Қыздар жиналысы. Тақырыбы: «Үлгілі үйдің қыздары»
Казиева Анаргул Мендешевна
Мақсаты: қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз бала гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету; өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру; қызарды инабатты қыз болып өсуге баулу.
Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.
Мақал
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Жеке бас тазалығының ережелері:
– Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;
– Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;
– Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;
– Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;
– Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл бөл;
– Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып, теріс айналып түшкір немесе жөтел;
– Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;
– Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу, түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан келеді;
– Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген болсын;
– Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;
– Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;
– Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;
– Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;
– Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;
– Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;
– Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына дереу қой;
– Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киім ілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718