Ана- өмірдің гүлі.

Мақсаты:  Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, слайд гүл т.б.

Барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

Басталуы: Экраннан бейнеролик көрсетіледі.

Айгерімнің арнау өлеңі оқылады

1-жүргізуші:

Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар!

2-жүргізуші:

Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

1-жүргізуші:

1908 жылы жылдың 8 наурызында тұрмыстың ауыр жағдайына төзе алмаған Нью- Иорктың еңбекші әйелдері демонстрацияға шыққан екен.

2-жүргізуші:

1910 Жылы Копенгагенде өткен әйелдердің ІІ халықааралық конференциясында 8 наурызды «жұмысшы әйелдердің күні» деп белгілеп, оны жыл сайын әйелдер пролетариатының халықаралық ынтымақтастық күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданған.

 1-жүргізуші:

Россияда 8 наурыз күні алғаш рет 1913 жылы мерекеленген екен. Міне содан бері 8 наурыз мерекесі тойланып келеді.

2-жүргізуші:

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, – дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді сынып жетекшіміз Татиева Зауреш Орынбасаровнаға береміз.

1-жүргізуші:

Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызға әнші қыздарыныз  _____________________ орындауындағы «___________________» атты әнін қабыл алыңыздар.

 

2-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

 

1-оқушы:

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

 

2-оқушы:

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар

– Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

 

 3-оқушы:

Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.

 

4-оқушы:

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

 

5-оқушы:

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

 

6-оқушы:

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

 

1-жүргізуші: 

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай … ________________орындауындағы «_____________________» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. ________________________орындауында «___________________» биі.

1-жүргізуші:

«Әйелдер адамды бесігімен баулиды… Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горький: «Адамдар-әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

1-жүргізуші:

Келесі кезекте ән: «___________________________»,  орындайтын __________________.

1-жүргізуші: Мұхаммед пайғамбар айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

2-жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып,  __________________________ орындауында «_____________________________» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: 

Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін

Таң қалдырып, қанекей би билеші,

Қол соғып, демеу берсе көрермендер! – деп кезекті  … сыныптың байсалды да байыпты бишілеріне береміз.

2-жүргізуші:

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

1-жүргізуші:

Ән: «_____________________________________», орындайтын _____________________.

 

 

2-жүргізуші:

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

1-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иеміз.

2-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

1-жүргізуші:

Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше, аналарымыз аман- есен болсын дей отырып біз сіздермен қоштасамыз.

2-жүргізуші:

Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар.  8 наурыз құтты болсын!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *