Менің мектебім
Жакауова Алтын
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп өмірі. | Мектеп: №65 | |||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жакауова Алтын | |||
Кәсіби даму мақсаты: | Оқушылардың айтылым дағдысын қалыптастыру | |||
Сынып: 5 Т2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||
Сабақтың тақырыбы | Менің мектебім | |||
Білімділік | Қазақ тіліндегі нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы сөз байлығын ұлғайтудын алғышарттарын жасау
|
|||
Дамытушылық | Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы ақпараттық ұғымын кеңейту
|
|||
Тәрбиелік | Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы оқушылардың бойында әдептілік нормаларын қалыптастыру | |||
Сілтеме | Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы | |||
Сабақта қамтылатын құндылықтар | Мектеп өмірі туралы оқушылардың ойларын ашық түрде жеткізуін және мектептегі барлық заттарды, айналасындағы адамдарды, сыныптастарын, ұстаздарын құрметтеуін қалыптастырады. | |||
Жаңа сөздер | Қызғылт, күлгін, жабдықталған, жиһаз | |||
Сабақта қолданылатын материалдар | Интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі материалдар, постерлер, желімқағаздар | |||
Дереккөздер | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік | |||
Жоспар | ||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||
Басы
5 минут
5 минут
3 минут
|
Қызығушылығын арттыру.
«Ыстық алақан» тренингі. Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді Керекті сөздер: құрдастар, үзіліс, мектеп өмірі, ғимарат, оқытушы, көңіл-күй, қоңырау, алаң, сыныптастар.
Оқушылар тақырыпты анықтау үшін мектеп өмірі туралы жұмбақты шешеді. Жұмбақтың жауабын табады.
Мұғалім: – Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Оқушылар: – Мектеп туралы… Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. |
Мектеп өмірі туралы бейнебаян
|
||
Ортасы
5 минут
7 минут
5 минут
5 минут
5 минут
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында мектеп өміріне қатысты слайдты көрсетіп, сұрақтар қойылады.
– Балалар, сендер өз мектептерің жайлы не айтасыңдар? Сөздікпен жұмыс: Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстырады. Аудармасын айтады. Оларды оқиды, Оқушыларға қайталатады.
Оқушыларды «сиқырлы қорапша» әдісі арқылы топтарға бөледі. Сабақ бастамас бұрын бір-бірлеріне жылы тілектер айтады.
Мәтіналды жұмыс. Айтылым.Жазылым. Оқулықтағы бірінші тапсырманы орындатады. Суреттер бойынша әңгімелейді.
Жазылым. Дұрыс және сауатты жазуға машықтандыру үшін Екінші тапсырманы орындатады. Сын есімдерді қолданып, ұнаған суреттер бойынша шағын мәтін құра.
Тілдік бағдар. Сын есімді меңгертеді. Сын есімнің ережесі тақтада және интерактивті тақтада көрсетулі болады. Сын есімнің жасалуына қарай, құрамына қарай, мағынасына қарай түрлерін ажыратады. Мысалдар құрастырады.
Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін Үшінші тапсырманы орындатады. Мәтінді тыңдап, талқылайды.
Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін төртінші тапсырманы орындатады. Топқа бөлініп, әр топқа сұрақтар қойылады. Сұрақтарға толық, әрі нақты жауап береді. Топта талқылайды.
Сергіту сәті
Мәтінсоңы жұмыс. Жазылым. Оқулықтағы Бесінші тапсырманы орындап, постер құрайды. Тақтаға шығып, постерлерін қорғайды. Жаңа сабақты бекітеді. Сұрақтарға жауап береді.
|
|||
Сабақтың соңы
5 минут
|
Формативті Бағалау.
Рефлексия. Мына сұрақтарға жауап береді: – Бүгін не білдім? – Не білгім келеді? Үйге тапсырма: Оқулықтағы алтыншы тапсырманы орындау. Ереже қайталау. |
|||
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |