буын үндестігі
Қазақ тілі | Уақыты:10.11-09.14жыл | Кабинет:218 | Мұғалім:Г.М.Келешова | |
Сабақтың атауы | Буын үндестігі | |||
Сілтеме | Қазақ тілі оқулығының әдістемесі | |||
Сабақтың жабдығы | 1. Білімділігі: Оқушыларға түбір сөздегі дауыстылардың жуан не жіңішке болып келуіне орай оған жалғанатын қосымшалардың да жуан не жіңішке болып жалғанатынын байқату. Сауатты жазуға үйрету. 2. Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, мәтінді талдау, тапсырмалар мен сұрақтар арқылы танымдық, шығармашылық қабілетін байқау, оқулықта берілген жаттығуларды өз беттерімен орындау, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазуға үйрету арқылы ой – өрісін дамыту. 3. Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, белсенділікке, қызығушылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Сызбанұсқалар, үлестірмелер, плакаттар, мазмұнды суреттер, интерактивті тақта, оқулық т. б. Сабақтың түрі: Жаңа ұғымды түсіндіру. Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу, ойын, шығармашылық тапсырмалар, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары т. б. |
|||
Жалпы мақсаттар | ||||
Оқыту нәтижесі | ||||
Топқа бөлу | Сыныпты пазл арқылы топтарға бөлу | |||
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
Ынтымақтастық атмосферасы | Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір – біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық. | |||
Үй тапсырмасын сұрау
|
ББ кестесін толтыру | |||
Қызығушылықты ояту | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.13-жаттығу. Сөздерді буынға бөліп жаз.
Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау. Қосымша шығармашылық тапсырмалар. Үлестірмелермен жұмыс. 14-жаттығу.Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді бағанның оң жағына, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздердісол жағына көшіріп жазу. 15-жаттығу. Өлеңді оқып, жатқа жазу. 16-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. |
|||
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу |
||||
Сергіту сәті | Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді. Кездесті, міне, керегі: Екеуі қайың астынан. Біреуі терек қасынан. Қанша олар болмақ есепте, Тоқылған салса себетке? |
|||
Ой толғаныс | Жұмыс (соңғы буыны қалай үндесіп тұр?) Еңбек (соңғы буыны қалай үндесіп тұр?) 1. Буын үндестігі дегеніміз не? 2. Сіз оны қалай түсінесіз? |
|||
Үй тапсырмасы | Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау. 18-жаттығу. | Күнделіктеріне жазады | ||
Бағалау | Бағалау парақшаларын толтыру. |
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718