“Мұғалім – ел болашағы”

«Мұғалім – ел болашағы»

            

             Мұғалім- елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық.Ондай мамандық иесі әрқашан да өресі биік болып, сөйлеген сөзінен, ойлар ойынан маржандай тізілген ілтипат пен парасаттың өрнектері, әсемдік әлемі көрінетін, көкірегі жақсылыққа тола, мейірімді, білімі біліктілікке ұласқан ізденімпаз, елжанды, адамгершілігі жоғары адам болу керек.

Мұғалім қызметінің ерекшелігі сол , көптеген мамандықтар секілді педагогтың қолында өлшеуіш немесе басқаша айтқанда приборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы – оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал мұның өзі әрқашан күрделі. Түптеп келгенде, қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалімге үйретуге ең көнгіш кезіндегі адам сеніп тапсырылады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады.

Қазіргі заманның мұғаліміне қойылатын талаптар:

  • біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман иесі болу керек;
  • екіншіден, мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс;
  • үшіншіден, мұғалім білім негіздерін өз бетінше оқып, үйренуге, оқушыны баулауға міндетті;
  • төртіншіден, мұғалім- педагогикалық үрдісте баламен ынтымақтаса қызмет ету керек;
  • бесіншіден, педагог әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруға міндетті немесе француз педагогі Жубер айтқандай “оқыту деген екі есе оқу”

Қорыта айтқанда, мұғалімнің басты қызметі жаңа қоғамға сай білімді, көкірегі ояу , тәрбиелі, әр уақытта еліне қызмет ететін, оңды-солын білетін жақсы азамат қалыптастыру.Ал, мұғалімнің негізгі міндеті қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту. Сондықтан да жас педагогке жемісті еңбек ете алатын, өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыратын жағдайлар туғызу қажет. Жас мамандардың тіршілігін, еңбегі мен жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім алуын мақсатқа бағыттап ұйымдастыру керек.

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *