Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу

Сынып: 6-сынып, мерзімі: 26.10.2018ж
Сабақтың тақырыбы :Таңбалары әртүрлі рационал  санды қосу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың ұйымдастырылу түрі :» Математикалық поезд» ашық сабақ, дәріс,есеп шығару
Көрнекілігі : слайдтар, карточкалар.
Сабақтың мақсаты:
1. Таңбалары әртүрлі рационал қосуды меңгерту, есеп шығару жолдарын көрсету.
2.Логикалық ойлау қабілетін дамыту,іздену-шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
3.Тазалыққа,ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа,өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру.
2.Үй тапсырманы тексеру.
3.Өткен тақырыптан алған білімін тексеру,жүйелеу.
4.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
5.Жаңа білімін тексеру.
6.Бекіту. Жаңа тақырыпқа есеп шығару. Алдағы жоспармен таныстыру.
7.Үй тапсырмасымен таныстыру.
8.Қорытындылау,бағалау.
9.Рефлексия кезеңі.
Сабақтың барысы
1.Оқушыларды түгендеу,сабаққа назарын аударту.
2.Үй тапсырманы жалпы тексеру.
3. Карточкамен өткен тақырыпқа есеп беру.

Есептің шешімдерін өсу ретімен орналастырғанда теріс сандарға амалдар қолданған математик есімі шығады.
Р -0,4783+(-0.8517)= A -2.36+(-7.84)=
Д 0+(-39.47)= Е -8.4+(-5.9)=
Т -0.687+0.687= К -6.9+(-7.3)=
ЖАУАБЫ : ДЕКАРТ
4. Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санның қосындысын табуды үйренейік.
1-ші есеп.
Таңертең ауаның температурасы -5 градус болды. Ал түсте +7-қа жоғарылады. Түсте ауаның температурасы неше градус болды?
(-5)+7=2
Таңбалары әртүрлі, модульдары тең емес екі санды қосу үшін:
1)үлкен модульден кіші модульді азайту керек;
2)шықан саның алдына модулі үлкен қосылғыштың таңбасын қою керек.
Қарама-қарсы екі санның қосындысы 0-ге тең.
5.Жаңа білімін тексеру.
Таңбалары әртүрлі сандарды қосу алгоритмін айт. №446 ауызша есептеу.
6.Бекіту. Жаңа тақырыпқа есеп шығару. Жалпылау және жүйелеу.
1. Купеге билет алу үшін тапсырмадан “5”-тік баға алу
2. Плацкартқа билет алу үшін тапсырмадан “4”-тік баға алу керек
3. Жалпы вагонға билет алу үшін тапсырмадан “3”-тік баға алу керек
1-бекет
Деңгейлік тапсырмалар
Жалпы вагонға билет сатып алу үшін
№448
1.18+(-9)=9 (-21)+14= – 7 (-31)+53=22
2.32+(-21)=11 45+(-45)=0 0+(-31)= – 31
№450
1.(-2)+17/8=-1/8 (-1)+21/9=11/9 (-4)+31/2= -1/2
№454
1.-7+x=13 x=20 2. x+(-9)= – 4 x= 5
Плацкарт вагонына билет сатыып алу үшін
№462
– 5/12+3/8=- 1/24 2. 7/15+(-2/5)=1/15 3. – 1/8+3/5= 19/40 4. 5/8+(-1/4)=3/8 5. – 3/5+3/2= 4/10 6. 5/16+(-2/3)=-17/48
№464
6+x= – 2 x= – 8 2 . x+(-4)= – 0.44 x=3.56
39.45+x= – 50.31 x= – 89.76 4. x+32 5/12=301/6 x= – 21/4
№466
8+4-3-2=7o
Купе вагонына билет сатып алу үшін.
№472
1.-7+(- 3/4+0.5)= – 7.25 2. -1.25-(-21/4-1.5)=2.5 3. -8.5+(-0.3+4/5)= – 8 4.-9 3/7-(-6+4/7)=-4
№474
1 .-3.5+3/8+(-0.75)+11/4+(-6 7/8)=-9.5 2. 12.2+(-7 2/5)+(-4 5/6)+(-39 1/2)+50=-10 7/15
3.9.6+(-32)+72 2/3+(-2 4/15)+(-39 3/5)=8.4 4. 6.7+(-8 3/4)+(-11 3/20)+(-0.7)+4.81=-9.09
№476
a+b+c+d=590 b+c+d=350 a+b+d=540 a+d=420 b=?
c=590-540=50 a=590-350=240 b+c=590-420=170 b=170-50=120
2-бекет
Олимпиадалық тапсырмалар
1.Ерболда 3 тиындық және 5 тиындық монеталар саны 13 еді. Ол ақшасын санағанда 57 тиын болды. Ерболда 3 тиындық монета нешеу, 5 тиындық монета нешеу?
Жауабы:3 тиындықтан 4-еу,5 тиындықтан 9.
2.Егер ең үлкен екіорынды саннан екі сегіздікпен жазылған санды алып, оған ең кіші екіорынды санды қосып, үшті азайтсаң біздің сыныпта неше қыз немесе неше ұл немесе неше оқушы бар екенін білесің.
Жауабы:18 оқушы
3.Ұлу саңырауқұлақтың бетімен 2 минутта жоғары 2см. жылжиды.Одан кейін 1 минут демалып, дереу төмен қарай 1см.сырғанап түседі. Содан соң қайта өз дағдысымен жоғары жылжиды. 5минуттан кейін ол қандай биіктікте болады?
Жауабы:3 см
3-бекет
Ауызша тапсырмалар
Теріс санның модулі қандай сан?
Теріс сандарды қалай қосамыз?
Координаталық түзу дегеніміз не?
7.Үй тапсырмасымен таныстыру. №449,451,
8.Қорытындылау,бағалау.
9.Рефлексия кезеңі.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *