Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер
Ел болашағы білім беру жүйесінің және зиялы қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан Қазақстан халқына да әлемінің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажет.
Сол себепті қазіргі кезде маңызды мәселелердің бірі – әлеуметтік және экономикалық жағдайларда өмір сүруге дайын болумен бірге, оны жақсы жағына қарай өзгертуге игі ықпал ететін тұлғаны қалыптастыру болса, тұлғаға қойылатын бірінші кезекте талаптар – шығармашылық, белсенділік, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.
Әр уақыт кезеңінде адамдардың ақыл-ойы мен көзқарасы өзгеріп, құбылып отыратыны – заңды құбылыс. Сондықтанда жаңашыл білім беру жүйесі педагог қауымға осы мәселені жан-жақты қарастыратын, зерттейтін маңызды міндеттер мен үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқу-тәрбие процесін жаңартумен қатар оны жүзеге асыратын әрбір педагогтың көзқарасын, оқушымен қарым-қатынасын түбегейлі өзгерту, әр баланың жеке және жас ерекшелігіне қарай дербес дамуын қамтамасыз ету, оларға білімнің өз мүддесі үшін қажеттігін сезіндіру, құзырлығын айқындау – бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі.
Білім саласында қызмет ететін әрбір педагог жаңару процесін жатырқамай қарсы алып, өзінің іс-тәжірбиесіне енгізуге асығуы тиіс. Өйткені өркениетті елдің білім саясаты жаңа тұрпатты педагогтың тың көзқарасын қажет етеді.
Білім берудегі тұлғаға бағдарланған тәсіл тұжырымдамасы оқушының нәтижесі дамуын, қазіргі қарқынды дамып келе жатқан қоғамға бейімделуін көздейді.
Жаңа білім сапасының жетістігі оқушының жемісті іс-әрекетіндегі әлеуметтендірудің құралы болып табылады. Осы бағытта жастардың ғылыми, технологиялық, гуманитарлық дайындығына қойлатын талап әлдеқайда биіктей түсті.
Ал, баланы оқыту мен тәрбиелеу – ұзақ жылдарға созылатын, инемен құдық қазғандай, бейнеті ауыр еңбек екенін ескерсек, бұл орайда, ұстаздар қауымының орны ерекше екені талассыз. Осыған орай, нәтижеге бағытталған өз тәжірбиемнен оқырман қауымға әдіс алмасуды ұсынбақпын.
Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты №125 жалпы орта білім беретін орта мектебінде аймақтық семинар Әсет Әбдінәбиұлы Сатыбалдиев мырзаның басшылығымен ұжым болып өткізген едік. Сол семинарда Мен 1 «И» сынып оқушыларыммен дүниетану пәнінен «Қала мен ауыл» тақырыбында үш тілде сабақ өткіздім.
Сабағымның мақсаты:
- Оқушылардың өз туған жері мен тұрған жерлері туралы толық мағлұматтар беріп, меңгерту;
- Өздері тұратын жердегі климаты мен мекен-жайларын жатқа айтуға үйренеді;
- Ауыл мен қаланың айырмашылықтарын толық меңгереді;
- «Мәңгілік ел» Қазақстандық патриотын, азаматтық жауакершілігін, отансүйгіштігін ояту, тәрбиелеу.
Сабағымды «өзін-өзі тану», «математика», «жаратылыстану» пәндерімен байланыстырып өттім.
Өз сабағымда: 1. Ой қозғау,
- Миға шабуыл,
- Конэрс (АМО),
- Пікірталас (К)
- Райт-Раунд-Робин (АМО) (К) (ойлан, жаз, талда,
дәлелде)
- Жол ережесін білесің бе? (АМО) (К) деген сияқты әдіс-тәсілдерді қолдандым. Сонымен қатар оқушыларыммен бірге суреттер әлеміне саяхатқа шығып, ауыл мен қала айырмашылықтары мен ерекшеліктерін айтып, өзара пікірталас, яғни диспут түрінде де ой қозғап қызықты өтуге тырыстым. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, еркін сөйлеп, толық дәлелдеп жеткізе білді.
Сабақ оқыту барысында іс-әрекеттер сабақ кезеңдеріне байланысты кіріктірілді. Сондықтан да мен де сабағымды миға шабуыл жасаудан, басқаша айтқанда ой қозғаудан бастадым. Оқушылар қажеттіліктеріне қарай түрлі тапсырмаларды орындады. Қабілеті жоғары және төмен оқушыларға өздерінің білім деңгейлеріне сай деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірме қағаздар беріп, жауаптарын алып, смайликтер арқылы мадақтап отырдым. Ал қабілетті оқушылар сабақты күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, өз ойларын тереңірек жеткізе білді.
Білім алушылар сбақ барысында орындаған, тапсырмаларына байланысты «сабаққа белсенді қатысқаны үшін», «сабақтағы белсенді жұмыстары үшін», «күшті жауап», «сен бүгін жарайсың», «солай ұста!», «керемет жұмыс!», «тамаша жұмы!», «сен бүгін ақылдысың!» деген жазулары мен смайликтер мадақтау арқылы формативті түрде бағалап отырдым.
Сабақ соңында қорытындылау арқылы «Ғажайып ағаш» атты ойынында рефлексия өткіздім.
Үш алма – жаңа тапсырманы толық меңгердім және оны іс-тәжірбиеде
үйрендім.
Екі алма – жаңа тапсырманы меңгере бастадым, бірақ әлі көмек керек.
Бір алма – толық меңгермеген, бүгінгі сабақ түсініксіз деп
көңілсізденеді – деген, өзін-өзі бағалаулар жүргіздім.
Ал сабақ соңында сабақтың қаншалықты меңгергендігін «Бағдаршам» және басбармағы арқылы көрсетті.
Қабілеті жоғары оқушыларға қала мен ауыл туралы қосымша жаңа ақпараттар табудыжоспарлап, тапсырмалар бердім.
Сабақтың барысында кері байланыс үнемі алынып отырылды, топтың көшбасшысы топқа кері байланыс беру арқылы бағалады.
Түсінбей қалған немесе толық түсінбеген білім алушыларға «Бүгінгі сабақта не қиын болды?» және «Мен қиындықты қалай жеңемін» деген тақырыптар төңірегінде сұрақтар қою арқылы олардың ойларына толық жеткіздім. Дәл осылай мен әр оқушыны өзінің бастапқы қалпы өзінің білім алуындағы қазіргі өзгерістерін көре алатындай дәрежеге жеткізуге тырыстым.
Сөз соңында айтарым біздің ұжымдағы бірлігіміз бен сапалы білімділік үшін ат салысып, біздің биіктерден көрінуімізге өз үлесін қосып, жанашыр болған мектебіміздің басшысы Әсет Әбдінәбиұлы Сатыбалдиев мырзаға ұстаздар қауымының атынан алғыс білдірігім келеді. Қиындығы мен қызығы қатар жүрген ұстаздық жолында еңбек етуден жалықпайық, әріптестер!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718