Балаларды адамгершілік-отансүйгіштік қасиетке туған жері Атыраумен терең таныстыратын «Шаңырақ» бағдарламасы

 

 

Утебалиева Алтынгүл       Садырова Шынар        Хосжанова Малика

Шарипқызы                  Файзоллақызы               Хабезқызы

№1 МДАГ директоры      №1 МДАГ әдіскері        №1 МДАГ  тәрбиешісі

 

 

Еліміздің дербес, толық қанды ел, егеменді мемлекет болуы, халқымыздың ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері – Отаны үшін күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына тән мақсат – мұраты бар. Мұрат – алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат немесе мұрат – ол, болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың көрсеткіші –  идеал.

Осы тұрғыдан, Қазақстан халқының мұраты: еркін халық болу; өзгелермен терезесі тең мемлекет болу; өз ішінде береке-бірлік пен ынтымақ орнаған халық болу. Бұл мұратты жүзеге асырудың негізгі шарты – әрбір Қазақстан азаматының қатардағы қоғам мүшесі деңгейінен мемлекеттің саналы әрі белсенді азаматы әрі өз Отанының, халқының нағыз патриоты дәрежесіне көтерілуі.

 

 

Отансүйгіштік және рухани – адамгершілік тәрбие мектепке дейінгі білім беру сапасын көтерудің кепілі-жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа Отансүйгіштік және адамгершілік – рухани тәрбие мектепке дейінгі білім беру сапасын көтерудің кепілі болып табылады.

Халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар үлкен роль атқарады. Рухани – адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.

Рухани адамгершілік тәрбие – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым – қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез – құлқымен іс – әрекетін анықтайды.

Біздің мақсатымыз-әрбір баланың өзіндік мүмкіндігіне қарай  толық жан-жақты  дамуы үшін оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге   жағдай жасау.

Қазіргі мезгілде өзекті мәселелердің бірі-адамгершілік  тәрбие мәселесіне көңіл бөлу.Тәрбие дені сау, ұлттық  сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында  басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеуге негізделеді десек, Отансүйгіштік  тәрбиенің маңыздылығы  қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңы”, 2011-2020 жылдарға арналған  Білім беруді дамыту мемлекеттік  бағдарламасы “Ұлттық мұра” бағдарламасында атап көрсетілген.

Қазақтың ғұламасы  Ахмет  Байтұрсынов: “Отан -өткенімізді  танып, бағалай білу, ең әуелі өзімізді қадірлей білу” дегендей Қазақстанда  тұратын әрбір қазақстандық  туған жерінің тарихын, әдебиеті мен мәдениетін , ең бастысы адамын қадірлеп, өткенін сыйлай, бүгінгісін  сезіне келешегін қорғай білгені абзал.  Өзінің туған жерінің аты  несімен әйгілі, туған топырағынан атақты  кімдер шыққанын білуі қажет деп ойлаймын. Біз болашағымызды  ертеңгі күннен емес,  өткеннен  Атыраулық  батырлардан, Атырау  тарихынан іздеу керек деп білемін. «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол–Мәңгілік Ел идеясы»-деп  елбасы жолдауында айтылған  «Мәңгілік ел» идеясының тарихтан бастау алатындығы дәлел.     Біздің бастаған жұмыстың бағыты туған өлкесі туралы білім беру, тарихы мен символикасы, көркем жерлері мен табиғаты, өндіріс орындары, олардың пайдасы және туған  жердің атағын асқақтатқан  адамдармен  таныстыру болатын. Гимназияның шығармашылық құрамы   соңғы кездегі қоғамды  толғандырған мәселе тақырыбын  таңдап, қажеттілігін сараптап, жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындап,  жобаланған іс-әрекеттің  мазмұнын сипаттай келе  балаларды  адамгершілік- отансүйгіштік қасиетке тәрбиелеу жұмысының  жоспарын құрды.  Гимназияда балаларды ерте жастан адамгершілік қасиетке тәрбиелеу мәселесіне үлкен мән беріліп, Атыраумен терең таныстыра тәрбиелейтін «Шаңырақ» авторлық бағдарламасы аясында жұмыс жүргізілді.

 

 

 

 

Біз жұмыс бастамас бұрын  ата-аналар арасында анықтамалық сұрақтар беріп, біздің бастайтын  жұмысымыздың бағыты туралы және туған өлке туралы білімдерін тексеріп, олардың арасында  жастар жағының  туған  өңірі жайлы білімдерінің төмендігі бізді қынжылтты. «Отан отбасынан басталады» дегендей отбасының үлкендерінде өткен тарихтан хабары болмаса, олардың ұрпағынан не күтеміз? Сондықтан балалар мен ата-аналар бірлескен осы бағыттағы жұмысты қолға алдық.

 

 

Бағдарлама бойынша  ата-аналар мен педагогтар арасында кеңестер өткізілді.  «Атырау қаласының көрікті  жерлері», Мешітке саяхат , Жайық өзені  және табиғаты, Өлкетану мұражайына т.б  мақсатты серуендер ұйымдастырылды .

№3 мектеп, мұражай, кітапханалармен  байланыс орнату жолдарын  қарастырдық . Ата-аналар мен  тәрбиешілерге  Атырау өңірі туралы  мәліметтер мен кеңестер  беріліп , мұражай жасақтауға  бағыт көрсетілді.

Гимназия ғимаратында ата-аналар көмегімен “Өлкетану” шағын  мұражайы  және эксперимент жүргізілетін  топ балаларына арналған дамытушы орта жасақталды.

Бұл жұмысқа ата-аналар тарапынан көптеген көмек көрсетілді. Атап айтқанда: жапсырма газет сайысында “Менің  туған өлкем”, “Біздің көше”  тақырыбында қаладағы көрікті нысандар макеттерін жасап және түрлі тақырыпта балаларымен бірігіп жоба қорғаған болатын. Біздің бақылауымызша ата-аналарға  жобамен жұмыс жасау қатты ұнаған сияқты.  Осы  жұмыстың  жаңашыл үдерісінің  тәжірибелік  жоба тәсілі  педагогтарға да,  балаларға да  тиімді  болды. Осы жұмыстың  қызықты кезеңі жобаларды қорғау әр ата-ана, педагогтар үшін өте маңызды болды. Өз жобаларын барлық күш жұмсап, қызықты да тартымды етіп, көпшілікке ұсынды.  Бала  мен ата-ананың бірлесіп жұмыс жасауы олардың бір-бірін түсінуіне, қарым-қатынастарын нығайтуға септігін  тигізді.

 

Ғылыми – педагогикалық, психологиялық  балабақшадағы  іс-тәжірибелерін зерттеп бақылау нәтижесінде балабақшадағы балалардың  адамгершілікке  тәрбиелеудің  бағыттары төмендегідей мәселелерді көздейді: педагогикалық практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде баланың  жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әртүрлі пәндерді оқытуда  және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты  ұлттық тәжірибелер  мен жаңа идеяларды үнемі  іс жүзінде  қолдану жолдарына көмектесу керек.

Жобамен жұмыс жасау менің ойымша баланың шығармашылық қабілетін ерікті де еркін түрде дамыту болса,  сонымен қатар танымдық- зерттеушілік қасиеттерін осы бағытта жетілдіріп, Атыраудың атақты адамдары- мұнайшы, балықшы,  жергілікті сазгер,  күйшілермен   ұйымдастырылған кездесулермен толықтырды .

 

Біздің пікірімізше жаңашыл-шығармашылық бағыттағы жұмыс жоспарлы түрде құрылғанда ғана нәтижесін бермек.  Ата-аналарды ортаға тартудың,мектеппен сабақтастық орнатуға балаға жатық тілмен жеткізу технологиясы   қолданылған авторлық “Шаңырақ” бағдарламасы қазіргі таңда ұлттық кітапхана қорына енді. Аталған тәжірибе қала облыс және респубика көлеміндегі газет, журналдар және ақпараттық телехабарлар арқылы және  Тараз қаласында өткен «Білім берудегі  интеграция және инновациялар» атты Республикалық  ғылыми- практикалық  конференциясында, Ақтөбе қаласындағы  «Мектепке дейінгі  ұйымда оқу-тәрбиелік процесті инновациялық негізде ұйымдастыру» тақырыбындағы өлкелік семинарда таныстырылып, біздің іс-тәжірибеміз  таратылуда.  Берілген бағдарлама маңыздылығы тек қана қалалық мектепке дейінгі білімінің дамуында ғана емес,Атырау өңіріне таратылатындай Батыс Қазақстанның қазақ ұрпағын жаңаша тәрбиелеуде маңызды жетекшілік ететіні сөзсіз.

 

 

Адамзаттың  парызы- туған  жерін  гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан- ұрпаққа   жеткізу.   Ата-  бабамыз  ұрпағым  осы  жерде   еркін  өссін  деп, келген жауға   таптатпай,  босағадан  аттатпай, Отаны   үшін  айқасып  қаны   төгілген   жер. Сол   үшін   де   біз   жерімізді  қасиетті  санаймыз.

Ұлы   ағартушы, халқымыздың рухани  көсемі   Ахмет   Байтұрсынов: «Балам  деген  жұрт болмаса, жұртым  дейтін  бала  қайдан өссін » деген екен. Біз  балаға   тек  перзентіміз  деп  емес,  еліміздің  ертеңі,  нұрлы   болашағы   деп  қарауымыз керек. Мұхаммед  Пайғамбарымыз: «Жастық  шақта  алған  білім-  тасқа  ойылған  нақыш»  деген екен.  Біз  балаларды  мектепке дейінгі тәрбиемен  және оқытумен қамтамасыз ету нәтижесінде  бала бойына ерте жастан  ұлттық  құндылықты  бойына сіңіртуде  туған өлкесімен таныстырып,   осы эксперимент жұмысына қатысқан балалардың  бойына  құнды  қасиетті  қалыптастырдық деп ойлаймын. Ертеңгі күні  осы біз тәрбиелеген балалар  туған жердің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары  болатынына сеніміміз мол. Егерде ұлттық құндылықтарымызды сақтаймыз десек бала  тәрбиесіне осы бастан баса назар аударғанымыз жөн. Өз ойымызды шыңдап, жаңаша ізденіп, ұрпағымызға үлгі болып,  осындай бағдарламаларды  көбейтсек сонда ғана балаларымыздың бойында туған жерге, туған елге, оның ақжарма адамдарына деген перзенттік сезім лебі еседі деп ойлаймын. «Шаңырақ» авторлық бағдарламасының бағыты және  жүргізген жұмыстары мектепке дейінгі мекемелерге тура жолды сіздерге нұсқайды  деген қорытындыдамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *