -Оқушылар қызығушылығын арттыратын тапсырмалар берілмеген -Сыныпта бағалау жүйелі жүргізілмеген Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? -Сыныпта саралау сабақ деңгейіне сай жүргізіледі. Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? -Иә. Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен? -Жоқ. |
||||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)? 1. 2. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сбақта не нәрсеге назар аудару керек?
|
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718