Маңғыстаудағы білім саласында серпіліс көп

Ақтау қаласында «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық фракциясының кезекті отырысы өтті. Оған төраға орынбасарлары, әкім орынбасары, облыстық және қалалық мәслихаттардағы фракция мүшелері, басқарма басшылары, бөлім, мемлекеттік мекеме, коммуналдық кәсіпорын, мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі орталығының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Отырыста Маңғыстау облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Нұри Тумышев төрағалық етті.

 

Күн тәртібіне екі мәселе қаралды. Мемлекеттік бағдарламалардың 2018 жылы орындалысы туралы Нури Тумышев баяндама жасады. Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап партияның бастамашыл жобаларын іске асыруға кірісті.

Мәселен, партияның бастамасымен «Балалар үшін ақысыз ІТ-сыныптар» жобасы аясында Еуропалық білім беру стандарттары бойынша қарапайым алгоритмдер жасау, бағдарламалар, WEB-сайттар, компьютерлік ойындар мен анимациялар құру дағдылары үйретілмек.

Өңірімізде 35 ІТ-сыныптары ашылып, онда 8 жас пен 16 жас аралығындағы барлығы 1136 (жоспар бойынша 1000) бала қосымша білім алып, роботехникамен айналысуда. Жоба жергілікті бюджеттен және демеушілік қаражаттардан қаржыланды. 2019 жылы осындай 50 ІТ-сынып ашылуы жоспарланып отыр.

«ІТ мамандарды дайындау» жобасы бойынша осы жылы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен жоспар бойынша 21 маман дайындау көзделген болса, іс жүзінде 53 маман дайындалды. Партияның «ІТ – орталықтар»  жобасы аясында «Yessenov University» базасында зертхана ашылып, онда  студенттер үшін лабораториялық  сабақтар, оқытушылар үшін біліктілігін арттыру курстары, бакалаврлар мен магистрлардың курстық  және дипломдық жобалау бойынша кеңестер өтуі, болашақ ІТ– мамандарды оқыту курстарының ұйымдастырылуы жоспарланып отыр.

Партияның «Рухани жаңғыру» шеңберіндегі жобалардан кітапханалар да тыс қалған жоқ. Еліміздің кітапханаларын за­манауи оқу орталығы ретінде қалыптастыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы мен  облыстық мәдениет басқармасымен бірлесіп, кітапхана қорын цифрландыруды қолға алды. Жаңа ақпараттық технология­лар кеңінен пайдаланылып, оқырмандар осы жердегі кітапханада отырып, дүниежүзіндегі кітап қорына қол жеткізуіне мүмкіндік алады.

«Қазақстан кітапханалары – білім орталықтары» партиялық жобасы аясында облыстағы 4 кітапханадан: Ақтау орталық қалалық кітапханада, Бейнеу аудандық кітапханада, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласындағы кітапханда, ағымдағы жылы қараша айының 28-күні Жаңаөзен қалалық кітапханада, барлығы 4 КОВОРКИНГ- орталығы  ашылып, жастар бос уақыттарын, іс-шараларын сонда өткізуде.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында партия тарапынан «Бизнес үшін геоақпараттандырылған онлайн сервисі» жаңа жобасы іске қосылып, қолдау тапты. Оның мақсаты: жалпы ел бойынша коммерциялық тұрғыдан ұсынылатын бос жер учаскелері туралы олардың орналасқан жерімен, инфрақұрылымға қосу шарттарымен, аукциондарға қатысу сияқты ақпараттарға қол жеткізу үшін Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесе отырып, нақты желілік кесте  құрылып, бекітілді.

Өңірлердегі мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті кеңейту аясында «Мектептердің спорт алаңдарын қайта құру» және «Мектеп асханаларын жаңғырту» жобалары бойынша 2018 жылы облыс бойынша 9 мектептің алаңы жаңар­тылып, мектеп асханасы сияқты мүлік басқарушыға сенімгерлікпен кемінде 5 жылға жалға берілетін болады. Жаңартылатын 9 спорт алаңының жетеуі Ақтау қала­сында, біреуі Жаңаөзен қала­сында болса, енді біреуі  Маңғыс­тау ауданында. Партияның мектеп асха­насына жіті көңіл аударуы­ның басты мақсаты  – мектеп оқу­шыларының дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету. Бұл жоба бойынша облыста 10 мектеп ас­ханасының құжаттары әзірлену үстінде.

Интерактивті гимнастика, салауатты тағамдану мен алғашқы көмек көрсетудің «бес минут үзілістері» – «Төменгі сынып оқушылары үшін денсаулық сабақтары» атты жобасында осы мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті кеңейту мақсатында жүргізіліп отыр.

«Үштілдікке көшу»  жобасын іске асырылуы маусым айынан басталып, балалардың жазғы демалыстары кезде, жазғы лагерьлерде басталды. Облыс бойынша 87 мектепте орналасқан оқушылардың жазғы демалыс орнында, сондай-ақ қала сыртындағы «Балдаурен», «Алау» және «Фламинго» атты Ақтау қаласындағы лагерьлер және Жаңаөзен қаласындағы «Ақбөбек» лагерінде балалар ағылшын тілін үйренуге  4800 бала мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, осы жоба аясында партия  «English for Jastar» жобаны өңдеп, ол бойынша Жаңаөзен қаласында, Бейнеу, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарында тұратын жергілікті ауыл балаларына еріктілер күшімен ағылшын тілін үйрету курстары ұйымдастырылды.  10  жергілікті еріктілер 524 баланы ағылшын тіліне оқытылды. Жалпы 500 бала оқытылу жоспарланған еді. Еріктілер барлық қажетті әдістемелік оқулықтарымен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың аяғында оқу өзінің мәресіне жетіп, ауылдың балаларын ағылшын тіліне үйреткен 10 ерікті «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының мәжіліс залында «Жас Отан» ЖҚ бастамасымен салтанатты шара өтіп, марапатталды.

Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып болған соң, баяндамашылар жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сайлауалды бағдарламаның тиісті бағыттары бойынша атқарылған жұмыстары туралы есептеріне сәйкес берілген ұсыныстар тиісті жауапты басқармалар мен мекемелерге жолданатын болды.

 

Дайындаған Кәмшат Ізбасарова

ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *