Бүгінгі ұрпақ-ертеңгі ұлт болашағы

Педагогикалық жұмыста мақсатқа бағытталған тәрбие ісі әр адамның тәрбиелік қызметі арқылы іске асады.Бала бақша ұжымымен қоштасып,өз мамандығыма сәйкес қызметке орналасу-менің өмірімдегі өзекті оқиға. Осы күнге дейін осы мектепке алғаш келген сәтім көз алдымда.

Білім ордасы С.Жиенбаев атындағы орта мектебі ұжымы. Ұжымдағы әр ұстаздың өз ерекшелігімен бір төбе.Мектеп ішінде әр класқа көз салсаң томпиып-томпиып отырған балалардың әрқайсысының бойында көрінбей жатқан таланттар жатуы сөзсіз. Әр бала өзінше жұмбақ,өзінше байлық. Өзімді таныстыра отырып,оқушыларды сөзге тартсам олардың пысық, ақылды екендіктеріне тіптібойларындағы тентектіктеріде жарасымды екеніне көзім жетті.

Күндер өтіпжатыр,ал мен оқушылардың жұмбақ қырларынкөре бастадым.Оларда мені жақын тартып өздерінің қуаныштыры  мен өкініштерін,ойларымен асығатын болды.Құр жұмыс папкасынтолтырып қойғаннан оқушының жағдайы жақсармайтыны аян. Ол мен үшін тек тексерушінің алдындағы қарабайыр қорғаныс құралы. Әр оқушының өз мінезіне,жағдайына қарай бабын таба алмасақ жұмысымызда еш нәтиже болмасы белгілі.

Менің мектебімде 133 оқушы,72ұл,61 қыз бала бар. Олардың бойынан бүгінде бір-біріне деген құрмет,сенім,сыйластық қасиеттерін байқаймын. Менің мектебімдегі 72 ер бала тек қана білім алып қоймай,спорттың сан алуан түрімен әуестенеді. Соның ішінде қазақша күрес,қол күрес,шахмат,футбол секцияларына қатысып,түрлі жарыстарда жеңіске жетіпжүлдегер атаныпжүргендері аз емес.

Өнерлі өңірдің өрендеріөнерден де қалыс қалмаған. Бір күмбірлетіп күй тартса ,әуелетіп ән салып,енді бірі пьесаларда түрлі кейіпкерлерді сомдап,”Өнер адамы”атағымен марапатталған.

Алғашқы жылдарымен ой бөліскенді ұнататынмын, өйткені менің басты мақсатым олардың жан дүниесін тереңірек ұғыну болды. Қазірде оқушылардың есейгендері байқалады. Бірі ашушаң,бірі тұйық,бірі ерке.Сан қырлы қиындықтарға қарамастан оқушылармен жұмыс атқаруды тереңдете бастадым. Міне осы жылдары мен ерекше қиналдым………Мен олардың әрқайсысымен жеке сөйлесуге тырысып,мұң-мұқтаждарымен бөлісіп,сәті түскенде сырласу сәттерін жүргіздім.”Алтын балық”,”Егерде мен…”,”Шынымды айтсам…”аяқталмаған сөйлем әдістерін қолдандым. Маған ерекше тиімді көрінген әдіс бұл олар мен сырласуда өзімді,өз балалық шағымды мысалға ала отырып әңгімелесу болды.Содан кейін ғана менің жұмбақ жандарым өздеріне “жаңа сырлас” тапты, ал мен өзіме “сенімді шәкірт” таптым.

Бала тәрбиесі мәңгілік мәселе,қиын әрі күрделі үрдіс,тіпті ол тоқтаусыз соғып тұрған жүрегің сияқты. Жас ұрпақты тәрбиелеуде әр педагогтың алдындағы басты міндет-ұлы жауапкершілікті сезіну.Ал оны жүйелі жоспарлау оқушыларды жан-жақты зерттеп тәрбиелеуде    жемісті нәтиже береді. Педагогикалық-психологиялық тәрбиенің әр түрлі әдістерімен түолерін қолданып, рухани адамгершілік қасиеттерді бала бойына дарыта білсек-еңбегіміздің зая кетпегені. Әр педагог мойнындағы жауапкершілікті сезінеді. Әр шәкіртпен жеке әңгімелескенде ,пікірталас  кезінде де сөздерін салмақтап сөйлеуге,әр нәрсені парасатпен талдауға үйренеді.

“Баланы бақырып үйретпе,ақырын үйрет”деген қапысыз тәлімгерге халқымыз осылай талап қойыпты.Байбалам салмай, бабын тауып сөйлескенде ғана еңбегіміз жемісін табар.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *