Оқы да біл, ойна да күл
Мақсаты: оқушылардың оқыған білім деңгейін саралап, үйренген өнер, оқу түрлерін көрсете білу. Әр түрлі ойындар арқылы қазақ тіліне деген кызығушылықты арттыру.
Көрнекілік: қазақ тіліне тән әріптердің суреттері, күннің суреті, суреттер, сиқырлы сандық, қармақ, балықтар, шарлар
Іс -шара барысы:
– Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, балалар!
Амансыңба алтын күн
Амансыңба мектебім
Амансыңба достарым
Амансыңба ұстазым!
Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, сабағымыздың тақырыбы “Оқы да біл, ойна да күл ” яғни саяхат сабақ. Балалар, біздің көңіліміздің кілті біздің езуімізде.Әрдайым күліп, жан
жағымызға күлкі сыйлайық!
Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ шытып не керек
Көңілді болып жүрейік!
Ой балалар естимісіңдер, біреу жылап отырған сияқты.
– Сәлеметсіңбе балақай! Саған не болды, неге жылап отырсың?
– Мен ойнап жүр едім, кенеттен қатты жел соғып мені ұшырып әкетті. Енді мен үйіме қайта алмай жылап отырмын.
– Сенің атың кім?
– Ергежейлі
– Балалар біз Ергежейліге көмектесеміз бе? Жолға шығуға да болар еді, алайда ұзақ жол жүруге тура келеді. Барар жерге тез жету үшін не керек? Айтыңдаршы балалар?
– Көлік, автобус
– Ия бізге автобус керек.
– Олай болса автобусқа мініп саяхатқа аттанайық, сәт сапар!
Зу, зу, зу біз кеттік
Жүрісті тым үдеттік
Гу, гу, гу гуілде
Қалып қойма біріңде. (автобустың даусы, содан соң сарқыраманың даусы шығады)
– Балалар біздің автобусымыз тоқтап қалды. Қане бәріміз сыртқа шығайық, не болғанын көрейік. Қараңдаршы ол өзен ғой. Өеніміз қандай үлкен еді. Не істесек екен? Ергежейліні өз үйіне қалай жеткізсек болады? Өзеннен қалай өтсек екен?
Ергежейлі: Өзенде көпір болған, оны жел бұзып кеткен ғой. Көпір салсақ қалай болады?
– Балалар қараңдаршы мұнда қандай пішіндер көріп тұрмыз? Өзеннің маңындағы әртүрлі геометриалық пішіндер жатады, сол пішіндердің арасынан көпір тұрғызу үшін керегін аламыз және түсіне қарай орнатамыз. (Мұндағы тапсырмалар геометриалық пішіндердің артында жасырынған әріптер бар, сол әріптерді атап оның дауысты, дауыссыз екенін тауып, сол әріптен басталатын сөз айтып, буынға бөлу).
– Өте жақсы біз өзенге көпір салдық, енді Ергежейлімен өзеннен өтіп саяхатымызды әр қарай жалғастырамыз. Далаға қараңдаршы гүлдер жайқалып тұр, әсемдік деген осы, ия балалар , қане балалар құшағымызды кең жайып таза ауа иісін иіскейікші…
Ергежейлі: Балалар, жаңбыр келеді. Біз қазір жаңбырдың астында қаламыз. Мен қорқамын. Күнді қара бұлт басып кетті.
– Қорықпа Ергежейлі біз саған көмектесеміз. Балалар мына күнді жапқан қара бұлтты ашу үшін бұлттың сендерге тапсырмасы бар екен, сол тапсырманы орындасаңдар ғана бұлт ашылып күннің көзі шығады. Ал қанеки кім бұлттың тапсырмасын орындап, күнді ашады? Мұнда сендерге жұмбақтар жасырылады
1.Айбат шеккен алыстан
Аң патшасы (арыстан)
2.Сескенбеген қасқырдан
Қашып кетті аюдан
Еш қаперсіз жүргенде
Түлкі жұтты қапыдан (Бауырсақ)
- Қардай аппақ
балдай тәтті ақ (қант)
4.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің (ауа)
5.Қолы жоқ, сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады.
(аяз)
Міне балалар күнді жапқан қара бұлтты қуып, күннің көзін аштық.
– Балалар біз қайда бара жатыр едік?
– Ергежейлінің үйіне
– Дұрыс айтасыңдар. Олай болса біз әрі қарай келесі автобусқа мініп саяхатымызды жалғастырамыз. Ой балалар автобусқа міну үшін жүргізушінің сендерге дайындаған тапсырмасы бар екен. Ол не болды екен?
– Сөзжұмбақ
Қ | ұ | л | а | қ |
А | н | а | ||
Л | а | қ | ||
Қ | ы | с | ||
О | қ | у |
- Есту мүшесі
- Бізге жақын адам
- Ешкінің төлі
- Қазір жылдың қай мезгілі
- Біз мектепке не үшін келеміз
– Өте жақсы шештіңдер. Енді втобусқа мініп Ергежейлінің үйіне тартамыз. Міне, Ергежейлінің үйіне де жетіп қалдық. Олай болса автобустан түсейік.
Ергежейлі: балалар, сендер шаршаған боларсыңдар, менің сендерге дайындаған ойындарым бар.
«Сиқырлы сандық»
Ойынның мақсаты: сөздерге дыбытық талдау жасау (дауысты, дауыссыз дыбыстардың астын қызыл немесе көк қарындашпен белгілеу)
ағаш, ат, қалам, ата, айна, доп, ұшақ, ыдыс
– Жарайсыңдар балалар. Енді Ергежейлімен қоштасатын сәт жетті. Ергежейлінің үйі міне тұр. Ергежейлі сен неге көңілсізсің?
– Менің балалармен қоштасқым келіп тұрған жоқ, мен оларға бауыр басып қалдым.
– Ергежейлі сен қам жеме, біз саған әлі де келіп тұрмыз.
– Балалар мен сендермен уақытты жақсы өзкіздім тіпті үйіме қалай жеткенімді де білмей қалдым, сендер әр түрл қиындықтрдан өте білдіңдер, ойынды да қызықты ойнадыңдар. Менің сендерге аздаған тәттілерім бар. Ал балалар сау болыңдар.
– Сау болыңыз!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718