“Білімді мыңды жығар” ойыны
Тақырыбы: «Білімді мыңды жығар» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты:
Оқушылардың интелактуалдық деңгейін арттыру, жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын тудыру, білімдерін шыңдау.Өз ойын еркін жеткізуді, нақты тез шешім қабылдау дағдысын дамыту.Оқушыларды өз-өзіне сенімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Құрал жабдықтар: «Бинго» лоторея билеттері, дорбаға салынған шарлар.
Типі: Ойын түрінде
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
« Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» деп президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай ,болашақтың ұрпағы білімді болуға тиіс.
Бүгінгі «Білімді мыңды жығар» атты интеллектуальдық ойынымызға қош келдіңіздер. Бұл ойынымыз «Бинго» лотореясы түрінде өткізіледі.Бинго ойынын көріп оған қатысып жүрген оқушылар,ата-аналарың бар ма? Ендеше,алдымен сіздерге «Бинго» лотереялық билетін таратамыз. Билеттің ойынға қатысуы, оның сериясын атаңыздар. Есепшілер номерлерді белгілеп отырамыз.
Ойынның шартымен таныстырамыз.
Бинго ойынына барлығы 15 оқушы қатысады. Әр оқушыға «Бинго» билеті таратылады. Бинго лотериялық билетінде 3 амал қосымша бар. Әр амалда бес – бестен сан бар. Жалпы саны 15.
Ойында « Джек – пот» және « Бинго» бар. Қоржыннан кез келген нөмірленген шарды алып шығады, сол номерге байланысты сұрақ оқылады. Номері сәйкес оқушы сұраққа жауап береді. Егерде жауап бере алмаса басқа оқушыда сол номер бар болса сұраққа жауап береді. Кім көп сұраққа жауап берсе, онда «Джек – потқа» ие болады. Ал егерде сұраққа жауап берген саны одан аз болса, онда «Бингоға» ие болады, Егер одан төмен сұраққа жауап берсе, онда жұбаныш сыйлығын алады.
2. Көрермендермен ойын.
Барлық ойыншыларға жетон беріледі. Жеке қоржында 6 шар бар. Осы шардың бірін алатын болсақ, сол саннан аяқталатын сандар ортаға шығады. Мысалы: 02, 12, 22, 32, 42, 25, 62 кім сұраққа жауап берсе, сол оқушы кубикті лақтырады да сол номердегі сыйлықты алады.
“Бинго” ойынының сұрақтары
Ең үлкен екі таңбалы сан. (99)
Судың 3 күйі?(Сұйық,қатты,бу)
Табиғат құбылыстарына нелер жатады?(Боран,жаңбыр,аяз,қар,найзағай)
Оразадан кейін қандай діни мейрамдар бар? (Ораза айт, Құрбан айт)
Азайғышты табу үшін не істейміз?(Айырманың мәніне азайтқышты қосамыз)
Тудың авторы кім? ( Шакен Ниязбеков)
Көкжиектің негізгі тұстарын ата? (Солтүстік,оңтүстік,шығыс,батыс)
Мұз бен қар судың қай кұйіне жатады?(қатты күйі)
Ол өсімдіктің барлық мүшелерін бір-бірімен жалғастырып тұрады,онда
гүлдер,бүршіктер бекіп тұрады және топырақтан сіңірген қорегін жер үсті мүшелеріне жеткізеді,тыныс алуға қатысады.Бұл өсімдіктің қай мүшесі?(Сабақ)
Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?(Қосындының мәнінен белгілі қосылғышты азайтамыз)
Суда еритін заттарды ата? (тұз,қант,сабын,кір ұнтағы)
«Спутник» жер шарын 103 минутта айналып өтті. Ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 сағат, 43 минут)
Уақыт өлшем бірліктерін ата?(секунд,минут, сағат, күн,апта,ай,жыл,ғасыр)
Бүтінді табу үшін не істейміз?(Белгілі бөліктерді қосамыз)
Санның жүзден бір бөлігі? (пайыз)
Алтын Адам кім болған? (жауынгер)
Қай санды бөлуге болмайды? (0)
Ең қысқа қай ай? (ақпан)
Мүшел жас неше жылда қайталанады? (12 жылда)
Берілген фигуралардың қабырғаларының қосындысы? (периметр)
8+2*3 нешеге тең ( 14)
Бір жылда неше күн бар.( 365 немесе 366 )
Еліміз қай жылы тәуелсіздік алды? ( 1991 ж)
Қазақстанның қай облысы көлемі жағынан ең ауқымды болып табылады.? ( Қарағанды)
Сағат үшті көрсеткенде, оның сағатының және минутының тілдері қандай бұрыш жасайды? (тікбұрыш)
Қазақстандағы қара алтынның отаны.( Қарағанды)
Бір ағашта 12 ұя, әр ұяда 30 жұмыртқа бар.( ай, күн)
Әлемдегі ең кіші мұхит ? (Солтүстік Мұзды мұхит)
Республика күні қашан тойланады? ( 25 қазан)
Бір жылда қанша апта бар? (52 апта)
Қандай құс бейбітшілік символы болып саналады? (Көгершін)
Бурабайдың атақты шыңы қалай аталады.(Оқжетпес)
Аспазшы шұжықты төрт рет бөлгенде, неше бөлік шықты?
Кептірілген өсімдіктердің жинағы қалай аталады?(Гербарий)
Егер жылқы қоянға қарағанда аласа, ал жирафтан биік болса, онда ең биік қай жануар? (қоян биік)
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?
Үлкен Аю шоқжұлдызындағы жұлдыздар тобы қалай аталады? (Жетіқарақшы)
Қазақстанның ғылым академиясының тұңғыш президенті (Қаныш Сәтбаев)
Жұлдыздар жүйесін қалай атайды (Галактика)
Өте ежелгі жануар ( Динозавр)
Қазақстан оңтүстікте қандай елдермен шектеседі? (Қытай, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан)
Елтаңбаның авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов)
Әлемдегі ең ір құс – Африка түйеқұсы
Шаршының периметрі 44см, қабырғасы неше тең?/11см/
Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсысы? /Ажар/
3. Марапаттау
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718