Заманауи білім кеңістігі және тұлғаның дамуы
Еліміздің тәуелсіздік алып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық құндылықтарымызды және ұлттық мәдениетімізді өскелең ұрпаққа танытуға жағдай туғызды. Әлемдік білім кеңістігінен лайықты орын алу үшін бүгінгі және болашақ жастарда тіліміз бен әдебиетіміздің пайда, қалыптасуы, дамуы туралы түсінік қалыптастыру міндеті тұр. Өркениеті дамыған елу елдің қатарынан көрінудің бір өлшемі ретінде қаралатын білім беру жүйесінің жаңа технологияларымен қамтамасыз етілуі рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған білімді жеке тұлғаны тәрбиелеумен байланысты.
Әрбір Қазақстандықтың үш тілді болып білуіне арналған тіл саясатына сәйкес, сол үдірістің өзегі болып табылатын мемлекеттік тілді оқыту үдерісін жетілдіруді қажет етеді.
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» тәрбие беру мен оқытудың негізгі бағыттарын айқындап, болашақ жастардың жеке тұлға ретінде дамуын және терең білім мен кәсіби дағдыны қалыптастырудың негізгі іс-шараларын айқындады. Елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл, дұрыс шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл адамдар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жеке адами қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда мысалы әдебиет сабағында [дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кетесі арқылы көрсетуге болады]
1- кесте. Дәстүрлі сабақтар
Мұғалімнің әдістері | Оқушының іс-әрекеті |
Тақырыпты түсіндіреді | Мазмұнын айтып береді |
Кейіпкерге мінездеме береді | Кейіпкерлер туралы айтып береді |
Мәтіннің идеясын анықтайды | Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады |
Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді | Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптеріне жазады |
Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады | Шығарма жазады |
Сабақты қорыту сұрақтар жалпы қойылады | Жауап береді |
2– кесте. RWCT сабақтары
Топқа бөліп, ой қозғайды | Ұжыммен жұмыс жасайды |
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды | Мәтінмен танысады |
Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады | Әртүрлі әдістер арқылы мәтіндді зерттейді |
Кейіпкерлердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды | Жеке кейіпкерлерді талдайды, өзін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады |
Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды | Әртүрлі әдістер ақылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды |
Өз ойларын жазуды ұсынады | Ойын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді |
Ойларын қорытуға бағыттайды | Өз тұжырымдамасын жасайды |
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмауы керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ, әртүрлі әдіс- тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. Тиімді оқутыдың негізгі бір шарты – білім мазмұнын дәл тиянақты анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне қарай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету.
Қазіргі кезеннің ерекшеліктерінің бірі жеке тұлғаның көзқарастары мен болмысына көніл бөлу, яғни, оқушылардың білімді өздігігінен игеруіне жағдай жасау, оқушы пікірін бағалау, оқушыны тындай білу.
Білім беру оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үрдісі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат – жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой – толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру; мұғалімнің оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы; оқыту кезінде білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы екендігі, оқушылардың оқуға деген ынтасын күшейту, өз дербестігін дамыту. Қазіргі мұғалім – сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы, әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беруші, жауаптарын, пікірлерін мұқият тындап, бағалаушы.
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар-ынтымақтастық, өзара сыйластық қасиеттер. Бұл технологияның тағы бір маңызды ерекшелігі – оқушыларды жақсы, жаман, нашар деп бөлмей, барлық шәкірттердің үйренуі үшін қолайлы жағдай туғызу. Нашар оқушылардың да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін боларлықтай дәрежеге дейін дамыта алады.
Педагогтің міндеті – әр баланың дамуына, ашылуына мүмкіндік туғызу. Дамыта оқыту тұлғаның даму заңдылықтарын ескеріп, деңгейі мен ерекшеліктеріне икемделеді. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үдерісі кезінде жүзеге асады.
Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді. Сол себепті, балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.
Білім беру бағдарламасында қазақ тілі пәнінің берілу жайы өзгеше. Бағдарлама оқушының 4 тілдік дағдысын: (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында « Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір- бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.
Бүгінгі таңда Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесінде қолданылып жүрген оқу бағдарламасының алға қойған мақсаты айқын, бағдары жүйелі. Бұл бағдарлама оқытуды ізгілендіру, өзін-өзі дамытып, тәрбиелей білетін, заман ағымына ілесі алатын кәсіби, білікті, жан- жақты жеке тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Оқушылардың кәсіби білім сапасын арттырумен бірге өз қабілетіне қарап, өзін- өзі дамыта отырып, өзіне сын көзбен қарауға мүмкіндік береді. Танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілетін дамытады . Оқушының сабақты меңгергендігін немесе меңгере алмағандығын біліп отыру үшін оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыстың да маңызы өте зор. Сабақ соңында үнемі кері байланыс жасап, келесі сабақтарды сол арқылы қайтадан түсінік жұмыстары жүргізіліп отырса, оқушыда кем- кетік қалған жерлері толықтырылып, сынығы бүтінделеді деп ойлаймын.
Мектептерде білімді ұстаздар болмайынша, білімді шәкірттер болмайды.
Жаңа бағдарламаның жаңа әдіс – тәсілдері арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардыңойлауына және қиялына негізделіп, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдерді пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы тауып, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты дамытып, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру мұғалімнің міндеті.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға білім мен тәрбие беру. Сабақтағы басты тұлға – мұғалім. Сондықтан сабақтың сапасы, ең алдымен, мұғалімнің теориялық біліміне, әдістемелік шеберлігіне байланысты. Яғни, мұғалім сабақ механизмін:сабақтың мақсатын, оған қойылатын дидактикалық ұстанымдарды, құрылымдық элементтерін, түрлерін, бағдарламаны, оқулық құрылымын, жоспардың түрлерін жақсы білу қажет.
Мұғалім сабаққа дайындалған кезде оның алдында [ «Не үшін оқытамын?», «Нені оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?», «Ненің көмегімен оқыту керек?», «Нәтижені қалай тексеріп көруге болады?» деген сұрақтар тұрады. Бұл сұрақтардың барлығы сабақ жоспарынан орын алады:]
3- кесте. Сабақ жоспары.
Сабақ жоспары |
Бағалау:
Нәтижені қалай тексеріп көруге болады?
|
Мақсаты мен міндеті:
Не үшін оқыту және нені білу керек? |
Мазмұны:
Нені оқыту керек?
|
Құралдары:
Ненің көмегімен оқыту керек?
|
Төменде « Тілдік жүйелілік » мақсатында жасалған жаңартылған оқу жоспарынан табуға болатын сипаттамалар берілген;
*тілді оқыту мақсатының ауқымын нақты айқындау;
*бағалауды реттеу;
*тиімді оқыту тәсілдері;
*модульдік оқыту технологиясының элементтерін,ойын түрлерін қолдану;
*педогогикалық тәсілдерді қолдану;
Өз сабағымда қолданылатын негізгі әдістер ол дидактикалық әдістер оның ішінде түсіндірмелі – иллюстрациялық әдіс, проблемалық әдіс, ішінара-іздестіру немесе эвристикалық әдіс. Әдістемелік тақырыбым: «Ойын арқылы оқыту технологиясы бойынша жан- жақты дамыған, сыни көзқарасы қалыптасқан шығармашыл, жеке тұлға қалыптастыру»
Қазақ тілін оқытуда қолданылатын ойындар: қатысымдық ойындар, топтық ойындар, жағдаяттық ойындар, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар.
Топтық ойын. «Өрмекші» ойыны. Сынып оқушылары екі-үш топқа бөлінеді. Кеуделеріне 1,2,3 деген белгілері тағылады. Алдымен отырған үстелден ІІІ деңгей сұрақтары мен тапсырмаларына дайындалып, үлгергендерінше жауап жазып қалдырады. Белгілі бір уақытта 1-үстелдің тапсырмасын орындап болған соң, келесі үстелге барып, сұрақтарға жоғарғыдай жауап жазып қалдырады, осылай сабақ барысында2-3 үстелді айналып, сұрақтарға жауап береді. Әр үстелдегі тапсырманы орындауға белгілі бір уақыт беріледі. Ойын соңында мұғалім жазылған парақшаларды жинап алып, тексереді, оқушылар білімін бағалайды. Әрбір дұрыс жауапты 10 ұпаймен бағалауға болады. Ең көп ұпай жинаған оқушылар анықталып, марапатталады.
Рөлдік ойын. «Алтын балық» ойыны – қатысушылар жұп болып жұмыс істейді. «А» қатысушысы – алтын балық, «Б» қатысушысы оған 3 тілегін тілейді. Мақсат алтын балықты тілектерді орындауға көндіру. Балық сұрақтар береді. Қатысушылар рөлмен ауысады.
№ 1 « Ыстық орындық»
қ | ы | з | а | н | а | қ |
ы | с | ш | л | е | й | и |
з | ү | и | м | т | р | я |
ы | т | е | а | н | а | р |
л | и | м | о | н | н | ж |
ш | а | б | д | а | л | ы |
а | л | м | ұ | р | т | л |
№2 « Жасырын сөздерді тап»
Блиц-сұрақтар:
1. Атың кім?
- Неше жастасың?
- Қай көшеде тұрасың?
- Үйдің нөмірі неше?
- Пәтерің неше бөлмелі?
- Өз бөлмең бар ма?
- Бөлменде не бар?
- Бөлмедегі ең ұнататын зат қай зат?
- Оны саған кім сыйлады?
10.Сүйікті затыңды досыңа сыйлайсың ба?
11.Неліктен?
Бұндай сұрақтарды мұғалім өзінің өнер тапқыштығына байланысты кез келген тақырыпта ойлап табуға болады. Бірақ тапсырманы міндетті түрде оңайдан күрделіге көшу әдісімен орындату қажет. Мақсаты: Осы секілді жедел сұрақтар қою арқылы оқушыларды тез арада жауап беріп, ойын жүйелеп, нақты жауап беруге, бастысы ауызша сөйлеуге бағыт беру. Жеңіл сұрақтардан күрделі сұрақтарға көшу арқылы оқушылардың бойында өзіне деген сенімділікті туғызу, тілді үйренуге талпындыру. Нәтиже: Оқушы бұл секілді тосын сұрақтарға жауап бере отырып, еріксіз, қызыға тапсырманы орындауға белсене кірісіп кеткенін байқамай да қалады. Оңайдан күрделіге көшу әдісі арқылы ол өзінің әр жауабына марқайып, одан әрі жауап беруге құлшысы артады.
Мұғалім де, оқушы да сыни тұрғыдан ойларын дамытып, оқыту әдістерін пайдалана білсе, оқыту тиімді, әрі жемісті болады деймін. Ойымды қорытындылай келе мұғалім мен оқушы ынтымақтастық, сыйластық, достық қарым – қатынаста болып, аянбай еңбек етсе дарынды, қабілетті, көшбасшы бола алатын, өзіне нық сенімді дербес тұлға қалыптасатынына сенемін.
Әдебиеттер тізімі
- Білім және ғылым. Энциклопедиялық сөздік.
- Қазақстан Республикасы « Білім туралы заңы» – Астана, 2007
- «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті». Оқу бағдарламасы. – Астана 2013
- «Қазақ тілі» журналдары.
- Педагогика. – Алматы, 2004
- Оқушылардың танымдық іс – әрекетін қалыптастыру. Оқу- әдістемелік құрал
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718