Өзіңді сүзгіден өткіз!

Ел таныған ғұламаға бір кісі келіп: «Сіз бір шәкіртіңіздің не деп жүргенін білесіз бе?” – дейді. Сонда ғұлама: “Біреудің айтқан сөзін жеткізбес бұрын оны мынадай үш қабат сүзгіден өткізіп алғаның жөн: Алғашқысы – шындық. Соған салар болсақ, айтпақ сөзіңнің рас екеніне көзің толық жете ме?» – дейді. Әлгі кісі: «Шынымды айтсам, өз аузынан естімедім» – дейді. – Онда екінші сүзгіден өткізейік. Ол – жақсы сөз деп аталады. Айтатын хабарың жақсы сөз бе еді? – деп сұрайды. Ол кісі: «Жоқ, керісінше болатын» – дейді күмілжіп. – Онда үшінші сүзгіден өткізіп көрелік. Мүмкін бұл сынақтан өтерсің!? Ол – пайдалылық деп аталады. Ал енді мына хабарыңның маған қаншалықты пайдасы бар? – деп сұрайды. Әлгі кісі қатты қысылып: «Пайда бермейтін әңгіме еді» – дейді жерге қараған күйі. Сонда ғұлама: «Өзі сенімсіз болса, әрі жағымсыз әңгіме болып, маған түк пайда келтірмесе оны маған қай жақсылық ойлап жеткізгің келді?!» – деген екен. Бұл бәрімізге керек сүзгі екен!!! www.asylarna.kz]]>

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *