ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУҒА ЖАҢА СЕРПІЛІС
ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУҒА ЖАҢА СЕРПІЛІС
Альханова Светлана Владимировна
Пушкин негізгі орта мектебі
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Алғабас ауылы
Елімізде жаңа білім беру парагдигмасына сүйене отырып, нәтижеге бағытталған білім беруде, әлемдік білім беру кеңістігімен кіріктірілген және қоғам мен жеке тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыратын, бәсекеге қабілетті ұлттық білім моделін қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Үздіксіз білім алу мәселесі осы заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың, саяси және әлеуметтік экономикалық өзгерістердің әсерінен туындаған мәселе. Қазіргі білім беру саласында ақпараттық технологиялардың еңгізілуі жыл сайын кешенді сипат алуда. Оқушыларға үздіксіз білім беру жұмысын ұйымдастыру барысында ақпараттық технологияларды пайдалану басты мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Үздіксіз білім беру жолында ұстаз өзін-өзі қалай танытады? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Үздіксіз білім беру процессінде ұстаз талмай еңбек ету керек деп ойлаймын.
Қазіргі таңда оқу жүйесі оқытушы рөлінің өзгеруіне себепші болып отыр. Дәстүрлі білім жүйесінде оқытушының міндеті білім алушыға ақпаратты түсінікті түрде жеткізіп, ақпараттық-репродуктивті оқыту тәсілін пайдалану болса, ал үздіксіз білім беруде барлық топ үшін ендігі оқытушы жұмысы – білім алушылармен бірігіп әрекет ету тәсілімен оқыту үрдісін ұйымдастыру, кеңес беру, білім алу ісін тікелей басқаруға көмектесу болып табылады. Ал, білім алушы өзінің өмірлік жоспарымен мақсаттарын іске асыру үшін қандай ақпарат қажет екенін және сол ақпаратты қайдан,қалай алу керектігін өзі шешеді де, оқытушы оған тек көмек көрсетіп, бағыт-бағдар беріп отырады. Мектеп қабырғасындағы оқушылардың алған білімдері жоғарғы оқу орындарындағы кәсіптік дайындық – маманның өз жұмысына деген шеберлігін қалыптастыруға үлкен ықпалын тигізеді. Жоғарғы оқу орындарында студенттердің өзіндік ізденістері үздіксіз білім берудің бір бөлігі. Кәсіптік білім – әрбір жанның қызмет саласында өз шеберлігін жетілдіруі, білімін шыңдап отыруы. Сондықтан ол өмір бойы үздіксіз жүргізуі тиіс.
Егер білім жүйесін жобалау барысында, адамзаттың мәдени байлықтарына әрбір жеке тұлға өзінің субьективті қажеттілігі ретінде қарайтын болса, сонда ғана білімнің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Ендеше, үздіксіз білім жеке адамның қабілетіне, бұрынғы алған мамандығына, білім деңгейіне қарамай-ақ жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты толық дамуына ұмтылуы деп бағаласақ, онда жеке тұлға үшін білім алу процесі тоқталу мүмкін емес.
Үздіксіз білім алу нәтижесінде білім алушы бірқатар мүмкіндіктерге ие болады: педагогикалық, өз бетімен білім алу мүмкіндігі, сапалы білімге қол жеткізуі, білім алушының танымдық ой-өрісінің дамуы. Қызмет саласында әрбір жанның өз шеберлігін жетілдіруі. Өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай жасауы.
Үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі құралы – виртуалды білім кеңістігін құрауға мүмкіндік беріп отырған Интернет жүйесі. Қазіргі кезде көптеген аналитектердің айтуынша Интернет – ең арзан оқыту құралы болып табылады. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында оқушылар, студенттер телекоммуникациялық жүйені қолдана отырып, электрондық пошта арқылы түрлі конференцияларға қатыса алады.
Қоғамды ақпараттандыру жағдайында, қоғамның әрбір мүшесінің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда үздіксіз білім беру жүйесінің маңызы зор. Үздіксіз білім алу нәтижесінде әр салада әмбебап қызмет ете алатын, білікті, білімді, рухани бай өз мүмкіндігін жан-жақты көрсете алатын тұлға қалыптасады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718