Ой мен ойын
Мақсаты:«Тәуелсіздігімізге-27 жыл» мерекесі қарсаңында тарихи – танымдық сайыстар арқылы оқушылар белсенділігін арттыру, ұлттық тарихымызға, салт – дәстүрімізге шолу жасау, білімін шыңдау .
Құрметті оқушылар, ұстаздар! Биыл үлкен мереке.Тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл толды.Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз.Алда келе жатқан үлкен мерекеміз – Тәуелсіздік күні баршамызға құтты болсын! Және осы мерекемен тұспа – тұс келген «Тарих-география пәндері апталығы» аясында 9- сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған бүгінгі «Ой мен ойын»атты сайысқа қош келдіңіздер! Сайысқа қатысатын топтармен таныс болыңыздар!
Сайысымызға баға беретін әділ – қазы алқаларымен таныс болыңыздар.
________________________________________________________________
Сайысымыз 7-кезеңнен тұрады.
1-кезең: «Таныс болайық»
Бұл кезеңде әр топ өздерін таныстырып өтеді. (Эмблема,топтың аты,ұраны)
2-кезең: «Хронология» (Бұл кезеңде оқушылар сұрақтарды тыңдай отырып жылдарды сәйкестендіре отырып жауап береді)
1-топқа сұрақтар
1.Ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағыты қай жылы жарияланды? (1927 жылы компартияның XVсъезінде)
- Қазақстанның төл теңгесі дүниеге келген күн (1993ж 15 қараша)
3.Ашаршылық жылдары халықтың ауыр жағдайын айтып тайсалмастан Сталинге ашық хат жазған қоғам қайраткері: Т.Рысқұлов
- Верный деп аталып келген қала (1921ж Алматы)
2-топтың сұрақтары
- Индустрияландыру жылдары салынған темір жол (Түрксіб теміржолы1927-1931жж)
- Либералдық-демократиялық зиялылар патша үкіметімен келісімге келуді ұсынды қай жылы не үшін? (1916ж)
- Алаш қозғалысы қай жылы пайда болды? (1905ж)
- Қазақстан Республикасының Рәміздері қабылданған күн (1992 ж 4маусым)
1-топқа сұрақтар
1.Ұжымдастыру жылдардағы қазақ халқының басына түскен қасірет (ашаршылық 1931-1933жж 2,1 млн)
2.Қазақстан РеспубликасыныңТәуелсіздік жариялаған күні (1991ж 16 желтоқсан)
3.Қазақ АКСР құру туралы декрет шыққан жыл: 1920 ж 20тамыз
4.Жаңа Әнұран қабылданған мерзім (2006ж)
2-топқа сұрақтар
1.Азамат соғысы қай жылдары болды? (1918-1920жж)
2.жаңа астананың ресми тұсаукесері қашан болды.?(1998 жыл 10-маусымда)
3.«Кіші Қазан» идеясының авторы Қазақстанда қай жылдары билік құрған.? (Ф.И.Голощекин 1925-1933жж)
4.1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістегі Торғай көтерілісшілерінің саны ( 20 мың)
3-кезең :«Тұлғаны таны» сұрақтарға жауап береді
1-топ
- 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Минскіден «Ресей халықтары үшін туысқандық,теңдік және бостандық күні туды» деп сәлем жолдаған кім?(Ә.Бөкейханов)
- 1913 жылдың өзінде «қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»-деп жазған (А.Байтұрсынов)
- «Сақ әйелдері ер жүрек келеді,соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп ұрысқа араласады » деп баяндаған кім? (Грек авторы Ктесий)
ІІ-топ
- «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды» деп жазған (Т.Рысқұлов)
- 1916 жылғы патша жарлығына байланысты «жұрт сеңдей соғылды,түнде ұйқыдан күндіз күлкіден айрылды»-деп жазған (М. Дулатов)
- Томирис туралы «Ол әйел болсада жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ» деп жазған кім? (Рим тарихшысы Помпей Трог)
І-топ
- «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ нарлар алысар ал шаруасын бұзып қанын төгетін сорлы халық болар ХХ ғасыр Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ»- деп жазған (Ә.Бөкейханов)
- 1916 жылы қазанда үндеу хатында «Тыңдаңыздар ,қан төкпеңіздер,қарсыласпаңыздар»-деп жақған (Байтұрсынов,Бөкейханов,Дулатов)
- Бехистун жазбаларындағы «Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым » деген сөздер кімдікі? (Дарий)
2-топ
- «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданыңда қару-жарақ асынып мемлекетті қорғауға лайық еді,қатарда жоқ қара жұмысқа байлауын кемшілік санаймыз»-деп жазған : А.Байтұрсынов
- Столыпин реформасының бас кезінде –ақ «Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды құрбан етуді талап етсе әрине бұған қарсы шығудың керегі жоқ» деп жазған басылым (Санк-Петербургские ведомости)
- Сақтар туралы «Киімі мен өмір сүру әдісі скифтерге ұқсас .Олар егін екпейді,үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді.» деп жазған кім? (Герадот)
4-кезең «Көп сөйлеме» деп аталады.
1-топ
Найза
Тайпа
Еңбек
Жебе
Киіз үй
Ежелгі
Бостандық
Ұран
2- топ
Мемлекет
Батыр
Қаған
Қымыз
Көне
Садақ
Қазақ
Көтеріліс
3-топ: Халық,сайыс,Хан, феодал, Шапан,Әнұран, жекпе-жек, бес қару
4-топ:Жүзік, Карта, Тәуелсіздік,Өнер,Темір,Домбыра,Жылқы,Шоқпар
5-кезең «Сөзжұмбақ»
1-топ
1.Басшысын Гуньмо деп атаған тайпа? (Үйсін)
- 542 жылдан бастап Қытай жылнамаларында белгілі болған этноним (Түрік)
3.Түрік Қағанатының негізін қалаған қаған? (Бумын)
- Түргеш қағанатында ірі сауда орталығы болған қала (Тараз)
- Қай ханның тұсында Қазақ хандығы Моғолстанмен достық-одақтық қарым -қатынаста болды? (Қасым хан)
6.Солтүстік Қазақстан жерінде 158 тұрғын үй табылған энеолиттік тұрақ (Ботай)
2 топ
7.Орта ғасырда кімде осы түліктің түрі көп болса сол атақты бай болған (Жылқы)
8.Қабат-қабат қаттама,ақылын болса аттама. (Кітап)
9.Көшпелілер үзеңгіні,ауыздықты ,ерді ойлап тапқан дәуір (Темір)
- Үйсін атауы қай елдің жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. (Қытай)
- Орталығы Имақия қаласы болған қағанат (Қимақ)
- Мезолит заманының басты жаңалығының бірі (Садақ)
6-кезең «Сөз құдіреті»
Төніп келген жауды сөзбен тоқтату
Жаугершілік заман. Ауылыңның үстіне ат ойнатып қатерлі жау келіп тұр. Қарсы шығып соғысқаннан пайда жоқ, жаудың күші басым. Сіздің міндетіңіз сөзбен, нақты аргументтермен өз ойыңды байланыстырып жауды тоқтату керек.
7-кезең : «Жекпе – жек» топтар бір –біріне 2-сұрақтан қояды.
1 топ
1 Елбасының 2019 жылға арналған жолдауы қашан жарияланды…
2 Жолдау қанша бөлімнен тұрады…..
2 топ
1 Елбасымыз 2019 жылды қандай жыл деп жариялауды ұсынды….
2 Болашаққа бағдар рухани жаңғыру бағдарламасының мақсаты.
Қорытынды:
Жұмысқа уақыт табыңыздар, бұл – табыс шарты.
Ойлануға уақыт табыңыздар, бұл – күштің қайнар көзі.
Ойынға уақыт табыңыздар, бұл – жастықтың құпиясы.
Оқуға уақыт табыңыздар, бұл – білімнің негізі.
Достыққа уақыт табыңыздар, бұл – бақыттың шарты.
Арманға уақыт табыңыздар, бұл – жұлдыздарға жол көрсетеді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718