Мектеп ережелері

Оқу   мақсаты:

1.1.2.6 өзін   мектеп  оқушысы  және  сынып  ұжымының  мүшесі  ретінде  сипаттау

1.1.2.3 Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау  маңыздылығын  түсіндіру

1.1.4.3 үйдегі  қауіпсіздік  ережелерін  түсіндіру

Оқу  мақсаты:

Барлық  оқушылар: өзін  мектеп  оқушысы  және  сынып  ұжымының  мүшесі  ретінде  сезінеді

Оқушылардың  басым  бөлігі: өзін  мектеп  оқушысы  және  сынып  ұжымының  мүшесі ретінде  сезінеді,мектептегі тәртіп ережелерін сақтау  маңыздылығын  түсінеді

Кейбір  оқушылар:  өзін  мектеп  оқушысы  және  сынып  ұжымының  мүшесі  ретінде  сезінеді, мектептегі  тәртіп ережелерін сақтау  маңыздылығын  түсінеді, үйдегі  қауіпсіздік  ережелерін  сақтайды

Ресурстар:

«Жақсы  және  тамаша», «Нашар  және   жағымсыз» жазулары   бар А4 форматындағы  тақташа, А3 форматындағы  қағаз (4-6 дана), маркерлер, қима әріптер.

Тірек  сөздер

тәртіп – поведение – вehavior; ереже – правила – rules;

жауапкершілік – ответственность – responsibility.

Сабаққа  байланысты  деректі  материалдар

 

Сабаққа  қатысты  ескертпелер

Қарапайым  адамгершілік  мінез-құлық  нормалары  рулық  қоғамда  пайда  болды. Дәл  сол  рулық  құрылыста  өзара  көмек, адалдық  жәнет.б. сияқты  нормалар  қалыптасты.Мінез-құлықтың  сыртқы  формаларын  анықтайтын  ережелерді  саналы  түрде  тарату  көне  кезеңге  жатады. Бұл  уақытта  адамдарды  өзін-өзі  жақсы  ұстауға  үйрету  әрекеттері  байқалады. Орта ғасырларда  этикеттің  заңды  күші  болды  және  оның  талаптарын  бұзғаны  үшін  адам  жазаға  тартылатын. ұғымымен  айқындалады. Еңалдымен  бұл  үлкендерді  сыйлауға  қатысты. Еңқұрметті  қонақты  және  қарт  адамды  төрге (дастарқан  басындағы  құрметті  орын) шығарады. Бұл  қоғамдық  көлікте  үлкендерге  орын беру қажет  болғанда да қолданылады. Этикалық  қағидалар  жасы  жағынан  үлкен  және  кіші  адамның, әйел  және ер әдеп  сақтауы  талап  етіледі. Мысалы, жасы  кішілер  үлкен  адамның  жолын  кеспейді.

Үй тапсырмасын сұрау:

Әр топ мектеп туралы суреттерін көрсетеді, жазған эсселерін оқиды,өлеңдерін жатқа айтып береді.Үй тапсырмасын видеролик көрсете отырып бекітемін.

Жаңа сабақ:

Көрініс арқылы басталады.Бір оқушы сабаққа кешігіп келеді.Есікті тақылдатады.

  • Ия кір.
  • Саламатсыз ба ? Кешіресіз кіруге бола ма?
  • Не болды Жанеля?
  • Кешіріңізші апай ұйықтап қалаппын енді қайталанбайды.
  • Жарайды отыра ғой.

Балалар осы көріністе не сақталды және не сақталмады.

Әдептілік сақталды,  ереже сақталмады.Жарайсыңдар олай болса мына ребусты шешейік.Ребустың шешуі : « Әдептілік—тәрбие бастауы»

Балалар тәртіп бар жерде ереже болады. Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы «Мектеп ережелері»

Оқулықпен  жұмыс:

Топтық жұмыс:

Әр топ өз ережелерін постерге түсіреді, содан соң ортақ ереже шығарамыз.

Сергіту сәті: «Көңілді күн» әніне билейміз

«Адасқан әріптер» ойыны

Әр топқа әріптер салынған конверт беріледі.Әр топ өз сөздерін құрастырып, сөздерді талдайды.

Тәрбие– 3- буын, дауысты дыбыс 3,дауыссыз дыбыс 3

Ереже– 3- буын, дауысты дыбыс 3,дауыссыз дыбыс 2

Ұқыпты–  3- буын, дауысты дыбыс 3,дауыссыз дыбыс 3

Әдепті– 3- буын, дауысты дыбыс 3,дауыссыз дыбыс 3

Тәртіп  ережелері. Сабақты  жұп  болып  жұмыс  істеуден  бастауға  болады. Оқушыларға парталас  көршісімен  тәртіп  ережелері  деген не, олар не үшін  қажет, ереже  сақтамаса не болуы  мүмкін  екені  туралы  талқылауға  тапсырма  беріледі.

Тәртіп  ережелері

Жұпта  талқыла.

 

  • Тәртіп ережелері  деген не?

 

  • Тәртіп ережелері не үшін  қажет?

 

  • Ереже сақталмаса не болуы  мүмкін?

Үзілісте

  • Суреттен оқушылардың қандай  әрекетін  көріп  тұрсың?
  • Олардың қайсысы тәртіп  ережелерін  сақтайды?
  • Тағы қандай тәртіп  ережелерін  білесің?

Сабақтың  қорытындысы

Тілдік  құзыреттілікті  қалыптастыру

«Мектепке  қандай  затты  апаруға  болмайды?» тапсырмасында  заттарды  тиісті  түстерге  бояйды.

Сабақта  ауызша  сөйлеу, өзкөзқарасын  білдіру  және  пікір  таластыру  дағдылары  дамиды. Жұмыс дәптеріндегі «Мектепке  қандай  затты  апаруға  болмайды?» тапсырмасында  заттардың  атауларын  жазуға  тапсырма  беріледі.

Бекіту: « ТВ шоу» әдісімін бекітемін.

Бағалау

Оқушылар

– тәртіп  ережелері  дегеніміздің не екенін;

– олар неге арналғанын;

– жауапты болу дегеніміздің  нені  білдіретінін;

– мектепке  қандай  зат  апаруға  болмайтынын  білді.

Оқушылар

– өмірде  ережелердің  сақтаудың  маңызды  екенін  түсінді;

– сыныпта  тәртіп  ережелерін  сақтаудың  қажеттілігін  түсінді;

– өз  әрекеттері  өзіне де, өзге  адамдарға да әсер  ететінін  білді.

Бағалаудың  бір  түрі ретінде  мына  тапсырмаларды   ұсынуға  болады. Оқушылар  ұсынылған тізімнен  жүгіру, айқайлау, тыңдау, жауап беру, келекеету, итеру, кешігу, көмектесу, амандасу  етістіктерін  таңдап, оларды  тиісті  бағандарға  орналастырады.

Қорытынды  бағамдау

Қандай  екі  нәрсе  табысты  болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды  сабақтың  әркезеңінде  бағалау.

2: Дарынды  және  үлгерімі  төмен  оқушылардың  ерекшелігіне  көңіл  бөлу.

Қандай  екі  нәрсе  сабақты  жақсарта  алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың  нәтижесіне  көңіл  бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ  барысында мен сынып немесе  жекелеген оқушылар туралы  менің  келесі  сабағымды  жетілдіруге  көмектесетінін   білдім ?

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *